Білім және ғылым



бет64/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

  0e


U a RT

, (5.22)


мұндағы а - көлем өлшеміндей бірліктегі константа. Релаксациялық үдерістер тек жылулық қозғалыстың нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар әсер етуші күштің септігінен де, яғни сегмент энергетикалық тосқауылдан өтетіндей жылулық және механикалық энергия қор- ларын жинағанда да болады. Шыны тәріздес полимерлер үшін механикалық энергияның үлесі шешуші рөл атқарады, онсыз релаксациялық құбылыстар жүрмейді.



      1. Тұтқыраққыш күй

Заттардың сұйық (аққыш) күйіне қайтымсыз деформация тән, ол бөлшектердің (жиі түрде молекулалардың) жылжуынан болады. Аққыш жүйелердің механикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым реология («рео»−«ағу» және «логос» − «ғылым» деген грек сөздерінен) деп аталады. Полимерлер реологиясы кернеудің, деформацияның және температураға байланысты деформация жылдамдығының өсуін, деформация режимінің бір-біріне байланысын қарастырады.


Бұл байланыстарды анықтау полимерлерді балқымадан немесе ерітіндіден әр түрлі пішін беріп, өңдеген кезде қажет.
Полимерлердің ұзын тізбекті құрылымы сұйық күйдегі полимер- лерге бірқатар ерекшеліктер береді:
Сұйық полимерлердің тұтқырлығы өте жоғары, сондықтан оларды тұтқыраққыш деп атайды.
Тұтқыраққыш полимерлерге қайтымсыз деформациямен қатар жоғары эластикалық деформация да тән. Жоғары эластикалық деформацияның байқалуы полимер аққан кезде макромолекуланың конформациясы өзгеріске ұшырайды, яғни полимер жүйесінің құрылымында өзгеріс болады.
Тұтқыраққыш полимерлердің ағуы күрделі үдеріс, мұнда ағу жағдайға байланысты тізбектің бөлігі (сегменттері), бүтіндей макромолекула немесе олардың агрегаттарының қозғалуымен жүруі мүмкін.
Ағу механохимиялық құбылыстармен бірге жүреді. Тұтқырлығы жоғары полимер балқымасы ағу үшін температура мен механикалық жүктемені көтеруді қажет етеді. Сонымен қатар, механохимиялық үдеріс кезінде тармақталған немесе торланған құрылымдар түзіліп, ағу бәсеңдеуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет