5.11-сурет. Торланған аморфты полимерлердің термомеханикалық қисығы
5.12-сурет. Кристалды полимерлердің термомеханикалық қисықтары: 1-полимердің Т б< Т т ; полимердің Т б > Т т
Торланған аморфты және кристалды полимерлердің термо- механикалық қисықтары 5.11-суретте көрсетілген.
Торланған полимерде тұтқыраққыштық күй жоқ, себебі макро- молекулалардың арасында көлденең химиялық байланыстар полимер тізбектерінің ауырлық центрінің жылжуына кедергі жасайды. Сондықтан өте жоғары температурада да аққыштық байқалмайды. Жоғары эластикалық температуралық аймақ өсе береді және оның жоғары шекарасында полимер ыдырайды. Полимер кристалдық күйге ауысқанда, оның жоғары эластикалық қасиеттері жоғалады (5.12- сурет). Балқу температурасынан Тб төмен облысында кристалдық
полимерлерде азғантай күштерден болатын деформацияның шамасы
да аз. Кристалды полимерлер қасиеттері балқу температурасы облысында едәуір өзгереді. Балқу температурасында полимердің кристалдық фазасы жойылады, оның деформациялануы күрт өседі.
Егер полимерлену дәрежесі өте жоғары болмаса, онда Тт мәні Тб төмен болады, сондықтан полимер бірден тұтқыраққыштық күйге көшеді. Полимерлену дәрежесі едәуір жоғары болса, Тт мәні Тб жоғары болуы мүмкін, мұнда термомеханикалық қисықта Тб және Тт аралығында жоғары эластикалық күй пайда болады.
Полимерлердің фазалық және физикалық күйлерінің температура- лық аралығы олардың механикалық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бөлме температурасында кристалдық және аморфты полимерлер шыны тәріздес күйде болса, онда оларды пластиктер немесе талшық түзгіш материал ретінде қолдануға болады. Егер алдыңғы полимерлер бөлме температурасында жоғары эластикалық күйде болса, каучук
тәріздес резеңке бұйымдар алады. Ал тұтқыраққыштық күйдегі полимерлерден әртүрлі пішінді бұйымдар жасауға болады.
Жоғары эластикалық күй
Жоғары эластикалық күй тек полимерлерге тән қасиет және ол белгілі бір жағдайларда ғана байқалады. Полимерлердің жоғары эластикалық күйінің ерекше белгілерінің біріне үлкен қайтымды деформацияның болуы жатады. Мысалы, табиғи каучукті созғанда ол өзінің ұзындығынан 700-800%-ға ұзарады, ал созу күштерін тоқтатқанда, каучук бастапқы қалпына қайтып келеді.
Жоғары эластикалық күй макромолекуланың барлық бөліктерінің: атомдардың, атомдық топтардың, сегменттердің аса қозғалғыштығы- мен сипатталады. Макромолекулалар эластомер тобына жататын иілгіш тізбектерге тән статистикалық шумақ конформациясында болады. Сыртқы күштің әсерінен оның конформациясы оңай өзгереді. Құрылымдық элементтердің қозғалғыштығынан олар тепе-теңдік қалыпқа тез жетеді. Жоғары эластикалық күйдің табиғатын түсіндіру үшін үш теория қолданылады: молекулалық, термодинамикалық және статистикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |