«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Үй қоянының бас миы А-үстінен , Б-астынан көрінісі



бет101/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107
95-сурет. Үй қоянының бас миы А-үстінен , Б-астынан көрінісі.
1-алдыңғы ми сыңарлары, 2-аралық ми, 3-ортаңғы ми, 4-мишық, 5-сопақша ми, 6-жартышар, 7-иіс сезу жуашығы, 8-жаңа қабық, 9-гипофиз, 10-эпифиз, 11- четверхолмие, 12-мишық жартышары, 13-мишықтағы иірімдер, 14-пирамидалар, ІІ, ІІІ V-VІІ-бас нервтері.
Бас миының астыңғы жағынан көру нервтерінің айқасуы-хиазманы, одан төменірек-гипофизді, сонан соң воролиев көпірін және бас ми нервтерінің түбіршіктерін байқауға болады. Муляжбен салыстырып қарау керек.


Зертқаналық жұмыс. Сүтқоректілердің қаңқасы
Сүтқоректілердің қаңқасы төрт аяқты омыртқалылар қаңқаларының ерекшеліктері негізінен сақталған. Ол бас қаңқасы, омыртқа жотасы, көкірек торы, аяқ-қол және белдеу бөлімдеріне бөлінген. Омыртқа жотасының бөлімдері айқын жіктелген. Мойын омыртқасының саны тұрақты-7. Омыртқалардың буын беттері тегіс-платицельді типте. Бас қаңқасы ми сауыты бөлігінің күшті жетілуі, кейбір сүйектердің бірігіп кетуі, есіту бөлімінің күшті жетілуі, иіс сезу қалқаншалар қалыптасуы және шүйдедегі екі ілмешектің болуымен сипатталады.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:
1. Барлық сүйектері сақталған кез-келген сүтқоректілердің қаңқасы.
2. Ірі сүтқоректілердің жекеленген сүйектері.
3. Насеком қоректі, кеміруші, жыртқыш, тұяқтылардың бас қаңқасы.
4. Пинцет, инелер.
Тапсырма
Таратылып берілген таблица, зертханалық жұмыстар әдістемеліктерін пайдалана отырып, көріп, оқып-біліп сәйкес суреттерін салу.
І. Бас қаңқасы: а) ми асуытының сүйектері, ә) бет бөлімінің сүйектері,
ІІ. Омыртқа жотасы: а) мойын омыртқалар ерекшеліктері, ә) көкірек, б) бел, в) сегізкөз, г) құйрық омыртқасы құрылыс ерекшеліктері, саны
ІІІ. Көкірек торы: көкірек торы құрайтын сүйектер.
ІV. Белдеу қаңқасы: а) иық белдеу сүйектері, ә) жамбас белдеу сүйектері.
V. Аяқ-қол өз сүйектері. І, ІІ және ІІІ элементтері.

Бас қаңқасы сүтқоректілердің бас қаңқасы құстардан біршама айырмашылықтары бар. Оларға негізінен қалың, ауыр өзара тегістермен байланысады; ми сауыты көлемі, көзшарасы кішілеу, бірсыпыра сүйектер бірігуіне байланысты сүйектер саны аз. Мұрын бөлімінде торлы сүйек қалыптасып оның ортаңғы бөлігі мұрын пердесін құраса, бүйір бөлімдері иіс сезу қалқаншаларын түзейді. Бастың артқы жағында тек сүтқоректілерге тән бұрыш сүйегінен дамитын ірі барабан сүйектері байқалады. Екінші реттік таңдай жақсы дамыған. Бас қаңқасының алдыңғы бөлігінде тістер орналасады. Төменгі жақ бас қаңқасына тікелей байланысады.


Ортаңғы құлақ тұсында үш есіту сүйектері-үзеңгі және алғаш қалыптасқан балғашық және төс сүйектері байқалады.
Омыртқа жотасы-айқын бес бөлікке жіктелген. Мойын бөлімі жеті омыртқадан тұрады (тек ломентин жалқау маймылдарда 6-9). Бірінші-екінші омыртқа барлық амниоттардағы сияқты-атлант және эпистрофей құрылыстары ұқсас тек атлантта шүйде ілмешектерімен байланысатын екі буын шұқыры болады. Қалған омыртқаларға қалыпты омыртқалық құрылыс тән.
Кеуде омыртқалар саны тұрақсыздау 9-дан 24-ке дейін, көбінде 12-13. Ерекшеліктері артқы өсінді ұзын артқа-төмен бағытталған, сонымен қатар қабыртқалармен байланысатын болғандықтанда буын беттері көптеу болады.
Бел омыртқалары ірі, қабыртқа болмайды. Көлденең, артқы өсінділері ұзын емес, өзара перпендикуляр орналасады (2-9).
Сегізкөз бөлімі (2-10) көбіне бес омыртқа бірігуінен пайда болған ірі мықты сүйек, ішкі беті ойыс тегіс, сыртқы беті дөңес бұдырлы.
Құйрық омыртқалары 3-46 (ящер) ауытқып отырады. Негізгі өсінділері қысқа.
Көкірек торы-төс, қабыртқалар және көкірек омыртқаларынан құралады. Қабыртқалар жоғарғы басымен көкірек омыртқаларының денесі және көлденең өсінділерімен буын арқылы байланысса, алдыңғы басы шеміршек арқылы төспен байланысады. Қабыртқалар нағыз және жалған болып білінеді, соңғыларының ұшы бос төске жетпейді. Төс сүйегі үш бөлік жоғарғы-тұтқа, орта-дене, соңғысы-семсер өсіндісі.
Белдеу қаңқасы. Иық белдеуі көпшілігіне тек жауырын сүйегінен тұрады. Каракойд сүйегі біртесіктілерде сақталса жоғарғы аңдарда жауырынға бірігіп, оның каракойд өсіндісін құрайды. Бұғана сүйек алдыңғы аяқ тек бір жазықтықта қозғалатындарда болмайды да, алдыңғы аяғы әртүрлі жазықтықта қозғалмайтындарда көртышқан, жарғанат, ағашқа өрмелеушілер-маймылдарда болады. Ол жауырынды төспен байланыстыратын кішірек көлденең сүйек.
Жамбас белдеуі біріккен үш сүйектен (мықын, шонданай маңдай сүйектері) біріккен атсыз сүйектен тұрады. Ол сүйектер сегізкөз және алдыңғы жағынан өзара байланысып жабық жамбасты құрайды. Атсыз сүйекте ұршық шұқыры орналасады.
Қалдық аз сүйектері иық-тоқпан жілік; білек (шынтақ шыбық); кәрі жілік және қол басы. Қол басы білезік, алақан және саусақ фалангаларынан (негізгі, аралық және тырнақтық) тұрады. І саусақ екі фалангадан тұрады.
Артқы аяқ-сан- ортан жілік; сирақ-асықты жілік және аяқ басы. Сан бірғана сүйектен тұрса, сирақ үлкен және кіші сирақ сүйектерінен тұрып, тізе буынында тобық сүйегі орналасады. Аяқбасы тірсек сүйектерінен, ең ірісі-өкше сүйегі. Табан сүйегі 4-5 ол саусақ фалангаларымен аяқталады. Табан мен саусақ сүйектерінің өзгерістері эволюцияда алуан бағытта (идиоадаптация) жүрген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет