Қандауыршаның құрылысы. Қандауырша балық пішіндес ұзындығы 4-8 см жартылай мөлдір майда жануарлар. Денесі екі бүйірінен қысыңқы (1-сурет). Қандауыршаны лупамен қарағанда тері қатпарынан құралған арқа қанатын (1), құйрық қанатын (2) көруге болады, ал құйрық қанаты құйрық асты қанатына (3) ауысады. Аналь (4), атриол тесіктері (5), сонымен қатар қармалауыштармен (6) қоршалған ауыз алды воронкасы (7), ауыз тесігі (12) көрінеді. Терісі жұқа және қаны түссіз болғандықтан денесі мөлдірлеу келеді. Сондықтан тері астындағы мүшелері көрінеді. Тотальды препораттар боялғанда ішкі мүшелері айқын байқалады. Тотальды препоратты микроскоппен қарағанда (лупа немесе микроскоптың кіші обьективі арқылы) жоғарыда аталған сыртқы мүшелерімен қоса ішкі мүшелері де көрінеді. Денесі эпидермиспен қапталған, оның астыңғы тері қабаты кутис немесе кориум деп аталады.
1-сурет. Қандауыршаның сыртқы құрылысы.
Қандауыршаның ішкі құрылысы. Бұлшық-ет жүйесі. Бұлшық-ет жүйесі бір-біріне кигізілген конус тәрізді миомерлерден (9) және олардың арасын бөліп жататын миосепталардан (10) тұрады. Бұлшық-ет жүйесі аз деффиренсацияланған тек жүзу және құмға ену сияқты қарапайым қозғалыстарды атқарады.
Ас қорыту жүйесі.Ауыз алды воронкасының түбінен ауыз қуысы басталады. Ол бұлшықетті паруспен (8) бөлінген, ауыз тесігі (12) үлкен жұтқыншаққа (13) ашылады. Жұтқыншақта асты ұстап жылжыту қызметін атқаратын арқалық және құрсақтық (14) эндостиль орналасқан, ол қандауыршаның өн бойына созылып жатады. Жұтқыншақпен ішек (15) шекарасында өсінді есебінде бауыр (16) орналасқан. Ішек аналь тесігімен аяқталады.
Тыныс алу жүйесі.Дененің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары (17) тыныс алу қызметін атқарады. Желбезек саңылаулары метаплевральды қатпарлардың қосылуынан пайда болған атриол қуысына (18) ашылады, атриол қуысы атропора арқылы сыртқы ортамен байланысады.
Жүйке жүйесі. Жүйке түтікшесі (19) хорда (20) үстінде ұзына бойы орналасқан. Түтік арқа бөлігінде тұйықталмаған, түтік қуысы-невроцель (21), оның жиегінің өн бойында Гессе көзшелері (22) орналасқан. Гессе көзшесі жарықты сезу қызметін атқарады. Жүйке түтікшесінің алдыңғы ұшы иіс шұқырымен (23) аяқталады.
Жыныс жүйесі.Қандауырша дара жынысты жануар, бірақ жыныс диморфизмі болмайды. 25 жұп аталық, аналық жыныс бездері (24) целомның (25) жұтқыншақ бөлімінде орналасқан. Микроскоппен қарағанда жұмыртқаны тұқым безінен ірі жұмыртқа клеткалары арқылы айқын ажыратуға болады. Арнайы жыныс мүшелері жоқ. Жетілген жыныс өнімдері жыныс бездерінінің қабырғаларын жарып атриаль қуысына түседі де одан атриопор арқылы сыртқа босап шығады. Ұрықтану сыртта жүреді.