Таратып берілетін құрғақ препараттар (қаңқа, мульяж т.б)
1
11
Зерттеп оқытуға арналған объектілер
1
(екі студент үшін)
1-зертханалық жұмыс САРКОДТЫЛАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Саркодтылардың құрылымдық-функциональді бейімділігімен танысу және олардың көп түрлігін анықтау
Патшалық тармағыҚарапайымдылар – Ргоtozоа
Тип Саркомастигофоралар - Sarcomastіgophora
Класс Саркодиналар – Sarcodіna
Класс тармағы Тамыраяқтылар – Rhіzopoda
Отряд Амебалар – Amoebіna
Өкілі Кәдімгі амеба – Amoebа ргоtеus
Отряд Бақалшақты амебалар – Теstaсеа
Өкілдері 1) Арцелла – Агсеllа sр.
2) Диффлюгия – Dіfflugіa sр.
Отряд Фораминифералар – Ғогаmіnіfега
Өкілдері: Бір және көп камералы фораминифералар.
Құралдар: Микроскоптар. Тірі амебалар. Тұщы суда мекендейтін тірі бакалшақты амебалар және амеба протей, дизентериялық амеба, арцелла, диффлюгияның дайын микропрепараттары.
1-тапсырма. Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференцациясына көңіл аудару. Органоидтарын анықтап (ас қорыту, зәр шығару, вакуолдерін қарап, экто- және эндоплазмалық құрылысын салыстыру) (1-сурет).
2-тапсырма. Бақалшақты амебалардың, кұрылысымен және қоректену, қозғалу қабілетімен танысу. Фораминифералардың қарапайым және күрделі бақалшақтарының суретін салу.
3-тапсырма. Кестені толтырыңыз
Амеба протея, дизентериялық амеба, арцелла және диффлюгияның биологиясындағы ұқсастық пен айырмашылықтары
Сұрақтар: 1 Амеба цитоплазмасының ерекшелігі қандай?
2 Амебаның қандай органоидтары тіршілік үшін маңызды роль атқарады?
3 Амебаның құрылысындағы қарапайымдылығы неде?
4 Сұйық заттар, амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректену әдістері қандай?
5 Бақалшақты және бақалшақсыз амебалардың ұқсастығы және айырмашылығы неде?
6 Амебалардың бақалшақтарының құрылысының табиғаты.
7 Бақалшақты амебалар мен фораминифералардың көбею жолдары.
8 Даму циклы дегеніміз не?
9 Фораминифералардың тіршілік ету ортасы және қоректенуі.
ТАЛШЫҚТЫЛАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Жеке өкілдерін мысалға ала отырып талшықтылар классының өзіне тән белгілерімен танысу
Патшалық тармағы Қарапайымдылар – Ргоtozоа
Тип Саркомастигофоралар – Sarcomastіgophora
Класс Талшықтылар – Mastіgophora
Класс тармағы Өсімдіктектес талшықтылар – Рһуtomastіgophorea
Отряд Эвгленалар – Euglenіda
Өкілі Жасыл эвглена – Euglena vіrіdіs
Отряд Фитомонадалар – Рһуtоmnadіna
Өкілі Вольвокс – Volvox sp.
Класс тармағы Жануартектес талшықтылар – Zoomastіgophorea
Отряд Кинетопластидалар – Kіnetoplastіda
Өкілі Трипанозома – Trypanosoma sp.
Құралдар: Тұщы суда тіршілік ететін тірі эвгленалар, тұрақты микропрепараттар. Микроскоптар. Фиксацияланған вольвокстер.
1-тапсырма. Эвгленаның және трипанозоманың құрылысымен танысу. Қоректену, денесінің осмос қысымын, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.
Шар тәрізді вольвокстың колониясымен танысып, клеткаларының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.