«Биология, география және химия» ббб


АЗҚЫЛТАНДЫ ҚҰРТТАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



бет57/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107
АЗҚЫЛТАНДЫ ҚҰРТТАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мақсаты: Жауын құртын мысалға ала отырып азқылтанды құрттарға тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буылтық құрттар – Аnnelіda
Тип тармағы Белдіктілер – Сlіtеllаtа
Класс Азқылтандылар – Оlіgochaeta
Отряд Люмбрикоморфа – Lumbrіcоmorpha
Өкілі Жауын құрты – Lumbrіcus terrestrіs
Құралдар: Тірі жауын құрттары. Көлденең кесіндісінің гисто­логиялық препараттары.
1-тапсырма. Жауын құртының сыртқы пішінін қарап, суретін салу қажет. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орна­ласуын, құрылысын анықтап көріп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату, және целом қуысында орналасқан ішкі мүшелер жүйе­сімен танысу қажет.
Сұрақтар:
1 Целомның, жұмыр құрттың алғашқы дене қуысынан айыр­машылығы неде?
2 Мезодерманың дифференциясы, оның буылтық құрттар­дағы туындылары.
3 Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйе­лері және олардың жалпақ құрттардан айырмашылығы.
4 Жауын құртының зәр шығару жүйесі.
5 Жауын құртының жыныс жүйесі.
6 Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: пиги­дий, диссепименттер, жемсау, тифлозоль, метанефридия, регене­рация, безді белбеуше.


СҮЛІКТЕРГЕ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Мақсаты: Медициналық сүлікті мысалға ала отырып сү­ліктер класына тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буылтық құрттар – Аnnelіda
Тип тармағы Белдіктілер – Сlіtеllаtа
Класс Сүліктер – Ніrudіnea
Класс тармағы Нағыз сүліктер – Еuhіrudіnea
Отряд Жақты сүліктер – Gnathobdellіda
Өкілі Медициналық сүлік – Hіrudo medіcіnalіs
Құралдар: Тірі және жансыз сүліктер, көлденең кесіндісінің тұрақты гистологиялық препараттары, микроскоптар, түзеткіш ине­лер, пинцет, линейка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет