«Биология, география және химия» ббб


Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі



бет45/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107

3. Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегі

4. Құстардың шығу тегі


5. Сүтқоректілердің шығу тегі


Балықтардың шығу тегі
Балықтардың ең ертедегі қалдықтары аздаған қабыршақ және тікен-қылтанақтар түрінде-силурдың жоғарғы қабатында кездеседі. Төменгі девон кезінде түрлі топтарға жататын, бірнеше балықтардың қалдығы табылған. Балықтар силур дәуірінің аяқ кезінде пайда болуы мүмкін. Демек, олардың тектері бізге білгісіз, балықтардың тегі осы кезге дейін анықталған жоқ. Дегенмен палеонтологиялық мәліметтер болмағынымен оны белгілі дәрежеде теориялық жорамалдармен толықтыруға болады. Теориялық болжау бойынша, балықтар бас сүйексіздермен бірге бір ата тектен таралған. Бұлардың ұрпақтары екі бұтаққа бөлініп, олар әр түрлі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Болжаумен айтқанда, бірінші рет пайда болған бас сүйектілерден екі үрімбұтақ таралған: 1-жақсыздар; 2-жақты ауыздылар. Бірінші бұтақтан сауыттылар мен дөңгелек ауыздылар пайда болған, екіншісінен-балықтар мен жоғарғы сатыдағы омыртқалылар шыққан.
Қос мекенділердің шығу тегі
Қос мекенділердің шығу тегін білудің маңызы зор, себебі оны білу арқылы жаңа ортада (құрлық) мекендейтін омыртқалылардың түрлерінің шығу тегімен танысамыз. Омыртқалылардың сулы ортадан құрлыққа шығуы үшін негізгі екі бейімделушілік белгілері қалыптасуы керек: 1-атмосфералық оттекпен тыныс алуы; 2-қатты субстрат арқылы қозғалу. Бұл белгілердің бастамаларын кейбір балықтардын кездестіре аламыз. Мысалы, анобас қос тынысты балықтар. Бірақ бұл белгілер салыстырмалы өте аз болғандықтанда биологиялық жаңа сапаның қалыптасуына негіз бола алмайды. Сондықтанда қос мекенділердің тегін тұщы су балықтарының аз маманданған басқа топтарынан іздеу керек.
Ең ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қалдықтарынан тек бас қаңқасы табылған. Толық қаңқалары таскөмір мен Перм дәуірінің қалдықтарынан байқалады. Стегоцефалдарға ең жақыны буынқанаттылар. Олардың өкпесі, қанаттары болады. Жұп қанат қаңқалары стегоцефалдардың аяқ-қол қаңқаларына сәйкес келеді. Бірақ осы кездегі буынқанаттылар қос мекенділердің арғы тегі деп айта алмаймыз. Себебі, олар кейінгі дәуірде тіршілік етіп, тым жоғары маманданған. Сондықтанда құрлық жануар бастамасын ертедегі әлі палеонтология ашпаған буынқанаттылар болуы мүмкін.
Құрлық омыртқалыларының шығуы буынқанатты балықтардың өте ұзақ уақыт бойы оттегісі аз суларда мекендеулерінің қорытындысы деп қарау керек. Стегоцефалдар қалыптасқан девон дәуірінде климат маусымдық өзгеріп құрғақшылық бола бастаған. Бұл балықтардың тіршілік етуін қиындатады, яғни су таяздап, оттек азайып шөп басып кету балықтардың қозғалуына қиындық туғызады. өкпе пайда бола бастаған. Құрлыққа шығуға байланысты сүйекті қабыршақ тері арқылы тыныс алуды қиындатып, ал сауыттары қозғалуға кедергі жасады. Сондықтанда стегоцефалдарда сауыт азайған.
Стегоцефалдар мезозойдың басына дейін өмір сүріп, осы кездегі қос мекенділер мезозой аяғында қалыптасқан. Сондықтанда бұлардың арасындағы байланысты анықтау қиын. Құйрықтылар мен құйрықсыздар Филлоспондияларға жақын. Екеулерінің ажырауы палеозой соңында жүрген болуы мүмкін. Аяқсыздардың шығуы тегі туралы нақтылы фактылар жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет