Балықтың сыртқы құрылысы. Денесі үш бөлім: бас кеуде және құйрыққа бөлінеді (29 А-сурет). Денесі циклойдты (3) қабыршақтармен қапталған. Терісі бездерге бай. Сүйекті балықтардың эпидермисі көптеген алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Коптеген сүйекті балықтардың эпителиальды жабыны (25 кабатқа дейін) дөңгелек ауыздылардағыдай өте коп сілемейлі (шырышты) бездерден тұрады. Балықтың бүйір сызықтары (9) анық көрінеді. Басында тұмсық жоқ, аузы ұшында орналасқан, танау тесіктері (8), жұп қабақсыз көздері (7) және жұп желбезек қақпағы (2) көрінеді. Желбезек (20) саңылаулары болады. Жеке екі арқа қанаттары (5), гомоцеркальды құйрық қанаты (4) және құйрық асты қанаты мен аналь жүзбе қанаттары (6) болады. Құйрық асты қанатының алдында аналь, несеп (12) – жыныс (11) тесіктері жеке - жеке сыртқа ашылады. Балықтың қабыршағын алып жылдық сақиналарын қарайды, ол арқылы жасын анықтауға болады.
Сою үшін балықты табақшаға салып аналь тесігінен бастап желбезек қақпағына дейін бауырынан қайшымен тіледі, сонан соң аналь тесігінен омыртқа жотасына дейін абайлап тіліп, қабырғалардың түбірінен басына қарай кесіп, бас бөліміне жеткен соң желбезек қақпағын қоса кесіп бүйірін алып тастайды. Сонда балықтың бір бүйірі ашылады. Одан әрі балықтың ішкі мүшелерімен танысамыз.
29 А-сурет. Сазанның сыртқы құрылысы Балықтың ішкі құрылысы. Асқорыту жүйесі. Балықтың аузы қозғалмалы түтік тәрізді, мұртшалары бар еріндерден құралады. Тістері бар (1). Ауыз қуысымен жұтқыншақ жіктелмеген. Өңеш бірнеше тұйық пилорикалық өсінділері (15) бар қарынға (13) жалғасады. Одан әрі он екі елі ішек ұзын жіңішке (14) қысқалау жуан ішек – тік ішек (16) ол аналь тесігіне (10) ашылады. Үлкен бауырын (17), өт қабын (18), талағын (21) және ұйқы безін байқауға болады. Ішектің үстінде екі бөлімнен тұратын торсылдағы (22) болады. Омыртқа жотасының астында ұзына бой созылып бүйрек (23), несеп ағар (24) және қуық (25) орналасады. Осы аталған асқорыту мүшелерін көріп ажыратып болған соң өңештен кесіп, абайлап тік ішекке дейін көтеріп кесіп алып тастайды. (29 Б-сурет)