Білім және ғылым



бет78/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146
5.42-сурет. Әр типті микрожарықшалардағы кернеудің шоғырлануы: 1-шеткі сүйір; 2-шеткі эллипс тәрізді;
3-көлемді эллипс тәрізді

(изоляторлар). Оларға тән меншікті электрөткізгіштік мәндері мынадай:
меншікті электрөткізгіштік,
 , см·м-1
Өткізгіштер 108-106
Жартылай өткізгіштер 105-10-8
Диэлектриктер 10-8 -ден кем

Көп жағдайда полимерлерді диэлектрик ретінде қолданады. Полимерлердің диэлектрик қасиеттерін анықтау олардың құрылысын зерттейтін тиімді әдістердің бірі болып саналады.





      1. Полимерлік диэлектриктер

Диэлектриктердің электрлік қасиеттеріне меншікті көлемдік ρv және меншікті беттік ρs кедергі, электрлік беріктік пен диэлектрлік шығын жатады. Осы сипаттамалардың температура мен электр өрісі- нің жиілігіне тәуелділігінен диэлектриктерге баға беруге болады.


Меншікті көлемдік электр кедергі (ρv) немесе оған кері мән меншік- ті көлемдік электрөткізгіштік (  ) еркін зарядтардың (атомдар немесе иондар) болуымен және олардың қозғалғыштығымен анықталады.
Макромолекуламен химиялық байланыспаған еркін иондардың көзі төмен молекулалық қоспалар болып табылады. Полимерлік тізбек электр зарядын тасымалдауға қатыспайды. Сондықтан полимерлердің электр өткізгіштігі өте нашар, өткізгіштік полимерлердің буындары- ның қозғалғыштығына және оның физикалық күйіне байланысты. Сондықтан шынылану температурасынан төмен температурада макромолекула тізбегінің қозғалғыштығы азайғандықтан, меншікті электрөткізгіштіктің шамасы төмен 10-11-10-17 см·м-1. Температураны жоғарылатқан сайын меншікті электрөткізгіштік экспоненциал заңы бойынша артады:
A eU / RT , (5.47)
мұндағы А температураға тәуелділігі аз коэффициент; R − универсал газ тұрақтысы; ∆U − активтендіру энергиясы.
Шынылану температурасынан жоғары температурада тізбек буындарының жылжымалығы артады, сондықтан электрөткізгіштік күрт өседі. Меншікті көлемдік кедергінің температураға тәуелділігін



5.43-сурет. Меншікті көлемдік кедергінің температураға тәуелділігі:
1-поливинилацетат; 2-поливинилбутираль; 3-полистирол

координата жүйесінде қарасақ, жоғары эластикалық күйден шыны тәріздес күйге өткенде, еңкею бұрышы өзгереді (5.43-сурет).


Электрөткізгіштік полимерлік композицияның құрамына, яғни толықтырғыштар мен пластификатордың қатысуына байланысты (5.40-сурет). Электрөткізгіш толықтырғыштар (графит, техникалық көміртек, металл ұнтақтары және т.б.) электрөткізгіштікті арттырады. Пластификаторлар керісінше, электрөткізгіштікті төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет