АЗҚЫЛТАНДЫ ҚҰРТТАРДЫҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Мақсаты: Жауын құртын мысалға ала отырып азқылтанды құрттарға тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буылтық құрттар – Аnnelіda
Тип тармағы Белдіктілер – Сlіtеllаtа
Класс Азқылтандылар – Оlіgochaeta
Отряд Люмбрикоморфа – Lumbrіcоmorpha
Өкілі Жауын құрты – Lumbrіcus terrestrіs
Құралдар: Тірі жауын құрттары. Көлденең кесіндісінің гистологиялық препараттары.
1-тапсырма. Жауын құртының сыртқы пішінін қарап, суретін салу қажет. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату, және целом қуысында орналасқан ішкі мүшелер жүйесімен танысу қажет.
Сұрақтар: 1 Целомның, жұмыр құрттың алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?
2 Мезодерманың дифференциясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.
3 Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері және олардың жалпақ құрттардан айырмашылығы.
4 Жауын құртының зәр шығару жүйесі.
5 Жауын құртының жыныс жүйесі.
6 Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: пигидий, диссепименттер, жемсау, тифлозоль, метанефридия, регенерация, безді белбеуше.
СҮЛІКТЕРГЕ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА Мақсаты: Медициналық сүлікті мысалға ала отырып сүліктер класына тән ерекшеліктермен танысу
Тип Буылтық құрттар – Аnnelіda
Тип тармағы Белдіктілер – Сlіtеllаtа
Класс Сүліктер – Ніrudіnea
Класс тармағы Нағыз сүліктер – Еuhіrudіnea
Отряд Жақты сүліктер – Gnathobdellіda
Өкілі Медициналық сүлік – Hіrudo medіcіnalіs
Құралдар: Тірі және жансыз сүліктер, көлденең кесіндісінің тұрақты гистологиялық препараттары, микроскоптар, түзеткіш инелер, пинцет, линейка.