Білім және ғылым


Полимер ағуы кезіндегі деформация



бет65/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Полимер ағуы кезіндегі деформация. Полимер балқымасы ағу үшін қажет механикалық жүктемемен әсер еткенде, деформацияның қарапайым үш түрі байқалады: ығысу, бойлық созылу, барлық жаққа сығылу. А жазықтығы Б жылжымайтын жазықтықпен салыстырғанда, (5.25-сурет) полимер қабатымен ығысқан жағдайда болатын ығысу

деформациясының мәні
  dl / l  
тең. Егер екі жазықтық

арасындағы полимерді ойша қарапайым горизонталь қабаттарға ұсақ- тап бөлсек, онда әрбір қабат өзінің көрші қабатымен салыстырғанда, ығысқан болып шығады. Осы себептен деформацияның мұндай түрі ығысу деформациясы деп аталады. γ − ығысу деформациясы өлшемсіз шама. Ығысу деформациясының жылдамдығы мынаған тең:
d , яғни ол деформация өзгеруінің уақытқа қатынасымен
dt
анықталады, өлшем бірлігі − с-1. А және Б жазықтықтарының арасында полимер көлемінің элементтеріне созу кернеулері σ11 , σ22 және σ33, сонымен қатар жанама (тангенциаль) кернеулер σ12= σ21 = σа әсер етеді.
Аққан полимерлерге түсірілген кернеудің нәтижесінде қайтымсыз және жоғары эластикалық қайтымды деформация бір уақытта болатынын бұдан бұрын ескерткенбіз, сонда жалпы деформация

ж   жэ   а
тең. Жоғары эластикалық деформация уақытқа

байланысты тұрақты мәнге жетеді, ол қайтымсыз деформация уақытқа байланысты бірқалыпты өсіп, ағу жылдамдығы тұрақталады. Оны тұрақталған ағу деп атайды. Аққан полимер жүйесінің құрылымын флуктуациялық тор деп қарайды, яғни тор макромолекулалардың жә- не олардың ассоциаттарының бір-біріне жанасуынан пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет