Отряд Тарақандар – Blattoptera
Құралдар: Фиксацияланған немесе кептірілген насекомдар (тікқанаттылар, қоңыздар, тарақандар).
1-тапсырма. Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін аяқтары мен қанаттарының кұрылыстарын талданыздар.
Сұрақтар: 1 Насекомдардың денесінің бөлімінің ерекшеліктері неде?
2 Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
3 Насекомдардың денесінің сегменттелуінің көпаяқтылардан айырмашылықтары.
4 Насекомдардың бас бөлімі, шаянтәрізділермен салыстырғандағы айырмашылықтары.
5 Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: тергит, стернит, стигма, гипофаринкс, цефализация.
НАСЕКОМДАРДЫҢ АУЫЗ АППАРАТТАРЫ Мақсаты: Насекомдардың ауыз аппараттарының негізгі типтерімен танысу
Тип Буынаяқтылар – Агnhopoda
Тип тармағы Кеңірдектыныстылар – Тгасһeata
Класс Насекомдар – Insecta
Класс тармағы Ашықжақтылар – Есtognatha
Отряд Тікқанатгылар – Orthoptera
Отряд Қоңыздар – Соleoptera
Отряд Көбелектер – Lepidoptera
Отряд Жарғаққанатгылар – Нymenoptera
Отряд Қосқанаттылар – Diptera
Құралдар: Алуан түрлі фискацияланған насекомдардың ауыз аппаратының тұрақты препараттары.
1-тапсырма. Қарапайым және арнайы ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.
Сұрақтар: 1 Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?
2 Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?
3 Тесіп сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?
4 Қай ауыз аппараты қарапайым және оның себебі неліктен?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: гипофаринкс, тергит, стернит, плевра, стигма, цефализация, торакс, үстіңгі қанат, сан, ұршықбас, жүйкелер.