Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы №496 бұйрығына 2-қосымша



бет3/3
Дата27.04.2022
өлшемі29,77 Kb.
#32511
1   2   3
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
13. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» – сынып, «2.1» – негізгі дағдылар, «1» – оқу мақсатының реті.

14. Оқу мақсаттары күтілетін нәтиже түрінде айқындалған:




Тыңдалым мен айтылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалым материалы арқылы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.1.1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.2 Тыңдаған материалды мазмұндау

1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3 Оқиғаны болжау

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

1.4 Коммуникативтік қатынаста тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.1.4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;

1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу



1.6 Тыңдаған материал бойынша өз ойын айту

1.1.6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру

1.7 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1.8 Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес айту

1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

Оқылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану

2.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтау

1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасықарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату

2.5 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру

1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру

2.6 Мәтіннің жанрын анықтау

1.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

2.7 Түрлі дереккөздерден қажет ақпаратты алу

1.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу

2.8 Дыбыс пен әріпті тану, ажырату


1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну

Жазылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

3.1 Жоспар құру

1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру

1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру



3.2 Оқылым, тыңдалым материалының мазмұнын жазу

1.3.2.1 мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу

3.4 Түрлі мәтіндер құрау

1.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу

3.5 Қатені табу, түзету

1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету

3.6 Көркем жазу талаптарын сақтау

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Тілдік норманың қолданысы

4.1 Орфографиялық дағдылар

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу

1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу

1.4.1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су аттары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау

4.2 Грамматикалық дағдылар

1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

4.3 Пунктуациялық дағдылар

1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

15. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Ана тілі»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

16. Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің

1-сыныбына арналған

«Ана тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған

«Ана тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың

ұзақмерзімді жоспары

(оқыту қазақ тілінде)


Кезең

Тыңдалым мен айтылым

Оқылым

Жазылым


Тілдік норманың қолданысы

3-тоқсан

Әліппеден кейінгі кезең

1.1.1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну;

1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;

1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;

1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;

1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау




1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;

1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;

1.2.4.1* мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес, мағынасы қарама-қарсы, айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату;

1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;

1.2.7.1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу

1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну



1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру;

1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;

1.3.2.1* мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу;

1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;

1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қ(атені түзету;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу




1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;

1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу;

1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою


4-тоқсан

Әліппеден кейінгі кезең

1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;

1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;

1.1.6.1 тыңдалым материалына өз ойын білдіру;

1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту



1.2.1.2 оқу түрлерін (тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;

1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;

1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату;

1.2.7.1* мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу



1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру;

1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;

1.3.2.1* мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу;

1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;

1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу




1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;

1.4.1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау;

1.4.2.1* заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

Ескерту:


- білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып, әр сабаққа 3-4 оқу мақсаты, оның ішінде біреуі жетекші мақсат ретінде алынады;

- «*» белгісімен көрсетілген оқу мақсатының бөлігін таңдап жүзеге асыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет