36
а) вестибулярлық: "жұмыртқа" жаттықтырғышта айналу, әткеншекте
тербелу, батутта секіру. Баламен тікелей дене байланысын қамтитын ойын-
дарды қолдануға болмайды (қолынан ұстап, айналдыру және т. б.);
б) проприоцептивті: модульдерге өрмелеу, сенсорлық (толтырғыштары
бар ауыр) көрпемен жабу, тығыз қысқыштар қарастырылған қараңғы жабық
жерге (арнайы жасалған "ін", бөшке, жұмсақ цилиндр) кіру және болу.
сондай-ақ, біз баламен дене байланысында болудан аулақ боламыз.
в) тактильді: сусымалы, құрылымданбаған материалмен ойындар,
әртүрлі бітім беттеріне тию және т. б.
Баланың қалаған әрекеті заттармен ойнау болуы мүмкін: заттарды ша-
шырату, сенсорлық әсерлер алу, қатарға қою және т. б.
Озбырлық немесе өзіне-өзі озбырлық кезінде, егер бала соққының
күшін бақыласа, өзін аямаса, психолог оның мінез-құлқын қайталауды
жалғастырады. ауыр және қауіпті озбырлық және/немесе өзіне-өзі озбырлық
жасаған және білінген жағдайда баланың өзіне де, басқа ересек адамға да
зиян тигізбеуі үшін баланы артқы жағынан ұстау ұсынылады. Озбырлық/
өзіне-өзі озбырлық реакциясы әлсірей бастағанын сезгенше, оны мықтап
ұстаңыз. Озбырлық/ өзіне-өзі озбырлықты түзетудің осы тәсілі кезінде ба-
ламен қандай да бір қатынастарға (вербалды және вербальды емес) бармау
керек. Озбырлық/ өзіне-өзі озбырлық кезінде араласудың осы әдісін ата-
аналармен алдын-ала талқылау және оған келісім алу маңызды.
Үзіліс кезінде психологтың мінез-құлқына қойылатын жалпы талап:
- баламен тікелей байланыста болудан аулақ болу;
- оған баланы тыныштандыруға, демалуға, ойын әрекеттерінен жағымды
сезімдер алуға, жайлылық пен сергітуге мүмкіндік беру.
- сенсорлық жүктемені мөлшерлеу: әр түрлі сенсорлық ынталандыру
кезінде баланы шамадан тыс (қалжырау немесе өршуді ескерту) жүктемеу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: