«Биология, география және химия» ббб


Желбезектыныстылар -Branchіata



бет34/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Желбезектыныстылар -Branchіata тип тармағы
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA
Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді: желбезекаяқтылар - Branchіopoda, цефалокаридалар - Cephalocarіda, максиллоподалар - Maxіllopoda, бақалшақты шаяндар - Ostracoda, жоғарғы сатыдағы шаяндар - Malacostraca.

Тип тармағы: CHELІCERATA-Хелицералылар


1.1.Хелицералылар тыныс алушылар жалпы сипттамасы. 1.2.Тип тармағының систематикасы. 1.3.Экологиясы.1.4.Құрылысы мен дамуының ерешеліктері.1.5.Маңызы.
Хелицералылардың 54000-ға жуық түрі бар, басым көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Алғашқы хелицералылар су жәндіктері болған. Хелицералылардың денесі - баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде) сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да осыдан), екінші жұбы педипальпалар - сезу, қармалау, кейбір түрлерінде шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы - жүру аяқтары.
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XІPHOSURA
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз ғана, не бары 5 түрі бар, палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде тіршілік ететін буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Lіmulus polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді. Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтропикалық теңіздерде тараған, біреулері Lіmulus polyphenus - Атлант мүхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қалғандары Малай архипелагында, Филиппин және Жапон аралдарында (Tachypleus, Carcіnoscorpіus), су жағалауларында 4-10 метр тереңдігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасындағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас дәуірінен табылған, ал Hemіaspіs силур дәуірінен белгілі.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі жалпақ, баскеуде мен құрсақ бөлімі біріккен, сегменттері қозғалмалы, құрсағы ұзын семсер тәрізді өсіндімен бітеді. Баскеуде бөлімі үлкен арқа қалқанымен жабылған, онда екі жұп көздері бар. Денесінің төменгі жағында, аузының алдында үш бунақты қос хелицерасы, ал 5 жұп жүру аяқтары ауыз жанында орналасқан. Бұлардың бірінші жұбы - педипальпасы қалған жүру аяқтарына ұқсас, тек бір бұтақты шайнағыш өсіндісімен ерекше.
Ac қорыту жүйесі. Ауыз тесігі хитинді кутикуламен көмкерілген өңешке, ал ол үлкен бұлшықетті хитині бар, әрі тісшелермен қаруланған шайнағыш қарынға жалғасады. Қарындағы ұсақталған қорек зат ортаңғы ұзын ішекке өтіп, одан әрі бауыр түтікшелері арқылы бауырға түсіп, сонда клеткаларының ішінде қорытылады. Қорытылмаған қорек заттар артқы ішектен аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Зәр шығару мүшесі - қос коксальды безінен құралған. Әрбір бездің ұзын имек түтікшесінің бір ұшында - бір-біріне жалғасқан қапшық тәріздес өсінділері болады, олар түрі өзгерген целомодукталар. Зәр шығару тесігі бесінші жүру аяқтың "кокса" деп аталатын бірінші бунағының жанында ашылады, сол себептен де бұл бездерді коксальды деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет