«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені баршамызға мәлім. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты десек, артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін, егемендігін алғаннан бері жастар саясатына аз көңіл бөлмегендігін байқауымызға болады . Көптеген жастар ісі бойынша қоғамдық ұйымдар құрылғандығы тағы да белгілі. Ел өмірінің қай кезеніне жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі ой қозғар өзекті мәселелерді, аталы қауым еш уақытта аттап өтпеген.
Кейінгі уақытта жастар арасында құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең етек жаюда.
Жалпы адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.
Сондықтан да жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа көзқарасы ата-ананың көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына от басында әке- шешесінің тату тұруы, отбасында әке-шешесінің біреуі болмауы немесе екеуініңде болмауы әсер етеді. Сондықтан да жақсы тәрбие мен от басындағы жағдайдың жасөспірімдер өмірінде алатын орыны ерекше. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.
Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда. Құқық бұзушылықтың ұшығуының тағы бір себебі: жастардың шетел кинофильмдеріндегі дөрекі, ұрып соғар, басқаны кемітудің арқасында «батыр» болатын кейіпкерлерге елік-теуі .
Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс - бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.
Жас балалардың құқықбұзушылығына бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқықтық білімінің аздығы, сан саласы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын аулалық клубтардың жабылуы басты себепкер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланың қандай болса да еліктеушілік танытуына әкеліп соғуда.
Жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез икемделіп, ересектер ықпалына еруі ата- ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса , өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.
Қазақстан Республикасының заңы (ҚҚР ҚК-нің 15 бабы) қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленген.
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз бар. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Біз болашағы еркін де жарқын қоғамда өмір сүргіміз келсе, бесігімізді түзеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше мән бергеніміз жөн болар.
Оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:
арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты.
1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2.Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.
Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу.
Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен талас-тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық жағынан да талап-тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанды мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас едәуір күрделі. Өйткені, мұндағы бірінші жақ-мұғалім толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл-ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстаздарға айдай анық құбылыс шәкіртіне нанымды бола бермейді. Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама-қарсы мәнде де болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыда қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.
Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арсындағы ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесіеің шеңбері тар өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар.Олардың сөйлеген сөзі, істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады. Ондай балалармен қарым-қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі – оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс-әрекеттерімен үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасындағы айырым шығатын жәйттер жиі болып тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп,қалайда шәкірттермен тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.
Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынастар тәлім-тәрбие істерінің жемісті жүргізілуіне елеулі нұқсан келтіреді. Мұндай жәйттер арнайы іздестірілген тәжірибелер арқылы анықталды. Біріншіден, бір кластағы оқушылардың жеке пән мұғалімдеріне қатынасы; екіншіден, сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің ерекшеліктері; үшіншіден, оқушылардың жеке пәндерге деген ықылас-ынтасы;төртіншіден,мұғалімдердің класс ұжымымен қарым-қатынасының сипат Мұғалім мен оқушылар арасындағы кездесіп отыратын наразылық пен дау-дамайдың туындау себептерін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетудің маңызды екендігіне жете түсініп, мектеп тәжірибесінен жинақталған материалдарды топтастыра отырып іздестірілді. Осы мақсатқа орай мектепте жүргізілген бақылау нәтижелері 4-кластан бастап, олар 6-класқа көшкенге дейінгі мерзім арасында іздестірілді. Мұндай бақылаудан тиісті қорытындылар жасау үшін 4-клас оқушылары таңдап алынды. Осы клас ұжымымен жүргізілген бақылау бойынша оқушылардың бәрін қамтып, олардың мұғалімдеріне де түрліше көзқараста екенін байқатты. Мысалы, кейбір пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты етіп ұйымдастырып өткізетін болса, онда сабақтарға оқушылар да белсене қатысып, өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге ұмтылады. Ал, кейбір сабақтарда оқушылардың бірсыпырасы оларға енжарлықпен қатысып, кейбір реттерде оғаш қылық көрсетті. Әдетте мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасында наразылық тудыруға себеп болады. Мәселен, осы мектептің 5-класында өтілген орыс тілі сабағында кластағы оқушылардың басым көпшілігі бөгде нәрселермен шұғылданып, өзара дабырлап сөйлеп отырды. Мұғалімнің тәртіпке шақырған ескертуіне де миығынан қарап немқұрайлы күйін байқатты.
Сабақты талдап, оқушылардың оғаш мінездерін көрсетудің басты себептері неде екеніне келсек, біріншіден, мұғалім класқа басшылық ету ролін көрсете алмады. Бұл оның даярлығындағы методикалық елеулі олқылылығын аңғартты. Екіншіден, мұғалімнің өз қызметіне немқұрайлы қарайтынын көрсетті. Үшіншіден, оқушылардың бағдарламалық материалдарды тиянақты меңгеруінің тиімді жолдарын іздестірмейтінін сездірді. Керісінше, бұл сабақта оқушылардың ықылас-зейіні сабақтың бітуіне де бағытталды. Төртіншіден, оқушылардың мінез-құлқына байланысты көтермелеу мен кінәләу талаптары да орындалмады. Сөзі мен ісі бір жерден шықпады. Содан келіп мұғалім мен оқушылар арасында дау-дамай етек алады. Өйткені, бұл сабақта мұғалімнің білім дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы оқушылардың мұқтаж-тілектерін қанағаттандыра алмады.
Мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен керіс-жанжалдар мұғалімнің жеке басындағы мінез-құлық мен қызметіндегі кәсіби олқылықтарына байланысты екенін аңғартты.
Мұғалімнің мінез-құлқы өз мамандығының талаптарына сай болса, онда мұндай қолайсыз жағдай болмас еді. Қолдан келгенше өзара қақтығыстар мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай жәйттер кімге де болса абырой әпермейді. Болашақ ұстаздар мұндай жағдайлардың мән-жайын терең барлап түсінгені дұрыс.