«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Сүтқоректілердің қан айналыс жүйесінің сызба нұсқасы



бет99/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   107
92-сурет. Сүтқоректілердің қан айналыс жүйесінің сызба нұсқасы: 1-оң жақ құлақшалары; 2- сол жақ құлақша, 3- оң жақ қарынша; 4-сол жақ қарынша, 5-өкпе артериясы, 6-өкпе венасы, 7-сол қолқа доғасы; 8-арқа қолқасы, 9- атсыз артериялар, 10-оң жақ бұғана артериясы, 11-оң жақ ұйқы артериясы, 12-сол жақ ұйқы артериясы, 13-сол жақ бұғана артериясы, 14-ішкі артерия, 15-алдыңғы шажырқай (брыжеечная) артериясы, 16-бүйрек артериясы, 17-артқы шажырқай (брыжеечная) артериясы, 18-жыныс артериясы, 19-мықын артериясы, 20-құйрық артериясы, 21-сыртқы ярем венасы, 22-ішкі ярем венасы, 23-бұғана асты вена, 24-оң жақ алдыңғы жыныс венасы, 25- сол жақ алдыңғы жыныс венасы, 26-құйрық венасы, 27-мықын венасы, 28-артқы жыныс венасы, 29-жыныс венасы, 30-бүйрек венасы, 31-бауыр веналары, 32-бауырдың қақпа венасы, 33-қарын-талақ венасы, 34-алдыңғы шажырқай (брыжеечная) венасы, 35-артқы шажырқай (брыжеечная венасы), 36-өкпе, 37-бауыр, 38-бүйрек, 39-қарын, 40-ішек.

Асқорыту жүйесі: Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің күрделілігі оның ұзарып айқын жіктелуі және асқорыту бездерінің күшті жетілуімен сипатталады.


Ауыз тесігі сыртқы жағынан тек сүтқоректілердің және қозғалмалы ерінмен жіктелген. Нағыз ауыз қуысы қызыл иек және күрделі жіктелген тістермен ауыз алды қуысынан бөлінеді. Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің (шықшыт (7), тіл, тіл асты) өзектерімен көптеген майда бездер ашылады. Асқорытудың түбінде беті көптеген дәм сезу емізіктерімен қапталған қозғалмалы етті мүше-тіл орналасқан. Оның түбірінен жұтқыншақ басталып етті таңдай (кішкене тіл) арқылы жоғарғы бөлімі-мұрын жұтқыншақ, төменгі бөлімі-ауыз жұтқыншаққа бөлінеді. Өңеш (8) кеңірдектің артында орналасып, диафрагманы тесіп өтіп қарынға (9) ашылады. Ол құрсақ қуысының сол жағын ала орналасып үстінен бауырмен (17) жабылып жатады.
Қарыннан ұзын ішек басталады. Оның басы онекі елі ішек (10), ол түйін (иін) құрап онда үйқы безі (11) орналасып оның өзектері ашылады. Онекі елі ішектен соң жіңішке (12) ішек басталып бірнеше түйіндер құрап жуан ішекке (13) ашылады. Осы шегарада соқыр шек (14) орналасады. Бұл ішек шөп қоректілерде үлкен болып микроағзалар көмегімен қиын қорытылатын қоректі қорытуға көмектеседі. Күйіс қайыратындарда бұл қызметті үлкен қарын атқарады. Жыртқыштарда соқырішек нашар, соқыр өсінді (апендикс) түрінде болады. Жуан ішек жоғары көтерілетін көлденең және төмен түсетін бөлімдерге бөлініп, соңғысы тік ішекке (15) ауысып, анал тесігіне (16) ашылады. Жалпы ішек ұзындығы қорегіне байланысты ең қысқасы жыртқыш (3-7), орташасы дән қоректілер (7-13), ең ұзыны күйісқайырушылар (20-28 ) есе денеден ұзын.
Диафрагма астында бірнеше бөлікті күңгірт-қызыл-бауыр орналасады. Бауыр өт бөледі, ол көпшілік сүтқоректілердің өт қабында жиналып, онекіелі ішекке тек қорек өткен кезде құйылады. Өт құрамында ферменттер жоқ тек майда эмульсиялайтын қышқылдар болады. Бауырдың қызметі қан құрамын (глюкоза) реттеп, зиянды заттарды залалсыздандырады.
Қанның астыңғы бөлігіне жабысып жатқан ұзынша қызыл мүше-талақ (18) қан айналыс жүйесіне жатады (қан депосы). (93 сурет ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет