Алғашқы құрлық жануарлары девоннан белгілі. Олар буын қанатты балықтарға жақын сауытты қос мекенділер немесе стегоцефалдар болды. Бұлардың тіршілігі суға байланысты болды. Бірақ периодты түрде қайталанған құрғақшылықтар оларды екінші рет су бассейінін іздеуге мәжбүр етті. Мұның өзі олардың ұзақ уақыт құрғақ суда балуына жағдай жасады. Құрғақта ұзақ уақыт қалу мүмкіншілігі таскөмір дәуіріндегі ылғалды климатта қолайырақ болды. Кейін климат өзгеріп континентальды климат қалыптасуы өсімдік дүниесіне әсерін тигізіп кең көлемдегі шөлейт кеңістіктер пайда болды. Бұл жағдай стегоцефалдарға қолайсыз тиді. Құрғақ ортаның құрғақшылығы тыныс алуды қиындатты, себебі олардың өкпесі нашар жетілген. Судың болмауы көбеюге кедергі жасады. Сондықтанда көпшілік стегоцнфалдар Перм дәуірі басталмай-ақ өліп бітті. Бірақ бұл жағдай құрғақшылықта тіршілік етуге бейімделушілік белгілерді туғыза бастады.
Құрлықта тіршілік етуді қамтамасыз ететін белгілер: жануарлардың бейімделушілік қабілетін арттыратын орталық жүйке жүйесінің прогрессивті жетілуі; эпидермистің жоғарғы бетінің мүйізденуі, соңынан мүйізді қабыршақтардың пайда болуы; жұмыртқада сарыуыздың көбеюі және ұрықтан тыс қабықтардың пайда болуы.
Бұл белгілер жануарларды құрғақта тіршілік етіп, көбеюге жағдай жасады. Сонымен бірге аяқ-қолдары, қаңқасы, өкпесі жақсы жетіле бастады.
Бауырымен жорғалаушылардың эволюциясы тез және күшті жүрді. Перм дәуірене дейін-ақ олар стегоцефалдарды ығыстырып шығарды. Бауырымен жорғалаушылар құрлықта тіршілік етуге бейімделгенмен жаңа тіршілік жағдайларымен соқтығысып отырды. Жер бетінде өздерінен басқа конкуренттер болмағандықтанда бауырымен жорғалаушылар бұдан кейінгі дәуірлерде шарықтап дамыды. Олар сондықтанда әр түрлі тіршілік ортасында мекендеуге мәжбүр болды. Кейіннен олардың бірсыпырасы екінші рет суда тіршілік етуге бейімделді. Кейбір түрлері ауада тіршілік етті. Бұл кезеңдерде бауырымен жорғалаушылардың бейімделушілік жағынан алшақтауы таң қаларлықтай болды.
Алғашқы бауырымен жорғалаушыларға ертедегі котилозаврлар жоғарғы таскөмір дәуірінде кездеседі. Олар стегоцефалдарға жақын. Өліп біткен бауырымен жорғалаушылардың класс тармақтары:
Алғашқа кесірткелер
10.Аң тәрізділер
Бауырымен жорғалаушылардың жеке топтары мезозойдың барлық кезеңдері мен палеозойдың соңында өлгендіктері анықталған. Әсіресе жаппай қырылу бордың соңында айқын білінеді.
Құстардың шығу тегі Құстардың шығу тегі және эволюциясы тек жалпы тұрғыдан ғана белгілі. Құстардың арғы тегі сөзсіз ертедегі бауырымен жорғалаушылар болып табылады. Бауырымен жорғалаушылардан құстар қалыптасқан айқындалған бұтағы триас дәуірінде бөлінген болуы мүмкін. Құстарға жақын тұрғаны динозавр, крокодилдер, орнитозухилердің бастамасын берген псевдозухилер болып табылады. Орнитозухилер морфологиялық жағынан құстарға ұқсас. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып, алдыңғы аяқтары қорегін ұстау қызметін атқарған. Құйрықтары ұзын, жамбастарының құрылысы ұқсас, яғный жамбас-жұмысының артуына байланысты іріленген. Дене жамылғысы ұзарған қабыршақтардан тұрып, олардан қысқа бұтақтар таралып, құс қауырсынына ұқсастау болған.
Псевдозухилер жоғары маманданған бауырымен жорғалаушылар болғандықтан құстардың тура ата-тегі бола алмайды. Сондықтанда құстардың филогенетикалық түбірін әрігіректен іздеу керек. Псевдозухилердің арғы тектерінің бір бұтағы ағашқа өрмелеуге бейімделген болуы мүмкін. Бұл жағдайда артқы аяқтары негізгі тірек, ал алдыңғы аяқтары өрмелеуге яғный саусақтары ұстауға икемделген. Кейінірек бір бұтадан екінші бұтаға ңқарғуларынаң байланысты алдыңғы аяқтарының қабыршақтары жалпайып қанат бастамасын берген. Біртіндеп қабыршақ қауырсындар денесіне тұтас таралып тек қозғалу емес жылу сақтау қызметінде атқара бастаған. Құстардың ата-тегі туралы нақты дерек жоқ. Бірақ палеонтологиялық қазбаларды бауырымен жорғалаушылар мен құстардың аралық формасы болып табылатын 3 форма белгілі:
1) Өткен ғасырда қазба қалдығынан алғаш қауырсын таңбасы, кейін екі қаңқа табылған. Олардың бірі археоптерикс, екіншісі орхеорнис. Соңғы зерттеулерге қарағанда жоғарыдағы екі қалдық екі түр емес археоптерикстің екі экземпляры екендігін көрсетті. Бұл жануардық құстарға ұқсастығы: қауырсын жамылғысы; қолдың қанатқа ауысуы; семсер тәрізді жауырынның болуы; біріккн бұғана; күрделі сегізкөз, 4-6 бірақ бірікпеген; бірінші саусақтың басқа саусақтарға қарсы орналасуы. Ал бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығы: мүйізді тұмсығы болмайды; құйрық омыртқа саны -20; жіңішке қырсыз төс сүйегінің болуы; бауыр қабырғалары бар; нашар жетілген тістері бар.
Осы белгілеріне қарай археоптерикстердің тіршілік жағдайын сипаттауға болады. Олар ағаш басында өрмелеп тіршілік еткен. Ұша алмайды, бірақ қалықтайды. Жұмыртқалары кіші тауықтың жұмыртқасының ө бөлігіндей. Нашар жетілген тістері насеком немесе жеміспен қоректенгенін көрсетеді. Алғаш құстармен осы кездегі құстарды байланыстыратын аралық формалары белгісіз.
2) Бор дәуірінен белгілі ихтиорнис-жақсы ұшатын болған. Оны жақсы жетілген төс, қыр сүйектері дәлелдейді. Тістері болған.
3) Гисперорнистер-ұшу қабылеті жоқ су құстары болған, қанаттары болмаған, алдыңғы аяғы рудиментарлы. Төс қырлары болмаған. Жүзуге артқы аяқ қалақтары көмектескен. Сыртқы пішіні жағынан гагарларға ұқсас.
Кайназойда осы кездегі құстарға ұқсас құстар көріне бастайды. Қанның араласпауы зат алмасуды күшейтеді. Дене температурасы тұрақтанып, жоғарылады. Жүйке жүйесінің жақсы жетілуі бейімделу ерекшеліктерін арттырып әр түрлі тіршілік жағдайына мекендеуге мүмкіншілік береді.
Сүтқоректілердің шығу тегі Сүтқоректілердің филогениясы турасында ғылымда көптеген көзқарастар болып келген, ал қазіргі кезде сүтқоректілер класына жататын аңдар бірнеше тектен шыққан деген пікірді қуаттайды, яғни кластың өте ерте замандағы тіршілік еткен бұтақтары аң тәрізді рептилилердің топтарынан пайда болған. Көп бұдырлы тістілерге жақын топтардан бір тесіктілер пайда болған деген пікірді дұрыс деуге болады. Қалталылар және плаценталылар мен пантотериялар бір түбірден щыққан, бір тектес өз алдына табиғи топ болып есептелінеді. Пантотериялар ерте заманда өліп біткен және олардан ешқандай ұрпақ қалмаған.
Омыртқалы жануарлардың экологиясы, көптүрлілігі
1. Балықтардың экологиялық топтары, көптүрлілігі
2. Қос мекенділердің экологиялық топтары, көптүрлілігі
3. Бауырымен жорғалаушылардың экологиялық топтары, көптүрлілігі
4. Құстардың экологиялық топтары, көптүрлілігі
5. Сүтқоректілердің экологиялық топтары, көптүрлілігі
К.Ф.Рулье жануарлар экологиясы бағытында жануар өміріндегі кезеңдік құбылыстар: түлеу, ұйқыға кету, миграцияға сипаттама беріп олардың бейімделушілік маңызын көрсетті. Бұл салада жұмыс істегендер: Н.А.Северцов. 1955 ж ңВоронеж губерниясындағы сүтқоректілер, құстар өміріндегі периодтық құбылыстарң., М.Н. Богданов. 1871 ж ңПтицы и эвери черноземной полосы Поволжьяң. Рееволюция социология экология саласында Д.Н.Кошкаров, А.Н.Форлезов, Е.Н.Павловский (ауру таратушылар) жұмыс жасады. Зоогеография саласында А.Ф. Миддендорф, М.А.Менизбер, П.П.Сушкин, Н.А.Зорудный. Ихтиология саласында Н.М.Книстович, В.К.Солдатов, А.Н.Державин. Акклиматизация саласында А.П.Богданов, Б.М.Житков еңбек сіңірді. Бұл зерттеулер революциядан кейін Ресейде өте жылдам дамыды. Практикалық маңызы (кәсіптік маңызы, зиянкестер, ауру таратушылар, микробтаратушылар) бар мәселелер зерттелді.
Бұл зерттеуді жүргізудегі міндеттері:
1. Жануар дүниесін басқару және оны қайта құруға көмектесетін ғылыми негіз беру. Бұл мәселе бір жағынан табиғат қорғау, көбейту және пайдалы түрлерді пайдалану проблемаларымен байланысты болса, екінші жағынан зиянкес жануарларға қарсы күрес шараларын белгілеумен шектеледі.
2. Шаруашылық мәдени құрылыстар салудың теориясы мен практикасына байланысты зоология ғылымы алдында үлкен күрделі міндет түр. Шығыстағы жерлерді игеруге байланысты ол жерлердегі фаунаны толық зерттеу керек (пайдалыларын, зияндыларын қорғау, көбеиту, күрес жүргізу). Су құрылыстарына, қоймаларға жаңа пайдалы түрлерді жіберу, зиянкестерімен күресу, пайдаға асыру.
3. Табиғат қорғау заңына байланысты көптеген міндеттер жүктейді (заң. 1960 ж., 1978 ж).
4. Акклиматизацияға байланысты міндеттер.
5. Жер жағдайына байланысты пайдасы мен зияндарын есепке алу.
6. Мектепте оқушыларына сабақта табиғат қорғауға, отан сүюге материалдық көзқарас қалыптастыру.
Сонымен зоологияның міндеттері түрлердің құрылысы мен тіршілігін жоюды оқып-білу емес, жануарлар дүниесін басқару үшін ғылыми негіз беру.
Балықтардың экологиялық топтары, көптүрлілігі Балықтар мекендейтін су бассейндерінің әр түрлі болуына байланысты биологиялық жүйелеу біршама қиын, сондықтанда біріңғай пікір жоқ. Төменде орыс ғалымдары К.Ф.Касслер (1977), Н.А.Смирнов (1912-1924), А.А.Баунер (1923), В.И.Мейснер (1933) еңбектері негізінде жасалған топтарды қарастырамыз.
І. Теңіз балықтары. Әр түрлі горизонттарда мекендеуіне байланысты төмендегідей топтарға бөлеміз:
1. Пелагикалық балықтар
2. Литоральды-су түбі балықтары
3. Абиссалды балықтар
ІІ. Тұщы су балықтары- олар тек тұщы суларды мекендейді. Су бассейндерінің типіне байланысты төмендегіше бөлінеді:
1. Тұрғын су балықтары-көл, тоғандарды мекендейді (карась, линь).
2. Жалпы тұщы су балықтары-тұрғын су, ағын суларды мекендейді (шортан, алабұға).
3. Ағын су балықтары (форель, жерех).
ІІІ. Өткінші балықтар
ІV. Жартылай өткізгіш балықтар
Қос мекенділердің экологиялық топтары, көптүрлілігі Қос мекенділер әр түрлі тіршілік жағдайларында мекендегенімен олардың географиялық таралуы маманданған тіршілік жағдайларына байланысты. Олардың негізгілері: жылылық, су, ауа ылғалдылығы, су мен топырақ химизімі. +70-80 қос мекенділер есіңгіреп -20 өледі. Судың төменгі температурасында жұмыртқа мен дернәсілдердің дамуына жағдай жасай алмайды. Соған байланысты қос мекенділер тропиктерде кең таралған. Полюстерге жақындаған сайын сирек кездеседі. Солтүстік поляр шеңберінде шөп бақасы және сүйір тұмсық бақалармен Сібірлік 4 саусақты тритон кездеседі.
Құрғақ және ыстық климат қос мекенділерге қолайсыз әсер етеді. Олардың терісі тез кеуіп, 15-ке кемісі саламандралар өледі. Ал кебу жәй жүрсе бұл пайыз екі есе өседі. Құрғақшылықты құрбақалар жақсы көреді, себебі: күндіз пассивті тіршілік етеді; терісінде эпидермис мүйіздене бастаған, бірақ Орта Азияда тек оазистерде кездеседі.
Қос мекенділер судың тұздылығына өте төзімсіз. NaCL-1 жуық болса тіршілігін жояды. Сондықтанда теңіз және мұхит аралдарында аз кездеседі, тіпті кездеспейді.
Бауырымен жорғалаушылардың экологиялық топтары, көптүрлілігі Бауырымен жорғалаушылар қос мекенділерге қарағанда біршама әр түрлі тіршілік жағдайларында мекендейді. Бұл олардың ағзаларының күрделі дамуына байланысты. Олардың ішіндегі ең негізгісі ересек және эмбрионалдық кезеңінде құрғақшылықты көтере алатындай қабілеттерінің болуы.
Құрлықта тек ылғал, жылы жағдайда ғана емес олардың құрғақ, шөлді климаттарда тіршілік ете алуы географиялық жағынан кең таралуына жағдай жасайды. Сондықтанда олар жер шарына Арктика, Анарктидалық климаттық зоналардан басқа аудандарда кең таралған. Дене температурасы тұрақсыз болуына байланысты бауырымен жорғалаушылар салыстырмалы жоғарғы температурада активті тіршілік етеді. Мысалы, жыландарда +100 активтілігі төмендеп, +60+80 қозғалыссыз қалып +20+30 есеңгіреп, дене температурасы -40-60 тіршілігін тоқтатады. Осыған байланысты бауырымен жорғалаушылар тропиктік зоналарда кең кездесіп, полюстерге жақындаған сайын азая түседі. Мысалы, Индонезия аралында 150-200 түр, Орта Қытайда 30 түр, бізде Орта Азияда 50 түр, Закавказьеде 40 түр, Солтүстік Кавказда 28 түр, Батыс Европаның орта төңірегінде 12 түр, Солтүстік поляр шеңберінде 2 түр (гадюка және тірі туатын кесіртке) кездеседі. Сонымен бірге олар түрлері теңіз деңгейінен көтерілген сайын азаяды. Ең жоғарғы шегі 5000 м.
Өте жоғарғы температура кері әсер етеді. Мысалы, тақыр домалақбасы топырақ температурасы 46-480 өздерін нашар сезініп, ентігіп аузын ашып інге немесе көлеңкеге қашады. Кесіртке 550 температурада 1,5-4 минуттан кейін тіршілігін жояды (өледі). Олар жоғарғы температурада қашып інге немесе бұта басына шығып кетеді. 20 м биіктікте температура топырақта алайқай жерде 100, көлеңкеде 280 төмен болады. Жоғарғы температура бауырымен жорғалаушыларға жанамада әсер етеді. Шөптің құрғауы, судың кебуі тасбақа, жылан, крокодилдерді жазғы ұйқыға кетіреді. Қос мекенділерге судың тұздылығы кері әсер етсе, бауырымен жорғалаушыларға зиянды әсер етпейді. Сондықтанда олар ащы суларда мекендей алады.
Бауырымен жорғалаушылардың экологиялық таралуы алуан түрлі, олар құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ арасында мекендей алады. Тек ауада тіршілік ететіндері болмайды.
Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жартастар мен ағашқа оңай өрмелейтін түрлері өте көп. Олардың бейімделушілік белгілері әр түрлі. Мысалы, геккон мен игуандардың саусақтарының ұштарында жабысқақ сүйелдері болады.
Қалықтап ұшатын бауырымен жорғалаушыларды 5-6 жұп қабырғалары жазылады да олардың арасын қосушы жарғақ-қанат қызметін атқарады. Бауырымен жорғалаушылардың су формалары 2-ші реттік бейімделушілік белгісі болып табылады..
Құстардың экологиялық топтары, көптүрлілігі Құстар кең таралуына байланысты әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген. Осыған байланысты белгілі жағдайға бейімделген құстарды әр түрлі экологиялық топтарға бөлеміз. Құстарды экологиялық топтарға бөлуде негізінен а) құстардың ортаға байланыстылығы; ә) қорегінің ерекшелігі мен қорегін ұстау әдістері ескеріледі.
І. Орман-тоғай құстары
ІІ. Батпақ-шалғын құстары
ІІІ. Дала-шөл құстары
ІV. Су құстары
V. Жыртқыш құстар
Сүтқоректілердің экологиялық топтары, көптүрлілігі Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары:
1. Жер бетінде тіршілік ететіндер (тұяқтылар мен жыртқыштар жатады);
2. Топырақ қазушылар және жер астында тіршілік ететіндер (кемірушілер жатады);
3. Ағаш басында тіршілік ететіндер (шала маймылдар, маймылдар, кемірушілер, қалталылар жатады);
4. Ұшатын сүтқоректілер (қолқанаттылар жатады);
5. Суда тіршілік ететін сүтқоректілер.