Тірек-қимыл жүйесінің негізгісі-хорда (20) және хорда мен жүйке түтігін қоршап жатқан дәнекер ұлпалы қабық (26) болып саналады. (2,3,4-суреттер).
2-сурет. Қандауыршаның ішкі құрылысы: 1-арқа қанаты, 2-құйрық қанаты, 3-құйрық асты қанаты, 4-аналь тесігі, 5-атриол тесігі, 6-қармалауыш, 7-ауыз алды воронка, 8-парус, 9-миомер, 10-миосепталар, 12-ауыз тесігі, 13-жұтқыншақ, 14-арқалақ және құрсақтық эндостиль, 15-ішек, 16-бауыр, 17-желбезек саңылаулары, 18-атриол қуысы, 19-жүйке түтікшесі, 20-хорда, 21-невроцель қуысы, 22-Гессе көзшелері, 23-иіс шұқыры, 24-жыныс бездері. 25-целом, 26-дәнекер үлпалы қабық.
3-сурет. Қандауыршаның жұтқыншақ тұсынан көлденең қимасы: 1-арқа қанаты, 9-миомер, 10-миосепталар, 14-арқалақ және құрсақтық эндостиль, 18-атриол қуысы, 19-жүйке түтікшесі, 20-хорда, 21-невроцель қуысы, 24-жыныс бездері, 25-целом, 26-қабық.
4-сурет. Қандауыршаның ішек тұсынан көлденең қимасы: 1-арқа қанаты, 9-миомер, 10-миосепталар, 19-жүйке түтікшесі, 20-хорда, 21-невроцель қуысы, 25-целом.
Қан айналу жүйесін препораттан байқауға болмайды, сондықтан да сызба нұсқа арқылы танысамыз. Жүрегі болмайды, оның қызметін құрсақ қолқасы атқарады.
Артерия жүйесі веналық синустан веналық қан құрсақ қолқасына ауысады. Одан екі жаққа қарай желбезек артериялары бөлініп, алып кетуші желбезек артерияларына (1) ауысып, арқа қолқасының түбірлеріне (2) ашылады. Олардан алға қарай ұйқы артериясы бөлініп, олар өзара артқы жағында бірігіп арқа қолқасына (3) ауысады. Арқа қолқасынан сәйкес мүшелерге бұтақтар бөлініп капилляр торларына ауысады.
Вена жүйесі денесінің бас бөлімінен қан жұп алдыңғы кординальды веналарға (5), ал артқы бөлімінен артқы жұп кординальды веналарға (4) жиналып, сәйкес веналар өзара қосылып оң және сол жұп Кювьер өзектері (6) арқылы веналық синусқа құйылады. Ас қорыту т.б. ішкі мүшелерден қан ішек асты венасына (8) жиналып, ол бауырда бауырдың қақпа жүйесін (9) құрап, бауыр венасы (10) арқылы веналық синусқа ашылады. Қан айналу шеңбері тұйық және біреу. (5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |