Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: базальді мембрана, ганглиялар, сары уыз бездері, комиссуралар, коннективалар, паренхима, партеногенез, протонефридии, оотип, рабдитті клеткалар.
СОРҒЫШ ҚҰРТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЦИКЛІ Мақсаты: Ланцет тәрізді сорғыш құртпен және бауыр сорғыш құрттың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу
Тип Жалпақ құрттар – Рlаtһеlmіntһеs
КлассСорғыштар – Тrеmаtоdа
Класс тармағы Дигенетикалық сорғыштар – Dіgеnеа
Өкілі Бауыр сорғышы – Fаsсіоlа һераtіса
Ланцет тәрізді сорғыш құрт - Dісrосоеlіum lаnсеоlаtum
Құралдар: Фиксацияланған сорғыштар. Сорғыш құрттармен жараланған ірі қара малдың бауыры. Тотальдық препараттар.
1-тапсырма. Таратылып берілген ылғалды материалдардан қол лупасының көмегімен сорғыштардың денесінің пішініне көңіл аудару, ауыз және құрсақ сорғыштары бекіну мүшелерін табу. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу.
2-тапсырма. 24-суреттен трематодтардың тері жамылғысы тегументтің құрылысымен танысып суретін салу.
3-тапсырма. Дайын микропрепараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу (жыныс жүйесі, ас қорыту және зәр шығару жүйесі).
Сұрақтар: 1 Сорғыштар мен турбелляриялардың қандай ұқсастықтары бар?
2 Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы.
3 Паразиттік өмір сүруі жануарлардың дене құрылысына қандай әсер етеді?
4 Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?
5 Аралық және ақырғы ие дегеніміз не?
6 Партеногенез дегеніміз не?
7 Гетерогония дегеніміз не?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: ауыз сорғыш, құрсақ сорғыш, аталық без, аналық бездер, жатын, Мелис денешігі, спороциста, редия, церкарии, оотип, паренхима, мирацидий, лаурер каналы.