Биохимия кафедрасы


Липопротеидтер, құрылымдық және тасымалдаушы, құрылысы



Pdf көрінісі
бет27/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
9.Липопротеидтер, құрылымдық және тасымалдаушы, құрылысы. 
Липопротеидтерлипид-белокты комплекстер, олардың құрамына әр түрлі липидтер 
кіреді. Атқаратын қызметіне қарай: құрылымдық липопротеидтер және транспорттық болып 


40 
жіктеледі. Құрылымдық липопротеидтер – биомембрана, эндоплазмалық тордың және 
клеткадағы басқа органоидтардың құрамында кездеседі. Тасымалдаушы липопротеидтер 
құрамына кіретін липидтерге байланысты үш түрге: тығыздығы өте төмен 
липопротеидтер(ТӨТЛП), тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП), тығыздығы жоғары 
липопротеидтер (ТЖЛП) бөлінеді. Олар бауырда синтезделіп, ерімейтіән липидтерді 
тасымалдауға қатысады.
 
10.Тыныс алу ферменттері, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.
Тыныс алу ферменттері тотығу – тотықсыздану реакцияларына қатысып, ағзаны 
энергиямен қамтамасыз етеді. Оларға: флавопротеидтер, цитохромдар, каталаза, пероксидаза 
жатады.
11.Нуклеопротеидтер, жалпы құрылыс ерекшелігі, рөлі.
Нуклеопротеидтер – күрделі белоктар, молекула құрамында көп мөлшерде фосфор 
қышқылының қалдығы болғандықтан, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Нуклеопротеидтер 
суда, сілті ерітінділерде ериді, молекулалық массасы бірнеше миллион немесе тіпті миллиард 
дальтонға дейін жетеді.
Нуклеопротеидтердің молекуласы жай белоктан және простетикалық топтан тұрады. 
Простетикалық тобы нуклеин қышқылы. Нуклеопротеидтер тірі организмде маңызды рөл 
атқарады. Жасушада, тіндерде жүретін барлық белоктардың синтезіне тікелей қат ысады, 
белоктардың ерекшелігін, құрылысын, қасиеттерін қамтамасыз етеді. Көбею процесіне 
қатысады, тұқым қуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Нуклеопротеидтердің құрамына қандай нуклеин қышқылы кіретіндігіне байланысты 
дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып 
бөлінеді.
Жануарлардың нуклепротеидтерінің құрамында гистондар көп, ал теңіз 
жануарларында протаминдер көп. Аз мөлшерде альбуминдер, глобулиндер кездеседі. 
ДНҚ-ны қорғауда гистон белоктарының маңызы үлкен, хромосоманың құрылымын 
сақтап тұру ықпалын тигізеді, гендердің экспрессиясын реттеуге қатысады. 
Нуклеопротеидтің құрамына кіретін гистонға жататын белоктар ферменттік қасиет 
көрсетеді. 


41 
Í Ó Ê Ë Å Î Ï Ð Î Ò Å È Ä Û
Ï ðî ñòû å áåëêè 
Í óêëåèí î âû å êèñëî òû
(ï î ëèí óêëåî òèäû )
(ï ðî òàì èí û , ãèñòî í û , 
àëüáóì èí û , ãëî áóëèí û ) 
n(í óêëåî òèäû )
(í óêëåî çèäô î ñô î ðí û å êèñëî òû )
í óêëåî çèä
ô î ñô î ðí àÿ êèñëî òà
î ñí î âàí èå
ï åí òî çà
ï óðèí î âû å
ï èðèì èäèí î âû å 
ðèáî çà 
äåçî êñèðèáî çà
àäåí èí
ãóàí èí
óðàöèë
òèì èí
öèòî çèí


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет