Білім және ғылым



бет134/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Газбен толтырылған полимердің қолданылуы
Газбен толтырылған полимерлер немесе көбіктіпластардың ерекше қасиеттері бар: меншікті салмағы аз, жылуөткізгіштігі төмен, дыбыстан қорғағыш қасиеттері жақсы, конструкциялық беріктігі жоғары, көбіктенген резеңке жұмсақ.
Осы қасиеттер көбіктіпластардың қолдану аясын анықтайды:
ғимараттарда, транспортта, мұздатқыштарда, аэроғарыш саласында, құралдарда, термостарда және басқа бұйымдарда жылуоқшаулағыш ретінде;
− дыбыс және электроқшаулағыш жабдықтар ретінде;
− әртүрлі суға батып кетпейтін жүзу құралдарында ( қайықтар, судан құтқару құралдары, қалтқылар және т .б.);
− әртүрлі конструкциялық материалдарда (жиһаз өндірісі, ойыншықтар, жарнамалар, сәндік матриалдар);
− құрылыста (көбіктіпластар, көбікшынылар) қолданылады.

13-тарау


ИОНАЛМАСТЫРҒЫШ ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР

Ионалмастырғыштар (иониттер) − электролит ерітінділерімен жанасқанда ион алмасуға қабілетті заттар. Олардың көпшілігі −суда ерімейтін қатты, құрылымы аморфты немесе кристалдық поли- электролиттер. Олардың электролиттік диссоциациялану қабілеті бар ионогенді топтары болуы керек. Ионогенді топтардың табиғатына байланысты иониттер катиониттер, аниониттер және амфолиттер болып бөлінеді. Катиониттердің қышқылдық ионогенді топтары болады: SО3H-сульфо тобы, - СООН карбоксил тобы, - Р03Н2


фосфор қышқылының, - АsО3Н2 - мышьяк қышқылының және т. б., аниониттерде - -NН2, = NН,  N ,= N- және т. б. негіздік ионогенді топтар бар. Амфолиттердің құрамында қышқылдық та, негіздік те
топтар болады.
Ионогенді топ диссоциацияланған кезде жұп ион түзіледі. Біреуі иониттің тізбегіне немесе қаңқасына коваленттік байланыспен бекітілген, екіншісі − қозғалғыш, бекітілген ионның зарядын теңестіретін ион (қарсы ион). Бұл қарсы ион ионитпен беттескен ерітінді ионымен орын алмасуы мүмкін. Демек, катиониттер төмен молекулалық электролиттермен жанасқанда олармен катионын, ал аниониттер – анионын алмастырады.
Мысалы:

2 ~ SO Na  CuCl  ( ~S02- ) Cu 2

  • 2NaCI

3 2 3
катионит фрагменті
~ [(CH ) N ] SO2-  2NaCI  2 ~[(CH ) N ] CI-  Na SO
3 3 2 4 3 3 2 4
анионит фрагменті
Диссоциациялау константасының мәніне байланысты ион алмастырғыштар күшті, орта және әлсіз қышқылды немесе негізді деп бөлінеді. Төменде кейбір полиэлектролиттердің ионогенді топтарының рК мәні көрсетілген.



ионогендік топ

рКа

ионогендік топ

pKb

- SО3Н

< 1

- N+-R OH-
3

<1

- РО(ОН)2

~3

 N

3-5

- СООН

4—6

=NH

5-7

- ОН

9—10

- NH2

6-9

Ион алмасу үдерісі ионогенді топ толық диссоциацияланғанда ғана толық жүреді. Демек, күшті қышқылды немесе негізді иониттер іс жүзінде pH-тың барлық мәнінде, орта және әлсіз қышқылды иониттер pH > 7 болғанда, орта және әлсіз негізді иониттер рH < 7 болса, ион алмасуға қабілеті бар. Иониттердің негізгі сипаттамасы− алмасу сыйымдылығы. Ол иониттің құрғақ масса немесе көлем бірлігіне келетін ион алмасуға қабілетті бекітілген иондардың санымен анықталады. Өлшем бірлігі экв/г немесе экв/см3. Ион алмасудағы тепе-теңдік көп жағдайда Никольский теңдеуімен өрнектеледі. Бұл теңдеу әрекеттесетін массалар заңына негізделген:

C 1/Z1
C '1/Z1

1 K 1 ;

1/Z2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет