Биохимия асқорыту туралы түсінік


Сілекей бездері. Жіктелуі. Функционалдық мәні. Сілекей, құрамы, қызметі



бет18/28
Дата12.05.2023
өлшемі256,78 Kb.
#92649
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
МОРФ АУЫЗША АСКОРТЫУ (1)

8. Сілекей бездері. Жіктелуі. Функционалдық мәні. Сілекей, құрамы, қызметі.
Ауыз қуысында тағамның химиялық өңделуі жүзеге аса бастайды. Бұған сілекейдің құрамындағы ферменттердің атқаратын қызметі өте маңызды. Ауыз қуысынан тыс орналасқан үш ірі: құлаққасы, тіласты, жақасты, сілекей бездері де маңызды қызмет атқарады.
Қызметтері:
• Сілекейді өңдеп шығарады. Сілекейдің құрамында шырышты затгликопротеин- муцин мен ферменттер болады. Бұған: амилаза, пептидаза, липаза, мальтоза, нуклеоза ферменттері жатады. Сілекейдің құрамында бактериоциттік заттар- секреторлы антиденелер мен лизоцим де болады.
• Эндокринді қызметі. Инсулинге ұқсас жəне лимфоциттерді өсіретін, нервтер мен эпителиді өсіретін факотрларды бөледі. Қан тамырларының диаметрін кеңейтетін калликреин жəне мұның қарсыласы ренин де синтезделеді.
Құрылысы. Аталған бездердің бəрі де паренхиматозды, бөлшектенген мүшелер. Паренхимасы- бездің секреторлы бөлігі мен өзектеріндегі эпителий болса, ал стромасын БТҚДТ- түзеді.
Құлаққасы безі- күрделі тармақталған, бөлетін секреті таза белокті, бөлшектенген без. Бездің əрбір бөліктері секреторлы жəне қыстырма, бөлік ішкі сызықты өзектерден тұрады. Бездің соңғы секреторлы бөліктерінде екі түрлі жасушалары болады. Олар: сероциттер мен миоэпителоциттері. Сероциттердің пішіні конус тəрізді, екі полюсі айқын көрінетін секреторлы жасушалар. Ядросында эухроматині басым. Бұлардың базальді полюсінде көптеген түйіршікті эндоплазмалы тор, гольджи комплексі , ал апикалді бөлігінде- ферментті түйіршіктері мен көпіршіктері болады. Сероциттердің арасында секреторлы каналдар бар екені де білінеді. Секреторлы жасушалардың сыртын ала жасушалардың екінші түрі миоэпителоциттер орналасады. Бұлардың пішіні жіп тəрізді, өсінділі, цитоплазмасында жақсы дамыған жиырылғыш миофиламентоциттері болады. Миоэпителоциттердің өсінділерінің жиырылғыштық қызметінің арқасында, секреттің сыртқа бөлініп шығуы жүзеге асады.
Құлаққасы безінің секреторлы өзектері мына бөліктерге: қыстырма, сызықты, бөлікаралық жəне жалпы секретті сыртқа шығаратын өзек болып жіктеледі. Қыстырма өзектерінің қуысы бір қабатты жалпақ немесе куб тəрізді эпителимен тысталады. Бұлардың сыртын миоэпителиоциттер қоршайды.
Сызықты өзектері- цилиндр тəрізді эпителиоциттерден түзілген, бұлардың базальді полюсіндегі қатпарларында көптеген митохондриялары болады. Осыған байланысты сызықты өзектегі жасушалар белсенді түрде натрий иондарын тасымалдауға қатысады да, сілекейден суды сорады. Осыған байланысты сілекейдің концентрациясы өзгереді.
Бөлік аралық өзектерінің қуысы алғашқы да екі қатарлы, сосын барып көп қабатты эпителимен тысталады. Жалпы секрет шығатын өзектің қуысы көп қабатты эпителимен қоршалған.
Жақасты бездері- күрделі альвеолярлы немесе альвеоляры- түтікшелі. Секретті белокті- шырышты ( белогі көп) – аралас . Бездің бөліктері: белокті жəне аралас болып жіктеледі. Аралас бөліктерінің құрамында 3 түрлі жасушалары: сероциттер, мукоциттер мен миоэпителиоциттер болады. Сероциттердің құрылысы жоғарыда айтылғандай. Ал, шырышты жасушалары немесе мукоциттері бездің секреторлы бөлігінің ортасын ала орналасады. Өте ірі, бояу алу қабілеті нашар, бірақ жақсы дамыған ЭПТ мен ГК болады. Апикальді бөлігінде шырышты көпіршіктері жақсы көрінетін жасушалар. Сероциттері мукоциттердің сыртын қоршап, Джиануццидің белокті жарты айшықтарын түзеді. Ал, бұлардың сыртын миоэпителиоциттер қоршайды. Қыстырма өзектері қысқы, ал сызықты өзектері бұларға қарағанда жақсы дамыған; Сызықты өзектерінің қабырғасында: сызықты (митохондриялары бар), бокал тəрізді (секреторлы), эндокринді (гормондар бөлетін) жасушалар болады.
Тіласты бездері- альвеолярлы-түтікшелі, бөлетін секреті шырыштыбелокті, секретінің құрамында екі түрлі: шырышы басым болып келген мукоциттер мен сероциттері болады Бұл бездің құрамында: белокті, аралас жəне шырышты секреторлы бөліктері болады. Шырышты соңғы бөліктерінің құрамында екі түрлі: мукоциттер мен миоэпителиоциттері болады. Ал, қалған екі бөліктерінің құрылысы жоғарыда айтылғандай. Қыстырма жəне сызықты өзектері нашар дамыған. Бөлік ішкі жəне бөлік аралық өзектері басқа екі бездермен салыстырғанда өте жақсы дамыған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет