Білім және ғылым



бет140/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Полиэфир талшықтары. Синтетикалық талшықтар мен жіптер алу үшін негізінен полиэтилентерефталат қолданылады:


OC CO O(CH2) O


Полиэтилентерефталаттың макромолекулалары сызықты, функционал топтары ретті орналасқан, буындар саны 85-120. Осы полимерден лавсан талшығы алынады.
Лавсан талшығы берік, жоғары эластикалы, 5-7%-ға созғанда, деформация қайтымды. Сондықтан лавсан жіптерінен дайындалған материалдар қыртыстанбайды және пішінін ұзақ сақтайды. Қышқылдарға, тотықтырғыштарға төзімді, ал сілтілерде гидролизге ұшырап, ыдырайды. Полиэфир талшықтары жоғары температураға шыдамды, сондықтан жоғары температурада ұзақ пайдалануға болады.
Бұл талшықтардың гигроскопиялық қасиеттері өте төмен болғандықтан, ылғал кезінде механикалық қасиеттері өзгермейді.
Лавсан талшықтары жүн тәрізді, жұмсақ, жылы, көлемді. Олар таза күйінде және басқа талшықтармен бірігіп қолданылады.
Полиуретан талшықтары. Полиуретан макромолекулаларында уретан -NH-COО- тобы бар. Полиамидпен салыстырғанда уретан тобының бір артық оттек атомы олардың тізбектеріне иілгіштік қасиет береді және балқу температурасы төмен. Талшықтар алу үшін қолданылатын полиуретан блок-сополимер болып табылады. Иілгіш және қатаң блоктарды өзгерте отырып, оларға сан-алуан қасиеттер беруге болады. Мысалы, иілгіш блоктар алу үшін алифатты полиэфирлер, ал қатаң блоктар ретінде поликарбамид және ароматты топтарды енгізу керек.
Полиуретандар негізінде спандекс, лайкра, дорлактан атты синтетикалық жіптер алынған. Полиуретан талшықтары тоқыма материалдарға жоғары эластикалық, серпімділік, қыртыстанбау, пішінді сақтау сияқты қасиеттер береді.
Полиуретан талшықтары 1500С-та термиялық деструкцияға ұшырайды, сарғаяды және қаттылығы артады.
Полиакрилонитрил талшықтары. Полиакрилонитрил талшық-
CH2 CH

тарын алу үшін полиакрилонитрил сополимері қолданылады.
n және оның
CN

Полиакрилонитрилдің полимерлену дәрежесі 750-1000. Ол балқымайды және көп қолданылатын еріткіштерде ерімейді, сондықтан оны қолдану қиыншылықтар туғызады. Алынатын талшық
«нитрон» деп аталады. Нитрон талшықтары берік және созылғыш (22-35%), гигроскопиялығы төмен, сондықтан ылғал түрінде олар өзгермейді. Бұл талшықтар жарыққа төзімді. Әр түрлі қоршаған ор- таның (жарық, су, қышқыл, түтін және т.б.) әсерінен гидратцеллюлоза талшықтары түгелдей ыдыраса, полиакрилонитрил талшықтары беріктігін небәрі 15%-ға жоғалтады. Жоғары температураға төзімді, 120-1300С-та қасиеттері өзгермейді.
Полиакрилонитрил талшықтарының кемшіліктері: гигрос- копиялығы төмен, қаттылығы жоғары және үйкеліске төзімділігі нашар.
Нитрон талшықтары кілем тоқуда, жасанды тері алуда қолданы- лады және тоқыма материалдар дайындауда жүн талшықтарын қосады.
Акрилонитрилді әр түрлі мономермен сополимерлеу арқылы алынған полимерден алынған талшықтардың қасиеттері күрт өзгереді:

боялу қасиеті жақсарады, гидрофильділігі артады, эластикалығы және үйкеліске төзімділігі жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет