«Биология, география және химия» ббб


Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер



бет59/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: ктени­дия, осфрадилер, сперматофорлар, бақалшақ устьесі, сарыуыз безі, мантия, саусақ тәрізді без, велигер.


ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕРДІҢ МОРФО-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мақсаты: Тіссіз моллюсканы мысалға ала отырып тақтажел­безектілерге тән ерекшеліктермен танысу
Тип Моллюскалар – Mollusca
Тип тармағы Бақалшақтылар – Соnchifera
Класс Тақтажелбезектілер – Lamellibranchia (Віvаlvіа)
Отряд Нағыз тақтажелбезектілер – Еulamellibranchia
Өкілі Айқұлақ – Аnоdоntа cygnea
Құралдар: Фиксацияланған айқұлақтар, глохидиялар, мол­люскалардың дернәсілі.
1-тапсырма. Айқұлақтың бақалшағының қабаттарымен танысып жылдық сақиналарға көңіл аудару қажет. Айқұлақтың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.
2-тапсырма. Союдың алдында мантиясына, сифондары­на, желбезегіне және аяғына көңіл бөлген жөн. Скальпельдің көмегімен тіссіздің денесін аяқтан бойлай жүрек қалташа­сына дейін кесіп, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жыныс, жүйке жүйесінің құрылысын анықтап, микроскоптың көмегімен глохидия­ларды қарап, мән бере отырып суретін салыңыздар.
3-тапсырма. Уақытша немесе тотальды микропрепараттан глохидияның бақалшағының құрылысын қараңыз. Айқұлақ глохи­диясының сыртқы құрылысының суретін салыңыз.
Сұрақтар:
1 Тақтажелбезекті моллюскалардың бақалшағаның құрылы­сы қандай?
2 Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның кұрамына қандай мүшелер енеді?
3 Тіссіз моллюсканың ас қорыту жүйесінің өзгешеліктері және олар қалай қоректенеді?
4 Тіссіз моллюсканың өсіп-өнуі?
5 Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
6 Молюскалардың бүйрегі – нефриядия ма, әлде целомодук­ты ма?
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: биссус безі, артериальді синус, венозды синус, висцеральді ганглии, гло­хидия, гонада, лигамент, желбезекті сифон, мантия, мантиялық қуыс, статоцисталар, целом.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет