85-сурет. Қарғаның мойын омыртқалары: А-атлант, Б-эпистрофей, В-орта м/омыртқасы. 1-буын шұқыры, 2-жұлын каналы, 3-омыртқа денесі, 4-тісті өсінді, 5-жоғарғы доға, 6-артқы өсінді, 7-алдыңғы буын өсіндісі, 8-артқы буын өсіндісі, 9-көлденең өсінді, 10-қабыртқалық өсінді, 11-омыртқа тесігі.
Көкірек бөлімі қарға, кептерлерде алты (жалпы 3-10) омыртқадан тұрып, көпшілік құстардағы сияқты бірігіп кетіп-арқа сүйегін құрайды. Көкірек омыртқаларына қабырғалар байланысады. Қабырғалар өзара қозғалмалы шеміршек арқылы арқалық және құрсақтың бөлімдерге бөлінген, имек сүйекті пластинат пішінді. Қабырғалардың жоғарғы арқалық бөлігі омыртқа жотасымен, ал құрсақтың бөлігі төспен буындар арқылы қозғалмалы байланысқан. Қабырғалардың осы аталған қозғалмалы байланыстары төстің жоғарғы-төмен қозғалып, құрсақ (дене) қуысының көлемін белгілі дәрежеде өзгеруін қамтамасыз етеді. Арқалық қабырғалардағы ілмек тәрізді өсінділердің келесі қабырғаға үстінен артылып жатуы көкірек торының қатты-мықтылығын қамтамасыз етеді.
Төс не төс сүйегі жалпақ және ұзын ішке қарай ойыс пластина тәрізді, орта сызық бойымен биік сүйекті жал-қыры болады. Төстің осындай құрылымы ұшуға бейімдеушіліктің ең жоғарғы белгісі. Төс қыры тек ұстайтын түйеқұстарда ғана болмайды. Бірақ ұшпайтын дуадақтар, бөденелер, нашар ұшатын тауықтарда төс қырлары нашар жетіледі (салыстырып қарау қажет). Төстің алдыңғы жиегінде төсті тұлғаға берік жалғастыратын каракойдпен буындастырушы беті орналасады. Төстің бүйір жиектерінде құрсақтың қабырғалармен байланыстыратын буын ойықтары болады. (86-сурет)
86-сурет. Құстың тұлға қаңқасының бүйірінен көрінісі: 1-соңғы мойын омыртқалары, 2-біріккен көкірек омыртқалары-арқа сүйек, 3-мойын қабыртқалары, 4-құрсақтық, 5-ілмек тәрізді өсінді, 6-төс денесі, 7-төс қыры, 8-күрделі сегізкөз, 9-қозғалмалы құйрық омыртқалары, 10-пигостиль, 11-коракойд, 12-бұғана (айырша), 13-жауырын, 14-жауырынның буын шұқыры, 15-мықын сүйегі, 16-шонданай сүйегі, 17-лонн (маңдай) сүйегі, 18-ұршық шұқыры.
Достарыңызбен бөлісу: |