Биохимия кафедрасы


Пептидазалар(пептидгидролазалар), құрылымы, жіктелуі, каталити-калық әсері



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
4. Пептидазалар(пептидгидролазалар), құрылымы, жіктелуі, каталити-калық әсері, 
орналасуы. 
Пептидгидролазалар топшасы белоктарға әсер етеді және пептидтік байланыстардың 
үзілуіне мүмкіндік туғызады. Ол 2 топшадан тұрады:
- эндопептидазалар- белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды 
үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады; 
- экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байланыстарды үзіп 
оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді. 
5. Эндопептидазалар, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасуы. 
Эндопептидазалар - белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды 
үзіп оны полипептидтерге дейін ыдыратады. Өкілдері: пепсин, трипсин, химотрипсин, 
катепсиндер. Пепсин- активсіз пепси-ноген түрінде асқазан жасушаларынан бөлінеді. Тұз 
қышқылының әсе-рінен пепсиноген активті пепсинге айналады, ол белокты гидролиздеп 
полипептидтерге дейін ыдыратады. Трипсин активсіз күйде ұйқы безі-нен бөлінеді де 
энтеропептидазалармен активтенеді, ол аргинин мен лизиннен құралған -диаминомонокарбон 
қышқылдарындағы пептидтік байланыстарды үзеді.Химотрипсин ұйқы безінде түзіледі, ол 
трипсин-мен активтеледі. Катепсиндер жасушаішілік ферменттер, қабыну немесе жасушаның 
өлуі кезінде активтенеді. 
6. Экзопептидазалар, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасуы. 
Экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байла-ныстарды үзіп, 
оларды амин қышқылдарына дейін гидролиздейді. 
Өкілдері: 1)А және В карбоксипептидазалар- құрамында кофермент рө-лінде мырыш 
ионы бар күрделі фермент. Олар ұйқы безінде активсіз прокарбоксипептидазалар түрінде 
түзіледі де трипсинмен активтенеді. Пептидтердің С –соңынан амин қышқылдарын бөледі; 2) 
аминопети-дазалар жасушаларда және ішек сөлдерінде болады. Ол пептидтерден амин 
қышқылдарын N- соңынан бөліп шығарады. 
7. Лиазалар, құрылысы, жіктелуі, өкілдері, каталитикалық әсері, таралуы. 
Лиазалар- судың қатысынсыз субстраттан белгілі топтарды бөліп алуды тездететін немесе 
топтарды қос байланыс бар жерге қосатын ферменттер класына жатады. Бұлар екі 


65 
компонентті, жасушаішілік ферменттер. Өкілдері: кетоқышқылдардың декарбоксилазалары, 
декарбоксилазалар, карбоангидразалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет