«Биология, география және химия» ббб



бет74/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Қан айналу жүйесі. Жүрегі екі камералы: құлақша (2) және қарыншадан (3) тұрады. Құлақшаға веналық синус ашылады.
Артерия жүйесі: қарыншаға құрсақ қолқасы жуашығы (4) жалғаспай құрсақ қолқасына ауысады одан желбезек аралық перделер бойымен алып келуші желбезек артериялары (5) бөлініп, желбезек қапшықтарында қылтамыршалар торларын құрап, алып кетуші желбезек артерияларына (7) жиналып жеке арқа қолқасының түбіріне ашылады. Одан алға қарай ұйқы артериялары, ал артқа қарай арқа қолқасы (6) жалғасады. Арқа қолқасы өз жолында сәйкес мүшелерге бұтақтар беріп құйрық артериясымен аяқталады.
Вена жүйесі: құйрық венасы (10) ішек асты венасына (12) ауысып бауырда оның қақпа жүйесін (13) құрап, бауыр венасы (14) веналық синусқа (1) ашылады. Дененің бас бөлімінен қан алдыңғы кардинальды веналарға (8) ол арқа жағынан артқы кардинальды веналарға (11) жиналып жеке-жеке веналық синусқа ашылады. Кювьер өзегін құрамайды. Тілден төмен ярем (9) венасы басталып жеке веналық синусқа ашылады. (13-сурет).
Бұлшық ет жүйесі жіктелмеген, жеке миомерлермен оларды бөліп жататын миосепталардан тұрады. Дегенменде, желбезек ауданында миомерлер жіктеліп екіге бөлініп желбезек үсті және желбезек асты ет таспаларын құрайды. Бас бөлімінде жақсы, күрделі жіктелген қуатты тіл еттері болады.
Қанқасы. Біліктілік қанқа негізінен хорда болып саналады, ол дәнекер ұлпасы қабығымен қоршалған және шеміршекті омыртқа бастамаларын береді. Ми сауыты иіс сезу, есту және негізгі пластинкадан құралады. Вицеральды бөлігі толық жіктелмеген шеміршек торларынан және оған артынан жалғасатын жүрек қабы шеміршегінен тұрады. Сонымен бірге қаңқа құрамына ауыз алды воронкасы мен тілдің шеміршектері кіреді. (14-сурет).



13-сурет. Өзен миногасының қан айналысының сызба нұсқасы: 1-веналық синус, 2-құлақша, 3-қарынша, 4-құрсақ қолқа жуашығы, 5-алып келуші желбезек артериясы, 6-арқа қолқасы, 7-алып кетуші желбезек артериясы, 8-алдыңғы кординальды вена, 9-төменгі ярем венасы, 10-құйрық венасы, 11-артқы кординальды вена, 12-ішек асты венасы, 13-бауырдың қақпа жүйесі, 14-бауыр венасы.
Қорытынды: Дөңгелекауыздылар-Cuclostomata омыртқалы жануарлардың ішіндегі алғашқы класс. Сондықтанда төменгі сатыдағы хордалыларға қарағанда біршама прогрессивті белгілері қалыптасқан. Олар: жүйке түтігінің жұлын мен бөліктерге жіктелген бастамасына бөлінуі. Бас миы мен сезім мүшелерінің ерекшеленіп бөлінуі оларды қорғайтын түзілістер қалаптасуын қамтамасыз етеді. Ондай құрылым шеміршекті болсада-бас қаңқасы. Омыртқаның жоғарғы доғасы жұлынды қорғайды. Вицеральды бас қаңқасының қалыптасуы ауыз воронкасы мен жұтқыншақтың тіректік қасиеті дөңгелекауыздыларда белсенді қоректену мен тыныс алу жүйесінің күрделенуіне әкеліп соқты. Желбезек қанаттарының қатпарлы құрылыста болып, қылтамырларға бай болуы газ алмасуды күшейтеді. Ұлпалардағы газ алмасудың жоғарғы деңгейге көтерілуі, қан айналу жүйесінің күрделенуіне тікелей байланысты. Зат алмасу қалдықтарын шығарушы мүше-бүйрек пайда болды. Ол ыдырау өнімдерін тек дене қуысынан ғана емес қан құрамынанда сүзеді. Осы аталған өзгерістер дөңгелекауыздыларда зат алмасу қарқынын біршама жоғарылатады.
Дегенменде, омыртқалылардың басқа кластарына қарағанда қарапайым белгілері де бар. Оларға: жұп қанаттарының болмауы; өмір бойы хорданың сақталуы; қалыптасқан омыртқаның болмауы; ми сауытының қарапайым құрылысы, ми сауыты қақпағының болмауы; арнайы жыныс жолдарының болмауы.
Дөңгелекауыздыларда арнайы белгілер: эндодермалық желбезек қапшықтарының болуы; желбезек доғаларының жіктелмей тор түрінде болуы; қозғалмалы жақ сүйектерінің болмауы. Эктопаразиттік тіршілік етуге бейімделушілігі: ауыз воронкасы мен тілдерінде мүйізді түзілістердің болуы, сорғыш жабысқыш күлтешелері, екі түрлі тыныс алу механизмі.
Сонымен осы кездегі дөңгелекауыздылардың құрылыс ерекшеліктері хордалылар эволюциясында прогрессивті сипат алып, сонымен қатар тіршілік ортасына, әрекетіне бейімделушілік айқын көрінеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет