Реминесценция- алғаш есте қалдырған материалды кешігіп еске түсіру.
Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
Ресми топ – бұйрық, жарлық, штат кестесі және тағы басқа ресми құжаттар негізінде құрылады. Ресми топ заңдық тұрғыдағы статусы бар, мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық.
Ретикулярлық формация- импульстерді таратып, тежеп, күшейтіп, оларды ми қыртысына жіберіп отыратын нерв ткані
Референттік топ - нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық; индивид онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады.
Рефлекс - организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакция. Пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріліп, бұған ол да қозу арқылы жауап береді, қозу эфференттік жүйкелер арқылы әр түрлі органдарға беріледі. Рефлекс терминінің ғылыми мағынасын ағылшын ғалымы Т.Виллис пен чех ғалымы И.Прохазки негіздегенімен, ми қызметінің рефлекторлық қағидасын олардан бұрын француз философы Р.Декарт анықтады. Рефлекстің шартты және шартсыз болып бөлінеді. И.П.Павлов шартты рефлекстің жойылатынын және қайта қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеп берді.
Рецепторлар– жүйкенің қозу барысында энергияның қуатын тасымалдайтын талдағыш, сезімтал жүйке ұштары. Рецепторлар сезімтал жүйке ұштары ретінде сырттай әсер ететін энергияны қабылдайтын, түрлендіретін және оны жүйке орталығына бағыттайтын динамикалық, икемді функциялық құрылым.
Рухани қажеттіліктер- адамның жеке тұлғалық шығармашылық-тәлімдік және мәдени-әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық. Рухани қажеттіліктер жеке адамның өз мақсат мұратына жеткізетін саналы іс-әрекеттің бағдары мен жиынтығын көрсетеді, адамның өмірін тұтастыратын және заман талабымен ұштастыратын идеялық және әлеуметтік әрекеттердің саналы, субъективтік арнасы.