«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм»


« Ақыл - Алланың бергені, Білім- адамның тергені.»



бет8/19
Дата23.01.2023
өлшемі104,21 Kb.
#62446
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
« Ақыл - Алланың бергені, Білім- адамның тергені.»
Әйгілі ғұлама имам Ғазали былай деген екен: «Ақыл – көз, Құран – күн тәрізді. Күн жарығында көздің жақсы көретіні сияқты ақиқатты түсінуде Құран негізінде ақылды пайдалануға мұқтаждық бар. Тек Құран жеткілікті деу күндіз көзді жұмып жүргенмен бірдей. Ал, тек ақыл жеткілікті дейтіндер де қараңғы жерде бейне бір жарық іздеген адам тәрізді. Бұл екі нәрсе азғындыққа апарады. Сондай-ақ, шариғат пен ақыл бір-бірін толықтырып, кемелдендіріп келген екі нұр».
Шын мәнінде, ақыл – Алланың берген нығметтерінің бірі. Адам баласы көру, есту, сезу, ойлану арқылы Алланың құдіретін түсінеді, ой жүгіртіп, ақылға салып, жақсы амал жасауды ұйғарады. Ақылды дұрыс нәрсеге жұмсау – Жаратушы Жаббар Иеміздің жарылқауына, ризалығына жетелейді. Ал нәпсі қалауын ақылмен басқара алмау азғындыққа апарып, Алланың ашуын шақырады. 
Алайда кез-келген пенденің ақылы шектеулі болғандықтан, біз қашан да Құран мен сүннетті өміріміздің темірқазығы етуіміз керек. Сонда біздің сезім мүшелеріміз өзінің міндетін дұрыс орындайды.
Алла Тағала Құранда бірнеше аятта «Ойланбайсыңдар ма?» деп ескертеді. Қасиетті кітабымызда ақыл, ойлану, даналық сынды мағыналарды білдіретін тәдәббур, тәфәккур, хикмет, улул әлбаб, фәһім, әбсар, қалб, рушд, назар деген сөздер кездеседі. Ал ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әркімнің діні – оның түсінігі. Ақылы жоқтың діні де жоқ», – деген.
Жоғарыда адам баласының ойы мен ақылы шектеулі екенін, ол үшін Құран мен сүннетке сүйену қажеттігін айттық. Осыған қатысты мынадай сұрақ туындайды: Алланы тану үшін ақыл жеткілікті ме, әлде Құран мен сүннетке сүйенумен шектелу керек пе? Осы сұрақ бойынша Ислам ғалымдары көптеген пікірлері мен көзқарастарын білдірген. Бұған қатысты имам Матуриди мынадай көзқарасын білдірген: «Алла Тағаланы ақылмен тануға болады. Ақыл – жаратылыс сырын түсіну үшін берілген Алла Тағаланың сыйы. Әрі жаратылыс жайлы терең ой жүгіртуге бұйырылдық. Бірақ ақыл – шектеулі. Алла Тағаланың шексіз иләһи хикметтерін, сыр ретінде сақтаған нәрселерін ақыл біле алмайды».
Біз имам Матуридидің бұл көзқарасынан Құран мен сүннет белгілеп берген өлшем негізінде ақылға сүйену қажеттігін түсінеміз.
Ақыл Алланың адам баласына берген үлкен нығметі екенін айттық. Осы ақылды Алланың разылығына кенелу жолында пайдалану – мұсылманға тән нәрсе. Алла туралы танымы мен түсінігі қалыптасқан кейбір адамдар өзіне беріліп жатқан нығметті, мал-дәулетті өз ақылыммен, бойымдағы ерекше қабілетім арқылы таптым деп ойлайды. Асылында бізге берілген ақша да, ақыл да – Алланың берген нығметі. Өкінішке қарай, бүгінде адам өз ақылын жаман істерге, біреуді алдап-арбауға, айналасындағы кісілерді азғыру жолына пайдаланады. Бұл – Алланың ашуын шақыратын «ақыл».
Алланы тануда ақылдың рөлі айрықша. Хәкім Абайдың: «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз», – деген сөзі бар. Ақылды адам Аллаға жағу үшін ізгі істермен айналысуға тырысады. «Ақылды адамның табан тірейтін жері – Ислам» деп орыстың әйгілі жазушысы Лев Толстой айтпақшы, қазір көкірек көзі ашық өзге ұлт пен діннің өкілдері Исламды қабылдап, күллі Еуропа жұртына үлгі болуда.
Құранда ақылға байланысты мынадай аяттар бар: «Ей, ақыл иелері Менен ғана қорқыңдар» («Бақара» сүресі, 197-аят); «Ойлаған қауымға (Алланың бар және бір екендігіне) белгілер бар» («әл-Ғимран» сүресі, 190-аят); «Олар Құранға ой жүгіртпей ме? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?» («Мұхаммед» сүресі, 24-аят); «Олар ойланбай ма?» («Ясин» сүресі, 68-аят); «Ойламайсыңдар ма?» («әл-Ғимран» сүресі, 65-аят); «Бұны тек ақыл иелері ғана түсіне алады» («Бақара» сүресі, 269-аят); «Сонда да түсінбейсіңдер ме?» («Ясин» сүресі, 62-аят).
Мұсылманның Құранға қатысты бірнеше ұстанымы бар. Олар – Құранды оқу, жаттау, аяттарға амал ету және әрбір аяттың мәні мен мағынасына ой жүгірту. Құран аятына терең ой жүгірткен адам Алланың құдіреті мен жаратылысына терең бойлайды. Шәкәрім Құдайбердіұлы өз өлеңінде ойланған ақыл өз иесін жақсылыққа жетелейтінін, ал ойланбаған ақыл өз иесіне азап әкелетінін жырлайды. Өлең былайша өріледі:
«Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық.
Таза талап талпынып ойды айдаса,
Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық.
Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық».
Ақылды иманды мұсылман екі дүние бақытына бөленеді. Айша анамыз (оған Алла разы болсын) былай баяндайды: «Мен Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Адамдар дүниеде несімен бір-бірінен артық болады?» – деп сұрадым. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақылмен», – деп жауап берді. «Ақыретте несімен артық болады?» деп сұрадым. Тағы да: «Ақылмен», – деп жауап берді. Мен: «Адамдар істеген амалына қарай сауапқа немесе жазаға тартылмаушы ма еді?» – дедім. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Айша (оған Алла разы болсын), олар Алла Тағала берген ақылдың шама шарқына қарай амал жасамай ма?! Ақылы неге жетсе, амалы сол болады. Амалы қаншалықты болса, сауабы мен жазасы соншалықты болады», – деп жауап берді.
Ақыл адамның тақуалығына, иманына, дүниеге деген көзқарасына, адамдармен қарым-қатынасына, ізгі амалына, күнделікті парыз құлшылықтарына әсер етеді. Ислам ғұламалары ақылды Алланы тану жолындағы алғашқы қадамға теңеген. Өйткені, ақыл – ақиқат пен жалғанды көруге көмектесетін, әр нәрсенің жақсы немесе жаман екенін айырып беретін нығметтің бірі. Алланы таныған ақыл Оған міндетті түрде шүкір етеді.
Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін): «Адам өзінің, аспан әлемінің және басқа жанды-жансыз нәрселердің жаратылысына қарап тұрып, Жаратушысын мойындамай қасарысуына еш хақы жоқ. Тіпті, Алла тарапынан пайғамбар жіберілмесе де адам баласының өз ақылымен Құдайын тануы міндет», – деген екен.
Алла Тағала баршамызға Өзін таныған ақыл беруін тілейміз. Раббымыз сіз бен бізге мұсылманға тән өмір сүруді нәсіп еткей. Әмин!
Ұлы далада ұлғайған ілім (терең таным) Шынында да, қай заманда болмасын, заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келгені рас. Жеке тұлғаны - қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Ж. Баласағұнидің тәрбие теориясының негізін жетілген тұлғаны тәрбиелеу ілімі құрайды. Бұл ілім тәрбиенің төрт тұғыры - әділет, дәулет, парасат, қанағат арқылы адамда адамдық ізгі қасиеттерді тәрбиелеу идеясына негізделеді. Ізгілікті - адами қасиеттерді тәрбиелеуде Ж. Баласағұнидің ойынша, жоғары адамгершілік сана мен мінез - құлықты қалыптастыру басты роль атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі бір - біріне сай, рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады. Шынында да, қай заманда болмасын, заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келгені рас. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Ұлы данышпандар мен ғұламалар дүниедегі бір Алла, жаратушыдан өзгенің бәрін де баянсыз деп тауып, танып, өтпелі өмірден жұбаныш етер өшпейтін, өлмейтін, баянды боп қалар тірек іздеген. Ол тірек ізгілік деп танылып, ізгілік туралы түйінді ой тамаша ойлар айтылған. Ізгілік – адамдықтың негізі, әрі адамгешілік қасиеттерінің жиынтығы. Құт пен ізгілік – егіз ұғым. Құт пен бақтың бір жерде тұрақтамай, көшіп - қонған кезбе күйі заманына, адамына қарай қалыптасқан салыстырмалы, шартты түсінік. Көрген көз, естіген құлақ сөйтіп түйін түйген танымда жазық жоқ. Қазақтың ізгілік педагогикасының атасы БАЛАСАҒҰНИ. Жүсіп Хас Хажип (1020 ж. ш. - ө. ж. белгісіз) – ортаазиялық ақын, ғалым. Баласағұнидың бізге жеткен ең ірі туындысы – 1069 жылы жазылған «Құтадғу білік» («Құт әкелетін білім») дастаны. «Құтадғу білік» - ХІ ғасырға дейінгі түркі тілдес халықтардың қоғамдық ой - санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған көркем шығарма, әрі адамдарды адамгершіліктің абзал қасиеттеріне баулитын этикалық - педагогикалық, саяси - философиялық трактат. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған, философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан, Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070 ж. жазып бітірген. (18 ай бойы жазған) Дастанды “хандардың ханы” – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 – 1210) негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908 – 955) тарту етеді (қ. Әулие Ата). Сол үшін хан өз жарлығымен Ж. Баласағұниға “хас хажиб” – “бас уәзір” немесе “ұлы кеңесші” деген лауазым берген. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан - ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай - ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағұни өзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағұнидің дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскер - басылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т. б. қоғам мүшелерінің мінез - құлқы, білім дәрежесі, ақыл - парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке - жеке баяндап шығады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет