БИОЛОГИЯ • АДАМ ДЕНЕСІ • ЖҮРЕК ЖӘНЕ ҚАН
5
Артерия қанды жүректен ағзаның ұлпаларына
жеткізеді, ал вена болса, ұлпалардан жүрекке жеткізеді.
Сол себепті артериялар қанды үлкен қысымда алады,
қан түйіршіктерін өте үлкен қысымда өткізетіндіктен,
олардың қабырғалары
осы қысымға төтеп бере
алатындай жуан, бұлшықетті және майысқақ болады.
Венадағы қан қысымы төмен, сол себепті венаның
қабырғалары жұқа және оның құрамында майысқақ
талшықтар болмайды. Бірақ, веналардың қанның кері
бағытта ақпауын қадағалайтын қақпақшалары болады.
Артериялар веналармен
капиллярлар деп аталатын
өте ұсақ қан тамырлары арқылы байланысқан. Олар
әрбір ұлпаға таралып жатады және жасушаларға
жақын орналасады. Капиллярлардың қалыңдығы
бір жасушаның қалыңдығындай және олар барлық
жасушаларға жақын орналасады,
сол себепті
капиллярлар арқылы қоректік заттар жасушаға оңай
еніп-шығады.
Достарыңызбен бөлісу: