Сілтіленген целлюлозаны үлкен ыдыста күкіртті көміртектің артық мөлшерінде 3
сағаттай ұстап, реакция біткенде күкіртті көмірсутекті айдау арқылы бөледі. Түзілген целлюлоза ксантогенатын сұйытылған күйдіргіш натрий ерітіндісінде ерітеді. Осылай алынған ерітінді өнеркәсіпте
вискоза ерітіндісі деп аталады. Целлюлоза ксантогенаты тұрақсыз, гидролизденгенде қайтадан таза целлюлоза алынады.
Целлюлоза ксантогенаты минералды қышқылдар қатысында жылдам және тереңірек ыдырайды. Ол үшін негізінен аммоний сульфаты немесе натрий сульфаты қосылған сұйытылған күкірт қышқылы қолданылады. Вискоза ерітіндісін қысым арқылы диаметрі кішкене түтіктер арқылы қышқыл ерітіндісі бар үлкен
ыдысқа өткізсе, талшық немесе қабыршық түзіледі. Мұнда ерігіш целлюлоза ксантогенаты ерімейтін гидратцеллюлозаға айналады:
Талшықты созу арқылы жіп алынады, бұл үдерісте целлюлоза макромолекуласы талшық осі бойынша бағдарланады. Химиялық құрамы жағынан гидратцеллюлозаның табиғи целлюлозадан айырмашылығы жоқ, бірақ гидратцеллюлозаның макромолекула- сында глюкоза қалдықтары бір жазықтықта жатады, ал табиғи қосылыстарда ол бір-бірімен 90° бұрышпен орналасқан.
Вискоза үдерісі көп сатылы, энергия мен қосымша модульдердің мөлшерін артық қажет етеді. Сонымен қатар, экология мәселелері де толық шешілмеген. Алайда,
соңғы кезде, жаңа технология енгізудің арқасында өндірісті зиянсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, талшық алу технологиясы жетілдірілді.
Соңғы жылдары целлюлозаны N- метилморфолин-N - оксидте тікелей еріту арқылы гитратцеллюлозалық талшық − лиоцелл алынды. Бұл әдіс вискоза үдерісімен салыстырғанда химиялық заттарды 10 есе азайтуға мүмкіндік береді. Алынған талшықтардың қасиеттері вискоза талшықтарына жақын және кейбір ерекшеліктері де бар. Лиоцелл талшықтарының пайдалану мерзімін ұзарту технологиясы шешілсе, осы әдістің болашағы зор.
Целлюлозадан ацетат талшықтарын да алады. Ол үшін целлюло- заны сірке ангидридімен әрекеттестіреді. Реакцияда катализатор рөлін күкірт немесе хлор қышқылдары атқарады:
[H
+]
C6H7O2(OH)3 n + 3n (CH
3CO)
2O C
6H
7(OCOCH
3)
3 n + 3n CH3
COOH
Целлюлозаның үш гидроксил тобы түгелімен реакцияға түскен- дегі өнім «целлюлоза триацетаты» немесе «біріншілік целлюлоза ацетаты» деп аталады. Ол негізінен галогеналкилдерде және диметилформамидте ериді. Бұл өнімді жартылай гидролиздеп, екіншілік целлюлоза ацетатын алуға болады:
Ацетатты
талшықтар гидрофобты, сондықтан гидратцеллюлоза талшықтарына қарағанда аз ісінеді. Эфир тобы гидролизге бейім болғандықтан, қышқылдар мен сілтілерге тұрақсыз. Талшықтары өте берік емес, электрлену және қыртыстануы жоғары. Ацетилцеллюлоза
Соңғы жылдары синтетикалық талшықтарды өндіру қарқынды дамуда. Мұндай талшықтардың алуан түрлі қасиеттері техникада, ғылымда, медицинада және тұрмыста кеңінен қолданылуына арқау болды. Синтетикалық талшықтардың басқа талшықтармен салыстырғанда ерекше қасиеттері бар: