16. Тағамның көмірсулары, жіктелуі және маңызы. Көмірсулардың қорытылуы. Моносахаридтердің сіңу жылдамдығы мен механизмдері. Көмірсулар белоктармен және липидтермен бipre тағам арқылы түседі. Белоктар, липидтер, көмірсулар төмендегідей қатынаста болуы тиіс (Б:Л:Кс) – 1:1:4.
Энергияға кажеттіліктің 50%-ы көмірсулардың есебінен толықтырылады. Тәулігіне адам opганизміне 400-500 г көмірcy түсіп тұруы керек немесе 1000 ккал энергия шығынына 124г.
Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдік полисахаридінің қоры – крахмал (картоп, ұн, күріш) құрайды.
Жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» - гликоген (ет, бауыр);
Тағам көмірсуларының рөлі:
энергетикалық - көмірсулардьң 99%-ы энергия түзуге жұмсалады;
пластикалық, құрылымдьқ немесе структуралық - ГАГ-тар, гликопротеидтер және басқа да белоктар (организмдеп барлық дерлік белоктардың құрамында көмірсулар болады), нуклеин қышқылдары, липидтер, глюкуронаттар, мембрана гликолипидтері
қорға жинау - глюкозаның қоры гликоген болып табылады;
сигналдық - көмірсулар рецепторлардың (тану бөлімінің) жэне кейбір гормондардың, мысалы, ТТГ, ФСГ құрамына кіреді. Көмірсулар тіндердің антигендігін қамтамасыз етеді.
17. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Қан плазмасындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкозаның бүйрек шегі. Қандағы глюкоза мөлшері қалыпты деңгейде 3,4-6,1 мМоль/л. Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы гипергликемия болады, ал төмендеуі гипогликемия болады.
Глюкозаның бүйректік межесі – 8,8мМ/л. Қалыпты жағдайда зәрмен бөлінбейді, асып кетсе глюкозурия болады
Бауыр қандағы глюкоза мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды. Бауырдың глюкостатикалық қызметі үш үрдіс:
I. Гликогеногенез
II. Гликогенолиз
III. Глюконеогенез
Қанда глюкоза мөлшері жоғарылағанда, оның артық бөлігі гликогеннің түзілуіне жұмсалады. Қанда глюкоза мөлшері жоғарылағанда гликогенолиз және глюконеогенез жүреді. Бауыр жасушаларының басқа жасушалардан ерекшелігі олар глюкозаның концентрациясына байланысты глюкозаны екі жақты: жасушааралық зат пен қанға өткізе алады. Сонымен, бауыр қандағы глюкоза мөлшерінің тұрақтылығын сақтап, глюкостатикалық қызмет атқарады.