«Биология, география және химия» ббб


Зертқаналық жұмыс. Сүтқоректілер-Mammalіa класы



бет97/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107
10. Зертқаналық жұмыс. Сүтқоректілер-Mammalіa класы
СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сүтқоректілерге омыртқалы жануарлардың ішіндегі еңбір жоғары ұйымдасқан тобы жатады. Сүтқоректілер құрылымындағы негізгі прогрессивті белгілер: 1. Ұрпақтарын ана ағзасының арнайы сүт бездері бөлетін сүтпен асырауы; 2. Ұрықтың дамуы ананың ішінде өтіп, оның қоректенуі ана ағзасы есебінен жүреді; 3. Дене t0 салыстырмалы тұрақтылығы, оның күрделі жылу реттеуші механизмдер арқылы жүзеге асуы; 4. Сүтқоректілердің мінез-құлықтарының күрделілігі, сезім мүшелерінің жақсы жетілуі, жалпы ағзаның ішкі мүшелері мен олардың үйлесімді жұмысы ОЖЖ жоғары дамуына байланысты. осы аталған белгілер с/қ-дің кең таралуына жағдай жасаған.


Тапсырма:
І. Сүтқоректілерге сипаттама.
ІІ. Өкілінің систематикалық жағдайы.
ІІІ. Тірі объект немесе тұлып арқылы сыртқы құрылысымен танысу.
ІV. Сою немесе ылғал препораттар арқылы ішкі мүшелер жүйелерімен жалпы танысу.
а) қан айналыс жүйесі-сызба кестесі;
ә) асқорыту жүйесі мүшелері;
б) тыныс алу жүйесі мүшелері;
в) несеп-жыныс жүйесі мүшелері;
г) жүйке жүйесі мүшелерімен танысып, көріп біліп сәйкес суреттерін салу
Жұмыстың барасы
Өкілінің систематикалық жағдайы:

Тип:

Хордалылар -

Chordata

Тип тармағы:

Омыртқалылар-

Vertebrata

Класс үсті

Төрт аяқтылар

Tetrapoda

Класс:

Сүтқоректілер

Mammalіa

Клас тармағы:

Жоғарғы аңдар

Therіa

Отряд:

Кемірушілер

Rodentіa

Тұқымдас:

Тиіндер

Scіurіdae

Өкілі:

Құм сарышұнағы

Cіtellus maxіmus

Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы. Сүтқоректілердің денесі бас, мойын, тұлға, құйрық, алдыңғы және артқы аяқтарынан тұрады. Денесі негізінен түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз, қабыршақ сияқты эпидермис түзілістері болады.
Сүтқоректілердің ерекшелігі ауыз тесігі қозғалмалы еріндерімен шектелген. Қызметі қоректі ұстау, жымқыру. Жұп көздері қорғаныш қызметін атқаратын қозғалмалы қабақтармен қаруланған, олардың жиектерінде кірпіктері болады. Құстардағы үшінші қабақтары руденментарлы, көздің мидиальды бұрышында орналасады. Көздің жоғарғы артқы жағын ала серпімді шеміршекті тірегі бар, құлақ қолқасы, сыртқы құлақ орналасқан. Тұмсықтың ұшы түксіз жалаңаш оған танау тесіктері ашылады. Басында сезімтал қылшықтар (мұртшалары) вибристер болады.
Дененің сыртқы жағында төменге қарай аталықтарында аналь және несеп-жыныс тесігі, ал аналықтарында аналь, несеп және жыныс тесіктері жеке-жеке ашылады.
Құм сарышұнағының алдыңғы артқы аяқтары бес саусақпен аяқталады.
Сүтқоректілердің терісі үш қабат эпидермистен: дерма (нағыз тері) және тері асты майдан (клетчатка) тұрады. Эпидермистің жоғарғы қабаттары өліп мүйізденіп түсіп түлеп отырады. Оның орнын тереңдегі эпидермистің өсу немесе мальпигий қабаты жасушаларының бөліну есебінен қалпына келіп отырады.
Нағыз тері-кутис қабаты тығыз дәнекер ұлпасымен біріңғай ет талшықтарынан қалыптасқан. Эпидермис пен кутис өзара емізіктер арқылы бір-біріне тығыз мықты бекіп жатады. Кутис қантамырларымен жүйкелерге өте бай, олар емізіктер арқылы эпидермиске терең еніп жатады.
Тері асты клечатка май жинақталған болбыр дәнекер ұлпасынан тұратын кутистің жалғасы. Терінің қалыңдығы клечаткаға байланысты, кейде 50 см. (кит тәрізділерде). Кейде эпидермиспен кутистің қалыңдығы да біршама болады (алақан, табан, сүйел, тырнақ көбесі т.б.).
Сүтқоректілердің терісінде әртүрлі қызмет атқаратын көптеген бездер болады. (91-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет