Бала өсіргің келсе , дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті.
Мысалмен айтатын болсақ, әкесі баласына: «Тамақ ішпес бұрыс қолыңды жу» деп, өзі жұмыстан келген бетте сол талапты орындамаса, балаға қанша ұрысқанымен ол әкесінің жасағанын/жасамағанын істейді. Бұл кезде тәрбие берудегі қақтығыс – «ережелік» талап ету мен нақты іс-әрекеттің сай келмеуі пайда болады. Осы қайшылық түсінбеушілік пен қарсылықты туғызады. Әрине, әр отбасының бала тәрбиелеудің өз түсініктері бар. Бірақ, тәрбие берудің қандай тәжірибелері бар екенін көру қызықты болады деп ойлаймын. «Үй энциклопедиясы» деген кітаптан оқып алған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті сіздерге де қызықты да пайдалы болады деген оймен осында жазуды жөн көрдім.
Ата-аналарға арналған бала тәрбиелеудің 9 өсиеті
1. Балаң өзіңнің көшірмең болады деп күтпе. Оған қоса, сенің қалауыңдағыдый болады деп күтпе. Тәрбие бала үшін сен болуға емес, өзіндік ерекше болуға көмектесуі тиіс.
2. Барлық жасаған іс-әрекеттер үшін балаңнан құн сұрама: сен оған өмір сыйладың, ол қалайша саған алғысын жеткізе алады? Ол басқа адамға өмір сыйлайды, бұл алғыстың қайтымсыз заңы.
3. Тәрбиелеу процессінде бар өшіңді балаңнан алма, өйткені не ексең, соны орасың.
4. Баланың проблемаларын түкке тұрмайтын деп асқақтап қарама: өмір ауыртпалығы әр адамға күшіне байланысты беріледі, сондықтан да, баланың жүгі сенікімен бірдей болады. Мүмкін сенікінен ауырлау да шығар. Өйткені, баланың әлі дағдысы қалыптаспаған.
5. Тәрбие беруде баланы мұқатып кемсітпе.
6. Өз балаңа бір нәрсені жасай алмасаң, ол үшін өзіңді қорлама. Бірақ жасау қолыңнан келіп, жасамасаң – қорла.
7. Бала үшін барлық жағдай жасау – тәрбие берудің ең маңызды заңдылығы. Осыны ұмытпа!
8. Біреудің баласын сүйе біл. Басқа біреудің баласына өз балаңа жасамайтыныңды жасама.
9. Балаң дарынсыз, қырсық, ересек болса да, оны сүйе біл; балаңмен қарым-қатынаста қуануға ұмытпа, өйткені балаңнын жанында болу – бұл сенімен өмір бойы бола бермейтін мереке уақыты.
Айтылғандардың бәрінен мынадай тұжырым шығаруға болады: балалар бұл өмірге үлкендердің тәрбиесін алу үшін ғана емес, балалар бізді де тәрбиелеу үшін дүниеге келеді. Ата-аналар өз балаларын жақсылыққа тәрбиелеу барысында өздері де жақсы бола бастайды. Бұл тәрбиелеудің негізгі мақсаты.
Әкесі баласына мына сөздерді айтсын! 1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.
2. Ата - анаңды сыйла.
3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.
4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің.
5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес.
6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. Ішінде біреуі жарың болуы мүмкін.
7. Айтарын айтып, өзің басқа тірлік жасап жүрген жарамайды.
8. Салмақты бол. Ер бол.
9. Ер адам тұлғасына мән беруі тиіс. Сырадан пайда болған қарын ешкімге әдемілік сыйлаған емес.
10. Үнемі ақылыңды толықтыр.
11. Заң қызметкерлерінен қашпа. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің шенін жатқа біліп жүр. Есіңде болсын: бір жолақ – кіші офицерлік құрам, ал екеу болса, аға офицер.
12. Киім кию мәдениетін сақта: шалбардың ұзындығы өкшенің ортасынан аспауы тиіс. Пенжактың жеңі жейденің манжетін жаппауы керек. Галстук белдікке дейін түсіп тұрғаны жөн. Аяғыңа киген шұлығың отырған кезде балтырыңды жауып тұруы керек. Белдікті аяқ киімнің түсіне қарай таңда.
13. Егер жекпе - жектен қашу мүмкін болмаса, бірінші болып ұр және бар күшіңмен, жеңгенге дейін. Жай жұдырық қарсыласыңа сенің әлсіздігіңнен хабар беретін болады.
14. Жекпе - жек кезінде өз күшіңді бақыла. Ашулы болу ессіз болу деген сөз емес. Аяқ астынан біреуді жазым етуің мүмкін екендігіңді ескер.
15. Нәзік жандыларға ешқашан және мүлде қол көтеруге болмайды.
16. Жалқаулығыңды өзің тый. Адамзат тарихында ешкім еріншектікпен жетістікке жеткен емес.
17. Сенің жаныңда қыз бала өзін жайлы сезінуі тиіс.
18. Отбасыны қамтамасыз ететін ер адам. Бұл – оның міндеті.
19. Біреуге қарыз берсең, ойланып бер. Ол ақшаны бергеніңе кейін өкініп жүрме.
20. Ең болмаса, бір салада шебер бол. «Мен мынаны жасай аламын» дейтін тірлігің болсын.
21. Ешқашан шағым айтпа. Мұнымен мәселең шешіліп кетпейді.
22. Нәтиже беретін іспен шұғылдан. Есіңде болсын, уақыт бағалы. Уақыт шығынына душар болмаған дұрыс.
23. Әйелдерді түсінуге талпынба. Олар бізден ерек ойланады.
24. Мылжыңдық ердің сәнін бұзады.
25. Дымым жоқ деген күннің өзінде қорың болуы тиіс.
26. Үй тірлігіне қабілетті бол. Ешкімнің көмегінсіз - ақ бар істі тындыруға тырыс.
27. «Еркектер ешқашан жыламайды» деген қағиданы бұзба!
28. Тал ек, мал бақ. Бір кезек осы істі жасап көр