«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм»


Білімді болу үшін оқу керек,бай болу үшін кәсіп керек, күшті болуға



бет13/19
Дата23.01.2023
өлшемі104,21 Kb.
#62446
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Т

Білімді болу үшін оқу керек,бай болу үшін кәсіп керек, күшті болуға
бірлік керек
Оның тұлғасы, қызметі, ұлт қамы үшін күрескерлігі, дінге, ділге деген жанашырлығы – білгенге – маржан, білмеске – арзан.
Ұлт жанашырының шығармаларындағы қадау-қадау ой-пікірлерге, жылдар өтсе де мәні мен маңызын жоймаған "Қазақ" газетінде көтерген ұлттық мәселелерге қайта соғып, құнды жазбаларды парақтадық. Ахмет Байтұрсынұлының айтары көп.
Ұлт қамын уайымдаған адам елдің түзелгенін қалайды. Біз ең алдымен істі неден бастауымыз қажет?
– Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі.
Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең, құл болмақшы. Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
Бір нәрсені істегенде, сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес. Ми ісінде де солай...
Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайырылар, қалық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескіріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.
Сөз жауапкершілігін арқалаған жазушы қандай болу керек?
– Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылдық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек.
Оқи отырыңыз: Таудай тұлғалар мен мінсіз мүсіндер
Осы ретте Сізден сұрағымыз келгені: сөз асылы деген не?
– Сөздің асыл болуы – ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан табылады.
Сөздің асыл болатын сырын білген адам сөзді сынай біледі. Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да қажет. Айтушы да, тыңдаушы да сөзді талғайтын болды.
Дарынды сөз адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді...
Жасырып-жабары жоқ, біз көбіне-көп Абай атаның сөзін түсіне бермейміз? Бұл біздің өреміздің төмендігінен бе, әлде Абайдың тым тереңнен қалам тербеуінен бе?
– Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге бойына біткен зеректіктің үстіне Абай әр түрлі Еуропа білім иелерінің кітаптарын көп оқыған... Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың сөзін мың қайтара оқып жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасына түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар. Тіпті "Осының мағынасы не?" деп сұрағандары да бар. Сол өлеңді алып қарасақ, айтылған пікірде, айтуында еш кемшілік жоқ. Түсіне алмаса, ол кемшілік оқушыда...
Оған оқушы түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын көрсетеді. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек.
Сіздіңше, ар-намыс, ұят сынды адамдық қасиеттердің өлшемі қандай?
– Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?..
Осы күнде қазақты асыл діні – Исламнан бездіргісі келетіндер бар. Сіз не дейсіз?
– Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілдік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс. Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет