«Биология, география және химия» ббб


Тип Буынаяқтылар – Arthropoda Тип тармағы



бет61/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Тип Буынаяқтылар – Arthropoda
Тип тармағы Хелицералылар – Сһеlicerata
Класс Өрмекшітәрізділер – Аrachnida
Отряд Құршаяндар – Scorpiones
Отряд Жалған құршаяндар – Рseudoscorpiones
Отряд Пішеншілер – Оріliones
Отряд Өрмекшілер – Аranei
Отряд Кенелер – Асаrі
Құралдар: Фиксацияланған материалдар: құршаян, шаршылы өрмекші, ит кенесі. Фиксацияланған өрмекшітәрізділері бар тубус. Құршаяндардың, өрмекшілердің, кенелердің ауыз аппараттарының микропрепараттары. Микроскоптар, қол лупасы, шыны таяқшалар, зат және жабын әйнектер, пинцеттер, Петри табақшалары.
1-тапсырма. Құршаянның, шаршылы өрмекшінің, ит кене­сінің мысалында өрмекшітәрізділердің сыртқы құрылысын, дене­сінің формасын және пішінін қарастырыңыздар. Қол лупасының көмегімен буынды денесінен әрқайсысының хелицерасын, педи­пальпасын, көру мүшесі – көздерін, жүру аяқтарын табыңыздар. Олардың құрылысын және сегментерде орналасуымен танысып, суретін салу.
Сұрақтар:
1 Тип тармағы хелицералылардың негізгі белгілері қандай?
2 Қарапайым өрмекшітәрізділердің денесінің сегменттелуінің
қандай ерекшеліктері бар?
3 Жоғары сатыдағы өрмекшітәрізділер өкілдерінің денесінің
сегменттелу ерекшелігі қандай?
4 Жерде жүруге бейімделген өрмекшілердің негізгі белгілері неде? Өрмекшітәрізділердің маңызы.
Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіздер: ме­дианды көз, хелицералар, педипальпалар, коксальді бездер, мальпиги түтікшелері.


НАСЕКОМДАРДЫҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мақсаты: Насекомдардың жеке өкілдерін мысалға ала оты­рып сыртқы құрылысының ерекшеліктерімен танысу.
Тип Буынаяқтылар – Аrthopoda
Тип тармағы Кеңірдектыныстылар – Тгаcheata
Класс Насекомдар – Insecta
Класс тармағы Ашықжақтылар – Есtognatha
Отряд Тікқанаттылар – Оrthoptera
Отряд Қоңыздар – Соleoptera


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет