«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм»


Парасатты адам- қайрымды адам. Ол -жақсылық жасауға асығып, жамандықтан қашып жүретін адам



бет10/19
Дата23.01.2023
өлшемі104,21 Kb.
#62446
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Парасатты адам- қайрымды адам. Ол -жақсылық жасауға асығып, жамандықтан қашып жүретін адам.
Ғалым ағаның ұзақ жыл шәкірт тәр­бие­леген адал қызметіне лайық ­«Қазақ­стан­ Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Е.А.Бөкетов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік уни­верси­тетіне еңбек сіңірген қызметкер» атағы берілді. Профессор Хайролла Нұрмұқановтың ғылыми мектебінің ­болуы – оның «ұстаз» деген құрметті атаққа лайық болғандығының айқын белгісі. Кезінде қазақтың халық жазушысы, академик Ғабит Мүсіреповтің өзі: «Хайролла Нұрмұқанов өте бір сыпайы адам екен. Ана тілімізге, әсіресе, көркем әдебиет тіліне қос-қостап кіріп жатқан дертті ептеп болса да, дәлелді көрсетіпті» деп жылы лебіз білдіруінің астарында талай сыр жатыр. Расында, қарапайым ауызекі сөзде тұрмақ, басылымдарда «...кілегей қалың бұлт...», тағы басқа орашолақ сөздер кетіп жататынына қынжылған ол түрлі жиындарда оның мағынасын «бұлт кілегей болса, қалың емес, қалың болса, кілегей емес» екендігін ұғындырып жатушы еді. Хайролла Мырзағалиұлының домбыра,­ мандолина аспаптарын шебер тартатыны өз алдына, домбыраны өз қолымен қашап жасаудың да хас шебері болатын. Көпшілдігі, қонақжайлығы, серілігі жайлы талай сыр шертуге болады. Тіпті кейбір аудандар мерекелік іс-шараға шақырса немесе демалыс ұйымдастырғысы келсе, Хайрекең жанына жас шәкірттерін ертіп апарып, ел жақсыларымен таныстырып, жер көрсетіп, қазақи салт-дәстүрдің сақталу жай-жапсарын жастарға таныстырып қайтуды ұнататын. Әңгіменің бұлағы еді ғой, шіркін... Ғұлама ұстаз әл-Фарабидің: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды» деген сөзінен жас ұрпақты тәрбиелеу білім алудың жолдарын көрсету емес, сонымен қатар ұстаз болуға талаптанған әрбір жан алдындағы шәкірттер бойынан жаман қылықты ығыстырып, қайырымдылық дәнін себуге дағдылану керектігін талап етуші еді. Оны кім қалай ұқты, соған орай білім баспалдағында биікке көтеріле алды. Мұны қатарластарым, кешегі әріптестерім жоққа шығара қоймас. Сөз астарын талантты жандар өздері-ақ тарқатып алар. Хайролла Мырзағалиұлы тумысынан ғалым жан ғой, солай бола тұра ғылыми еңбектерін жазып қойып жүйелеуге, оны тиісті орындарға уақытылы жөнелтуге уақыт таба бермейтін. Оны алғашқыда аңғара бермейтінмін. Бертінде тонның ішкі бауындай араласып жүріп, ғылыми еңбектерін ықтияттап, Алматыға апарып тапсыруға мойны жар бермейтінін аңғарып қалып, сөз арасында суыртпақтап сұрастырсам: – Ой, айналайын-ау, оның бәріне уақыт қайда? Қауырт жұмыстан қолым босамайды. Осы кандидаттықтың өзіне әрең уақыт тауып қорғадым емес пе? Әйтпесе, докторлық диссертация жазылып дайын жатыр, кейін сәті түскенде қолға аламын ғой. Әлі уақыты келген жоқ. – Баспаға беретін материал­дарыңыз, ғылыми мақалаларыңыздың жай-күйі қалай? Олар әзір жазылмаған немесе жүйе­­­ленбеген шығар? – Олар да солай, жазулы тұр... Бір сәті түсер. – Ой, аға мынауыңыз қызық екен! Жұрт жазып бітіре алмай әлек, сіз дайын дүниені үйде ұстап отырмысыз? – Иә, әзірге жағдай солай болып тұр. Бір қайран қалғаным – осы әңгіме барысында уақыттың тапшылығына, күндердің зулап өтіп жатқанына қобалжу, өкіну белгісін аңғармадым. Әрі-беріден соң, солай болуға тиісті сияқты санайтын кейіп танытты. Сонда қалай болғаны?.. Ішім алай-түлей, санамда сан ой арпалысып кетті. «Ағамыз жұрттың бәріне қамқор болып шырылдап жүреді, жастарға дәріс оқиды, бәріне құшағын айқара ашады. Ал сондағы қайтарым, қайырым дегеніміз қайда? Өз саласында қаншама шәкірт тәрбиелегенде бірде-біреуінің Алматыға, ғалым ағасының еңбегін апарып бермегені ме? Сол сәтте ойыма Кеңес Одағының көрнекті жазу­шысы ­Константин Паустовскийдің: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да, қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау адам деген мәртебелі атпен аталуға құқығы болады» деген сөзі түспесі бар ма? Осы сөзден қуат алдым-ау деймін, мен де «адамдық дегенді пір тұтып, соны дамытсам деп ұмтылып жүр емеспін бе, ендеше не тұрыс, ағаға қолқабыс жасамағанда қайтпекпін, қимылда» деп өзімді қайрап, ойымды жинақтап: – Аға, сіз осы ғылыми еңбекті жазу барысында Алматыдағы ғалымдармен пікір­лесіп пе едіңіз? Баспалармен сөйлескен келісіміңіз бар ма, болды ма? – деп сұрадым. Ол бетіме ұзақ зер салып қарады да, терең ойға шомды. Жүрегін әлдене сыздатқандай қабағы да дір ете түсті. Мен үнсіз ғана бақылап отырдым. Сәлден соң, бір ауыр күрсініп алып: – Әлбетте, ғылыми жұмыс жазуда,­ ізденіс барысында ғылыми жетекшілеріммен келіскенім рас қой. Негізі, кейбір тың ойларды олардың өзі де ұсынған-ды, мен оны діттеген жеріне жеткіздім. Әттеген-ай, қазір менде ғылым қуып олай-бұлай жүруге мүмкіндік болмай тұр. Жұмыста да кедергілер жоқ емес, түсінесің ғой, онсыз болмайды. Әттең! Жә, бәрі орнына келеді ғой, сәл шыдайық. Шерімді тарқатуға мұрындық болғаныңа рақмет! – Аға, осы мен жақында Алматыға жол жүремін. Ол жақта ұзағырақ боламын. Егер келісім берсеңіз, әлгі айтқан баспаға да, ғылыми орталықтарға да құжаттарыңызды апарып тапсырып келсем қайтеді? – дедім. Ол кісі орнынан тұрып, бөлме ішін аралап кетті. Қатты толқыныс үстінде екені қарақошқылданған келбетінен анық көрінді. Енді өзім ыңғайсыздана бастадым. Өмірі қатты сөйлемейтін ағайым қазір ашу үстінде зекіп тастаса қайтпекпін? Әттеген-ай, жүрек жарасының бетін тырнағандай болғанымды қарашы!.. Бір сәт еңсесін тіктеп алды да жаныма жақын келіп, иығымнан қапсыра құшақтап, ағалық бауырмалдықпен: – Рақмет, айналайын, бұған дейін мұндай бауырмалдық қол ұшын созған жан болмап еді. Не көрсем де бұған дейін өзіме сеніп, ешкімге алақан жаймаған жан едім. Сенің қылығың жан дүниемді астаң-кестең етті ғой. – Жоға, аға, онда тұрған не бар?! Мен де бір ініңізбін, үйіңізден талай дәм татып жүрміз. Сенім білдіріп, кімге, қайда баратыныңызды айтсаңыз болды ғой. ­Алматыда құлын-тайдай ойнақтап өскенімді білесіз. Бөтен жер емес, қай мекеме қайда деп таба алмай қалармын дейтін. Ол жердегі бірсыпыра тәуір ағаларды мен де білемін ғой. Сәлем беріп кіріп-шығып, сіздің бұйымтайыңызды жеткізгеннің несі айып? Осында келгелі Орал Мансұрқызы апайымыз да бауырмалдық танытып, білгенін үйретіп, дәм-тұзын ұсынады. Жатырқағанын көрген емеспіз. Сіздің үйіңіздің университетке жақындығы да себеп­ болған шығар, дегенмен,­ көңілдеріңіз алыс болса, маңыңызға жолай­ алар ме едік.Соның бір сәттік өтемі емес пе, тәйірі, – деп едім, аға мейірімді құшағына басып, сәл босатпай тұрды да: – Білесің бе, бауырмалдық деген – адам бойындағы туысқандық, ағайын­шылық қарым-қатынасқа адалдықты білді­ретін ұғым. Дегенмен, бауырмалдық тек туыстық негізде ғана көрінетін қасиет емес. Ол – кісінің адамгершілік, иман­дылық қасиеттерін айқындайтын мінез-құлықтың жағымды белгісі. Жақсыда жаттық болған емес. Өзгені бауырына тарта білу, әр адамды жақын санап қамқорлық көрсету сияқты ізгілік белгілері адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бірін-бірі құрметтеу, жақын тұту сезімдерін қалыптастырады. Алыс-жақындығы, үлкен-кішілігіне қарамастан, кез келген жағ­дайда оларға көмектесуге дайын тұру, қол ұшын беру қасиеті де, бауырмалдықтың белгісі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» десе, оны келесі хадисте: «Ақкөңіл адамның тамағы ем болады, ашкөз адамның тамағы дерт болады» деп толықтырған екен. Мына сенің қылығың соған қатты ұқсап тұр. Осы жолыңнан айныма, айналайын, мен саған әрдайым адал батамды беремін, – деді. Хайролла Мырзағалиұлы туған жері Оралда қанаттанған. 1954 жылы Орал мұғалімдер институтын бітіріп, Қарағанды облысы Ақтөбе ауылына мұғалім болып келіп, еңбек жолын бастаған. Ақжайық өңірінде болашақ жары Орал Мансұрқызымен танысады. 1957 жылы мектепті күміс медальмен аяқтаған Оралды ертіп Хайрекең туған жері Оралға барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет