Білім және ғылым



бет5/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Органикалық полимерлерге көміртектен, сутектен, оттектен және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді.
Бейорганикалық полимерлердің молекуласы кремний, алюминий, стронций және басқа элементтердің атомдарынан құрылған.
Элементорганикалық полимерлер екі түрлі бола алады: негізгі полимерлік тізбектің табиғаты бейорганикалық болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады немесе керісінше.
Полимер тізбектері блок деп аталатын әртүрлі полимерлердің қысқа тізбектерінен құралуы мүмкін. Мысалы, (егер мономер молекуласының біреуін А әрпімен, ал екіншісін В әрпімен белгілесек):
--А—А—А—А—А—В—В—В—В—В--
Мұндай полимерлерді блок-сополимерлер деп атайды.
Негізгі тізбек тек қана А мономерден, ал қапталынан тараған бүйір тізбектер В мономерінен тұратын макромолекулалық құрылымдар болуы мүмкін:
В
|
В
|
-- А—А—А—А—А—А—А—А—А—А—А--
| |
В В
| |
В В
| |
Мұндай полимерлерді жалғанған сополимерлер (графт-сополи- мерлер) дейді.



    1. Полимерлердің номенклатурасы



Номенклатура полимерлердің аталу ережесін және түзілу принциптерін қамтамасыз етеді. Оған мынадай екі міндет жүктеледі: полимерлердің атауы бойынша химиялық құрылымын анықтауға және көбірек таралған полимерлерді оңай танып білуге мүмкіндік жасайды. Бірақ, жалғыз номенклатураның бұл талаптардың барлығына мүмкіндігі жетпейді, сол себептен қазіргі кезде бірнеше номенклатураның түрі бар.
Тривиалды номенклатура. Тривиалды номенклатура көп- теген мамандардың арасында кеңінен қолданылады. Мысал ретінде көпшілікке белгілі тефлонды келтірейік, бұлай деп политетрафторэтиленді атайды. Фенопласт, аминопласт, поликар- бонат сияқты белгілі атаулар полимерлердің химиялық құрылымы туралы мағлұмат бермейді.
Рационалды номенклатура. Рационалды номенклатура полимер- лену әдісімен алынған полимерлерде жиі қолданылады. Мономер алдына «поли» деген сөз қосылады. Егер мономер бірнеше сөзден тұрса, ол жақшаға алынады:
nCH2=CH [-CH2 — CH-]n
| |
C6H5 C6H5
стирол полистирол
nCH2=CH [-CH2 — CH-]n
| |
Cl Cl
винилхлорид поливинилхлорид
Полимерлердің атауы гипотетикалық мономерлерден пайда болуы мүмкін. Мысалы, поливинил спирті винил спирті бойынша аталады. Винил спирті тұрақсыз, сондықтан ол ацетальдегид түрінде болады. Поливинил спиртін поливинилацетатты гидролиздеу арқылы алады:
[- СН2 – СН - ] n + nН2О [- СН2 – СН - ] n + nСН3 СООН
| |
ОСОСН3 ОН
поливинилацетат поливинил спирті
Егер бір полимер әртүрлі мономерлерден алынса, олардың атауларында екіжақтылық болады. Бұл, әсіресе, полиэфирлер мен полиамидтерге тән. Мысалы, ε-аминкапрон қышқылынан алынған полимер поли(ε-аминкапрон қышқылы) деп аталса, ал ε-капролактамнан алынған полимерлер поли(ε-капролактам) деп аталады:
n H2N (CH2)5 COOH NH (CH2)5 C O

C O
(CH2)5

NH


NH (CH2)5 C
O

Бұл аталған номенклатураны белгілі полимерлер үшін қолданған жөн.
Егер полимер поликонденсация әдісімен екі мономерден алынса,
«поли» сөзінен кейін жақша ішінде мономер аттары көрсетіледі. Белгілі топқа жататын сол полимерге тән атау соңына жазылады. Мысалы:



CH2
H2C O

n



Поли(этилентерефталат)

NH (CH2)6 NH
C (CH2)4 C
O O

Поли(гексаметиленадипамид)



CH2 CH2 CH2 O C NH
O
CH2 CH2 NH C
O

Поли(триметиленэтиленуретан)


ИЮПАК ұсынған жүйелі номенклатура. ХХ ғасырдың 70- жылдары ИЮПАК (International Union Pure and Applied Chemistry) полимерлерді атау үшін жүйелі номенклатура ұсынды. Бұл жүйе полимер тізбегіндегі қайталанып келетін бөлікті құрайтын құрылымға негізделген. Қайталанатын буын құрылымы (ҚБҚ) дегеніміз ең кіші атом топтарының қайталанып келуінен полимер тізбегінің түзілуі. Көпшілік жағдайда ҚБҚ мономер буынымен сәйкес келеді. Мысалы, полиэтилен осы номенклатура бойынша полиметилен деп аталады, ал қайталанып келетін топ – СН2 – болып табылады.
Полимер атауы «поли» сөзінен басталады, жақша ішіне ҚБҚ
жазылады. Полимерге атау беру үшін:

  1. ҚБҚ-ды анықтау керек.

  2. ҚБҚ-ды бағыттау керек.

  3. ҚБҚ-ға атау беру керек.

ҚБҚ қарапайым немесе буыншалардан тұруы мүмкін. Атомдар немесе буыншалар ҚБҚ орналасу реті бойынша солдан оңға қарай үлкендігі төмендейді.
Үлкендік ережесі мына сатымен жүзеге асады:

  1. Барлық гетероатомдар көміртегіне қарағанда үлкен болады. Олардың арасында қайсысының үлкен екені периодтық жүйеде орналасуы бойынша анықталады. Ол периодтық жүйенің оң жақтағы жоғары бұрышынан бастап, топ бойынша сол жақтағы төменгі бұрышына дейін төмендеп отырады. Үлкендік қатары фтордан бастап мынадай қатар бойынша төмендейді: F, CI, Br,…, O, S, Se,…, N, P, As,…,Sb, Fr.

  2. Буыншалардың үлкендік қатары былай анықталады: гетероциклдер > гетероатомдар > карбоциклдер > ациклдер.

  3. Гетероциклдің үлкендік қатары: Азоты бар қосылыстар -

> азотпен қоса басқа гетероатомдар бар гетероциклдер. Соңғы

қосылыстардың үлкендік қатары 1 ережеге сай былай өзгереді: бензол сақиналары ең көп жүйелер > циклдері ең көп жүйелер > циклде ең көп гетероатом бар жүйелер > гетероатомдары ең көп жүйелер
> гетероатомдар ассортименті ең көп жүйелер. Бірдей жағдайда қанықпаған циклдердің рөлі басымырақ.

  1. Карбоциклді топтар арасында көп мөлшерде циклі барлар басымырақ болады, содан кейін жеке циклдері көп жүйелер > барлық циклдерге ортақ көп атомдары барлар > циклдерді бір-бірімен қоса- тын сандары неғұрлым аздары > қанықпаған жүйелер.

Егер негізгі тізбекте атомдар мен циклдер бір типті болса, олардың орналасуы орынбасарлардың аты бойынша алфавиттік тәртіппен жүзеге асады, мысалы:

Поли-3’-бром-6-хлор-п-терфенил-4,4’’-илен


Бұл мысал тағы бір ережені білдіреді: циклдегі атомдардың реттеу бағыты орынбасардың орналасуын сипаттайтын ең кіші санға алып келеді. Бірнеше мысал келтіріп, атауын жазайық:
O CH CH2
n
F
поли[окси(1-фторэтилен)]



O C CH2 C
O O
(CH2)3
n

поли-1,3-диоксигексаметилен

CH=CH n


поливинилен

CH - CH
полиэтандиилиден
CH2

n


поли[5-хлор-циклогексен-1,3-илен-1,4-циклогексиленметилен]

поли[2,4-пиридиндиил-4,4-фенилен]


CH2 O CH2




N N
n

поли[3,5-пиридиндиилметилен n-иррол- 3,4-диилоксиметилен] 1.1-кестеде көп таралған полимердің рационалды және жүйелік


номенклатурасы келтірілген:


1.1-кесте. Кейбір сызықты полимерлердің атаулары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет