Биохимия кафедрасы


Циклды АМФ (ц – АМФ), құрылысы, маңызы



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
14.Циклды АМФ (ц – АМФ), құрылысы, маңызы.  
Аденилатциклаза фермент арқылы АТФ-тан АМФ-тың циклды формасын синтездеуге 
болады. Соңғы уақытта нуклеотидтердің циклды формасына өтке көп көңіл бөлінуде. Әсіресе
цАМФ екіншілік мессенджер (messenger - тасымалдаушы) рөлін атқаруда. Мессенжерлар 
клеткаға гормондардың хабарын жеткізіп тұрады. ц.АМФ иммунологиялық реактивтілікті 
реттеуде, бірінші механизм арқылы әсер ететін гормондардың сигналын тасымалдауда және 
белоктың синтезін реттеуде үлкен рөл атқарады.
Басқа нуклеозидтрифосфаттардан сәйкес ферменттердің әсерінен циклды нуклеотидтер 
түзіледі: ц.ГМФ, ц.УМФ, ц.ЦМФ, ц.ТМФ, солардың ішінде ц.ГМФ механизмі жақсы зерттелген. 
ц.ГМФ физиологиялық әсері жағынан ц-АМФ-ке антагонист. 


45 
15.ДНҚ, құрылысы, нуклеотидті құрамы, комплементарлы нуклеотидті тізбегі. 
ДНҚ молекуласының құрамына пентозаның өкілі ретінде дезоксирибоза, ал пуриндік 
негіздерден аденин (А) және гуанин (Г), пиримидиндік негіздерден - тимин (Т) және цитозин 
(Ц) кіреді. ДНҚ құрамына кіретін пуриндік және пиримидиндік негіздердің сан жағынан белгілі 
бір заңдылыққа бағынатын Э. Чаргафф (1949) ашты. Оны Э. Чаргафф ережесі деп атады: 
1.Пуриндік негіздердің саны пиримидиндік негіздердің санына тең (А+ Г = Т + Ц); 
2.Аденин саны тимин санына тең, ал гуанин саны цитозиннің санына тең (А=Т; Г=Ц); 
3.Алтыншы көміртегіндегі -амин тобының саны, сол көміртегіндегі кето тобының 
санына тең; 
4. Аденин мен тиминнің қосындысы гуанин мен цитозиннің қосындысына тең: ( (А+Т) = 
 (Г+Ц). 
Соңғы ереже тек микробтардың ( ДНК Е.Соlli.) организміне тән. Әр текті организмнен 
алынған ДНҚ препараты А+Т және Г+Ц арақатынасымен сипатталады. Адам үшін бұл 
арақатынас 1,5; ірі қарада — 1,3; Е. Соlli үшін – 1,0. Әрбір түрде ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамы 
әр түрлі, бірақ бір организмде оның жасына және әр түрлі физиологиялық күйіне қарамастан 
клеткалардың барлығында да ДНҚ саны бірдей мөлшерде болады. ДНҚ мөлшері тек қана 
клетканың атқаратын функциясына байланысты. Сперматозоидтарда клетканың құрғақ 
массасының 60% ДНҚ болып келеді. Басқа көптеген клеткаларда 1 ден 10% құрайды. ДНҚ-
ның ең аз кездесетін жері қаңқа бұлшық еттерінде - 0,2% (клетканың құрғақ салмағына 
есептегенде). 
Джеймс Уотсон және Френсис Крик (1953) ДНҚ құрылымын анықтады. Бұл еңбектегі 
жаңалықтарының ең бастысы- негіздердің комплементарлы орналасуының заңдылығы, 
яғни адениннің тиминге, ал гуаниннің цитозинге комплементарлы болуы А-Т, Г- Ц. 
Уотсона мен Крика моделі бойынша нуклеотидтердің құрамындағы дезоксирибоза 
және фосфор қышқылының қалдықтары спираль тәрізді ширатылған екі 
полинуклеотидтік тізбектердің бойында орналасқан, ал пуриндік және пиримидиндік 
негіздер тізбек қсіне перпендикуляр орналасады.


46 
11сурет. ДНҚ-ның қос спиралінің құрылысы(Уотсон және Крик бойынша) 
Форма В 
Мұнда аденин әрқашан тиминмен, ал гуанин цитозинмен жұпталынады, яғни пуриндік 
және пиримидиндік негіздер бір бірімен комплементарлы байланысады. А мен Т екі сутектік 
байланыспен, ал Г мен Ц үш сутектік байланыспен жалғасқан (с. 11). 
Нуклеин қышқылдарының құрылысы өте күрделі болады. Оларға төрт деңгейдегі реттік 
құрылым тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет