Білім және ғылым



бет139/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Полиамид талшықтары. Полиамид молекулалары қайталанып келетін метилен (-СН2-)n және оларды байланыстыратын амид
-CONH- топтарынан тұрады. Талшықтар алу үшін полиамидтің 10-нан
астам түрі пайдаланылады. Олар бір-бірінен метилен тобының саны және біріктіретін амид тобының орналасуына қарай ажыратылады. Көп тараған атауы бастапқы компоненттегі көміртегі санын қосып полиамид немесе «нейлон» дейді. Буында метилен тобы артқан сайын балқу температурасы төмендейді, иіліске, жарыққа, үйкеліске төзімділігі артады.
Талшық түзгіш полиамидтердің полимерлену дәрежесі өте жоғары емес (80-200). Кристалдану дәрежесі буындардың макромолекулада симметриялы және ретті орналасуына байланысты, әртүрлі полиамидтер үшін 40-60% құрайды.
Ең көп тараған полиамид талшықтары: капрон (поликапролактам, немесе нейлон-6), анид (полигексаметиленадипамид немесе нейлон
- 6,6) және энант (полиэнантамид немесе нейлон-7).
Полиамидтер мынадай құрылымды түзеді:

N (R)x
H
N C (R)y
H O

мұндағы R = CH2 - немесе полиамидтер.


Полигексаметиленадипамидті гексаметилендиамин мен адипин кышқылын поликонденсациялау арқылы алады:
HOOC (CH2)4 COOH + nH2N (CH2)6 NH2
HO- -OC (CH2)4 CONH (CH2)6 NH- -H + (2n-1) H 2O
n
Бұл реакция жүру үшін компоненттердің эквимолекулалық қатынасын қатаң сақтау керек, сондықтан алдымен бастапқы заттарды метил спиртінде ерітіп араластырып, АГ тұзын алады:
Өнеркәсіпте полиамидтерді үш әдіспен алады:

  1. диаминдер мен дикарбон қышқылдарының поликанден- сациялау;

  2. ω - аминқышқылдарды поликонденсациялау;

  3. лактамдарды сатылып полимерлеу.

HOOC (CH2)4 COOH + H2N (CH2)6 NH2 HOOC (CH2)4 COOH*H2N (CH2)6 NH2
HOOC (CH2)4 CONH (CH2)6 NH2 + H2O
Поликонденсациялауды вакуумда 275—280°С температурада жүргізеді. Түзілетін полимердің молекулалық массасы бөлінетін судың реакциялық ортадан қаншалықты толық шығарылатынына байланысты.
Полигексаметиленсебацианаттарды жоғарыда атап өткендей, гексаметилендиамин және себацин қышқылынан НООС—(СН2)8— СООН алады.
ω-аминоэнант қышқылын 250—2600С температурада поликон- денсациялап, поли-ω-энантоамидті алады:
nH2N (CH2)6 COOH H- - HN (CH2)6 CO- -OH + (n-1) H2O
n


Полиамидтер ақ немесе ақшыл сары түсті заттар, өсімдік және минерал майларына, бактериялар мен энзимдер әсеріне тұрақты, бірақ жарыққа төзімсіз. Полиамидтердің тығыздығы 1,1-1,2 г/см3 шамасында. Суда, төмен молекулалық спирттерде, бензолда және басқа ароматты көмірсутектерде ерімейді, тек полюсті еріткіштерде – фенолдар, крезолдар, формамид және диметилформамидте, концентр- лі күкірт, тұз, азот, құмырсқа қышқылдар да ериді. Полиамидтерде полюсті – CO – NH – топтары болғандықтан күшті молекулааралық байланыстар түзеді, сондықтан олардың балқу температуралары жоғары, 180-250 0С болады..
Полиамид талшықтары мен жіптері өте берік, ылғал күйінде небәрі 10-13%-ға ғана қысқарады. Талшықтардың серпімділігі жоғары болғандықтан, көп қайталанатын деформацияға едәуір тұрақты.
Полиамид талшықтарының кемшілігі гигроскопиялық қасиеттері- нің төмен болуында (3,5-5%). Сондықтан олардан дайындалатын материалдардың гигиеналық қасиеттері нашарлайды. Термототығу деструкциясы жүретіндіктен жоғары температураға төзімсіз, 1600С-та беріктігі 40-50%-ға кемиді. Осы себеппен полиамид талшықтары жарыққа да төзімсіз, тез ескіреді, сарғайып, беріктігін жояды.
Қазіргі кезде полиамидті гидроксил тобы бар сополимерлерді жалғау арқылы каприлон және мегалон талшықтары алынады. Олардың гигроскопиялық қасиеттері (5-7%) мақтаға жақын, ал үйкеліске төзімділігі одан жоғары, бояуды жақсы қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет