4. Ауыз қуысының шырышты қабаты. Шайнау түрі. Қызыл иектің құрылысы: қыстырылған, еркін бөліктері мен тіс аралық бүрлері. 5. Ауыз қуысының шырышты қабаты. Шайнау түрі. Қатты таңдайдың құрылымы: майлы және безді аймақтар. 6. Ауыз қуысының шырышты қабаты. Жұмсақ таңдайдың құрылымы: орофарингеальді және назофарингеальді беттер. Язычок. 7. Ауыз қуысының шырышты қабаты. Тіл. Тілдің жоғарғы, бүйір және төменгі бетінің шырышты қабығының құрылымы. тіл беттері. Тілдің бүрлері. Тіл- тілдің денесі көледенең-жолақ ет тіні. Ет талшықтары тілде əртүрлі бағытта орналасады: тік, көлденең, қиғаш талшықтары болғандықтан, тіл күрделі қозғалыстар жасайды. Ет талшықтаының арасында БТҚДТ мен қан тамырлары, нервтер жəне май жасушалары орналасады. Тіддің бүйір бетінде жəне жоғарғы жотасында кілегейлі қабығы тіл етімен тікелей байланысқан сондықтан бұл тұстарында кілегей асты негізі болмайды. Кілегейлі қабығы екі қабаттан тұрады: көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиі жəне меншікті пластинкасы, бұлардан тіл бүртіктері түзіледі.
Тілде төрт түрлі бүртіктер болады. Олар: жіп тəрізді, саңырауқұлақ тəрізді, жапырақ жəне науа тəрізділері. Бұлардың ішіндегі ең көбі - жіп тəріздісі, бұл тағамның дəмін сезуге қатыспайтын бүртіктер болып саналады, тілдің ұшында орналасады. Қалған бүртіктері тіл эпителиінің құрамындағы дəм сезу бүртіктерінің тобын түзеді. Жапырақ тəрізді бүртіктер, тілдің екі бүйір бөліктерінде орын алады, балаларда өте жақсы дамыған. Саңырауқұлақ тəріздестері тіл жотасында шашарап орналасқан. Науа тəріздес бүртіктері тіл түбірі мен тіл денесінен орын алады. Тілде дəм сезу түйіндері де бар, олардың пішіні элипс тəріздес.Бұлар тіл эпителиінің құрамында орналасады. Тілде дəм сезу түйіндерінің төрт түрлі: тіректік, сезімтал( сенсорлы), базальді жəне нерв ұштарымен синапс түзетін жасушалар болады. Тілде ұсақ сілекей бездері де болады. Олардың саны өте көп. Бездердің соңғы секреторлы бөліктері БТҚДТ- нің қабыршақтарының ішінде орналасады. Тілде үш түрлі сілекей бездері болады: белокты, шырышты жəне аралас. Бұлардың бəрі де, қарапайым түтікшелі немесе альвеолярлытүтікшелі бездерге жатады. Тіл түбіріндегі бездер шырышты, ал денесіндегі бездері-белокты, тіл ұшындағы-аралас бездер болып саналады.