Қосымша әдебиеттер: 1. Қазақстанның қызыл кітабы. Т.1. Жануарлар. 2-ші бөлім. Омыртқасыздар = Красная книга Казахстана. Red data book of Kazakhstan.- Алматы: Өнер, 2006.- 232 б.
2. Лысов В.Ф., Ипполитова Т.В., Максимов В.И., Шевелев Н.С. Практикум по физиологии и этологии животных.: Учеб.пособие для студ.высш.учеб.завед. / - Москва: КолосС, 2005.-
256 с
3. Воронцев Н.Н. Системы органического мира и положение животных в них. Ч.1. Зоология животных, 1987. Т.54. вып.11, С.1668-1984.
4. Генецинская Т.А., Добровольский А. Частная паразитология. М.: Высшая школа, 1978.328 с.
Зертханалық сабақтардың жоспары Зертханалық жұмыстарды орындау жолдарының НҰСҚАУЫ:
Барлық студент зертханалық сабаққа ақ халат киіп қатысуы қажет.
Студенке сипаттап жазатын, жануардың суретін салатын альбом және қара, түрлі-түсті қаламдар қажет.
Зерттелінетін обьектілерді тапсырмаларға сәйкес толық көріп, біліп алған соң ғана оның сурет-сызбалары салынады.
Сурет үлкен, нақты болуы қажет. Обьектіні белгілегенде тек негізгі, қажетті мүшелерін санмен белгілеп, атаулары бөлек жазылады.
Ағзаның жеке жүйелері белгілі бір түспен боялады. Атап айтқанда, ас қорыту жүйесі-қоңыр, тыныс алуы жүйесі-күлгін, зәр шығару жүйесі-жасыл, жыныс жүйесі-қызғылт, жүйке жүйесі-сары, артерия-қызыл ал вена-көк түстермен боялады.
Сурет салынған альбом студенттің зертханалық жұмысты атқарғандығы туралы негізгі құжат және ол кейінгі мұғалімдік қызмет кезіндегі көмекші құрал болып табылады.
Объектіні сою және тексеріп білу кезінде түрді анықтап біліп алмайынша мүшелерін кесіп алып тастауға болмайды.
Студент аяқтаған жұмысын сурет-дәптер бойынша оқытушыға тапсырады.
Жұмыс орынды, құрал-жабдықтарды тазалап кезекшіге өткізеді.