Cызықты полимерлер (а)
сызықты
сатылы спирополимерлер
Тармақталған полимерлер (б)
тарақ тәрізді жұлдыз тәрізді аса тармақталған
Торланған полимерлер (в)
сирек торланған жазықтықта кеңістікте
1.1-сурет. Әртүрлі макромолекулалардың сызбанұсқасы: а - сызықтық; б – тармақталған; в - торланған
Асимметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромолекулалар сызықты полимерлер деп аталды. Мысал ретінде поливинил спиртін келтіруге болады
~ CH2
|
- CH
|
|
- CH2
|
- CH - CH2
|
|
- CH ~
|
|
|
OH
|
|
OH
|
OH
|
Негізгі тізбектен жан-жағына таралған тармақтары бар макро- молекулалар тармақталған полимерлер деп аталады. Олардың тармақтарының саны мен ұзындығы өте кең аралықта өзгеруі мүмкін. Тармақталған бөлікті қосалқы тізбек деп те атайды. Мысалы, жоғары қысымдық полиэтилен молекуласын мына сызбанұсқа түрінде көрсетуге болады:
| CH2
|
CH2
|
CH2 — CH2 — CH2 — CH — CH2 — CH — CH2 — CH2
|
негізгі тізбек
CH2
| CH2
|
— CH2
қосалқы (бүйір) тізбек
Ұзын тізбекті макромолекулалар бір-бірімен көлденең бай- ланыстармен қосылса, торланған немесе кеңістіктік полимерлер түзіледі. Мұндай полимерлік материалдарға, мысал ретінде алмазды, фенолформальдегид шайырын, резеңкені, төменде көрсетілген формулаға сәйкес Na – бутадиенді каучукты атауға болады:
| |
- CH 2 - CH - CH - CH 2 - CH 2 - CH - CH - CH 2 ~
| |
S S
| |
- CH 2 - CH - CH - CH 2 - CH 2 - CH - CH - CH 2 ~
| |
Қыздырғанда байқалатын өзгерістеріне байланысты полимерлік материалдар термопластар және термореактивті немесе реактопласты болып бөлінеді.
Термопласты полимерлердің қасиеттері қыздырған кезде ақырындап өзгеріп, белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Олардың балқуы негізінен молекулааралық күштер әрекетінің азаюынан және молекуланың кинетикалық энергиясының артуынан болады. Сұйық термопласты полимерлерді суытқанда, кері өзгеріс байқалады, полимер сұйық қалпынан қатты зат күйіне ауысады. Осындай өзгерістер кезінде полимерлердің химиялық табиғаты өзгермейтін болғандықтан, балқыту және салқындату үдерістерін бірнеше рет қайталауға болады.
Термопласты полимерлерге полиэтилен, полистирол, поликапро- лактам және т.б. жатады.
Фенолальдегидті, карбамидальдегидті және басқа шайырлар өзгеше қасиет көрсетеді. Функционалды топтары немесе қанықпаған байланыстары болғандықтан оларды қыздырғанда сызықты макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болып, торланған құрылымды полимерлер түзіледі. Мұндай полимерлер қыздырғанда да, артынша суытқанда да өздерінің қасиеттерін бастап- қы қалпына келтіре алмайды. Сондықтан оларды термореактивті полимерлер деп атайды.
Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |