Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет23/73
Дата22.12.2023
өлшемі234,1 Kb.
#142846
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ Ïàâëîäàð ìåì

Сенсибилизация - тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.
Симпатия - адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, көмектесуге дайын тұрудан және тағы басқа ізгі ниеттерден көрінеді.
Синестезия - тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуін тітіркендіргіштерде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән түйсіктердің пайда болуы.
Сипай сезу түйсіктері - заттардың теріге үйкелуінің нәтижесінде олардың тегіс, кедір-бұдыр, жұмсақ немесе қатты, құрақ не дымқыл екенін және тағы басқа қасиеттерін түйсіну.
Сот психологиясы - сот ісін жүргізуге қатысты судьялардың, тергеушілердің және құқық қорғау органдары мен адвокатураның басқа да қызметкерлердің психологиясын, олардың кәсіптік қызметінің психологиялық мазмұнын, іріктеу және оқыту әдістері, айыптаушылардың, куәлардың, жәбірленушілердің психологиясын, тергеушілік және сот іс-әрекетінің мәселелерін зерттейтін сала.
Социометрия - шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Дж.Морено ұсынды. Социометриядағы негізгі тәсіл - арнайы сауалнамадағы сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға (графикте топ мүшелерінің таңдаулары бағдаршамен көрсетіледі) немесе социоматрицаға (топтың әрбір мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.


Сөздік-логикалық ойлау - міндеттерді шешу құралы ретінде сөздік

23

абстракция және логикалық пікірді қызмет ететін, ойлау процесінің түрі. Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады.
Сөйлеу - адамдардың ақпарттарды тарату және сақтау, өңдеудегі жазу белгілері мен символдарын, дыбыс сигналдарын қолдану системасы және адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет