Биология кафедрасы



бет55/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100
Байланысты:
Áèîëîãèÿ êàôåäðàñû

Суда еритін витаминдер. Нерв жүйесінің кейбір ауытқуларын (бери-бери ауруы) емдеуге арналған дәрмектерді іздеу ғалымдарға витаминін ашуға жол ашты. Ол В-ден В-ке дейін созылатын комплекс екендігі анықталды. Оның үстіне осы топты бастайтын витаминдер зат алмасу мен орталық нерв жүйесінің функциональдық қызметіне белсене араласады, өйткені олар көміртегімен байланысқан. Олардың, әсіресе, В витаминдерінің организмде жетіспеуі нерв діңін қабындырады (не­врологин, нервит) және адамның қозғалыс қызметін бұзатын бұлшық ет семіруіне әкеліп соғады.
Никотин қышқылы (ниацин, витамин РР) клеткалы тыныс алуға, зат алмасуға, кейбір гормондардың жасалуына катысады, қан тамырларын кеңейтеді және ол кандағы холестриннің келемін төмендетеді, сондықтан ол кәрі кісілөрдің атеросклерозының алдын алуға және емдеуге қолданылады. Никотин қышқылы жетіспеген жағдайда, тері қарайып (дерма­тит), асқазаң (іш өту), нерв жүйесі бұзылып көзге әлденелер (елестеу, психоз, жарымес) — пеллагра атты ауру өрбиді.Көрсетілген азық-түліктен технологиясын дұрыс сақтап жасалған тамақта С витамині толық нормада болады.
Темекі шеккен кезде темекі түтінімен бірге адам организміне (өкпе, ішек-карын жолдарына) өте күшті улы зат никотин келіп түсіп, В және С витаминдер тобын жояды, сондықтан темекі шегетіндерде бұл витаминдер ұдайы жетіспейді. Витаминдердің сіңірілуіне ішімдік тетеріс әсер етеді. Майда еритін витаминдер.А витамині өсуге эсер етеді. Бұдан өзге, ол жетіспеген жағдайда салмақ жоғалып, организмнің әлсіреуі байқалады, «ақшам соқыр» дерті өрбиді. А витамині ірі қара мал мен шошқа бауырында, сары майда, қаймақта, қара өрікте, сүт пен жұмыртқа уызында мол кездеседі. Өсімдік өнімдерінде (сәбіз, көк пияз, салат, шпинат, көк бұршақ, қызыл бұрыш, томат, қара бүлдірген, кара жидек, таңқурай, қарақат, қарлыған, шие, шабдалы және басқалар) ол А провитамин-ка­ротин түрінде болады. А провитамині организмге түскен соң ішек пен бауыр клоткаларында май мен белок болған жағдайда А витаминіне айналады. Аста белоктын жетімсіз болуы провитаминнің витаминге айналуы тежейді, ал казеин мен жекелеген альбуминдердің мол болуы осы процеске жағымды әсер етеді.Ересек адамға тәулігіне 1—2 г витамин қажет. Мектеп жасындағы балалардың А витаминіне деген сұранысы екі есе төмен.А витаминін шектен тыс пайдалану зат алмасудын, бұзылуына әкеліп соғып, адамның түсі қашып, шашы түсіп, ашуланшақ болады, тері қышып, денеде бөртпе пайда болады. Мұндай жағдайда қатаң диета сақталуы керек — аста каротин немесе А витамині болмауға тиіс. Дерттен айыққан соң да А витамині немесе каротині бар тағамды мейлінше аз мөлшерде пайдаланған жөн.
Д витамины (кальцийферол) сондай-ақ антирахиттік деп те аталады себебі бір жасқа дейінгі балаларға ол жетпеген жағдайда рахит (мешел) ауруы өрбиді де нәтижесінде балалар есейген кезде аяқтары доға немесе қамыт тәріздес болып бітеді.
Д витаминінің организмде өте мол болуы тәбетті төмендетіп, қанда қальцийдің мөлшерін, сонан соң фосфордың мөлшерін көбейтеді. Сүйек эпифизінің мезгілінен ерте қатуы басталып, ол дененің әрмен қарай өсуіне зардабын тигізеді.
Көптеген азықтарда провитамин эрготерол болады. Одан күн сәулесінде немесе ультракүлгін сәулелендіру кезінде Д витамині құралады. Іс жүзінде — бұл Д ден Д-ке дейінгі витаминдер тобы, бірақ соңғы екеуінде ғана антирахиттік қасиет бар. Д ви­тамині сондай-ақ теріде ультракүлгін сәулелердің әсерімен де құралады. Қазіргі кезде оны синтетикалық жолмен де алады. Д витаминіне деген сұраныс сол құрамында бар асты қабылдау арқылы, сондай-ақ тері де синтез жасау арқылы қанағаттандырылады. Д витамині теңіз балықтарының бауыр майында (треска), мол, ал сары май мен жұмыртқа уызында сәл кемдеу. Сүт пен ашытқыларды Д витаминімен байыту үшін оларды ультракүлгін сәулелермен сәулелендіреді, нәтижесінде эргестрол Д витаминіне айналады. Өсімдіктен жасалған тағамдарда Д витамині болмайды.Балық майы жарықта, ауасы бар жерде бұзылып кететіндіктен оны салқын, қараңғы жерде жақсы тығындалған ыдыста сақтау керек.Мектепте балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру. Ас дайындайтын бөлме гигиенасы.Мектептегі таңертеңгілік ыстық ас. Оқушылардың дене еңбегі қызметі мен жеткілікті ой еңбегін жоғары дәрежеде ұстап тұруда таңертеңгілік ыстық астың жағымды роль атқаратынын мектепте балалар тамағын ұйымдастыруды зерттеу көз жеткізді.Мектепте 4 сағаттан 6 сағатқа дейін, кейде одан да көп болатын оқушылар үшін үйде ішкен таңертеңгілік ас аздық етеді.Класта, спорт залда өтетін сабақтарда, үзіліс кезіндегі ойын үстінде балалар көп энергия жоғалтады. Сондықтан ол энергияның бір бөлігі үлкен үзіліс кезіндегі ыстық таңертеңгілік ас арқылы қалпына келтіріледі. Мұндай таңертенгілік асты әзірлеуге арналған азық-түліктердің ішінде энергетикалық және пластикалық заттар, витаминдер және минералды тұздар болуға тиіс. Мектептегі таңертеңгілік асты тек бутербродты шаймен немесе біркелкі тамақтармен (пюре, ботқа) шектеуге болмайды. Ыстық таңертеңгілік астың құнарлығы шамамен 600— 700 к калориямен бағаланады.
Мектептегі таңертеңгілік ыстық ас калорияның тәуліктік шығынын белоктың есебінен 15%, майдың есебінен 25% және көміртегінің есебінен 60% өтуге тиіс. Егер таңертеңгілік ыстык ас тәуліктік рационнын 6—7% құрайтын болса (шай, май, бөл­ке, бәліш), онда ол бесін кезіндегі ас берілген кезде есепке алынбайды. Егер мектептегі таңертеңгілік ас 10—15% және одан да жоғары болатын болса, онда бірқалыпты өсіп келе жатқан оқушыға түс қайтқан кезде тамақ бермей-ақ, бір стакан шай немесе сүтпен шектеуге де болады.
Дастархан мәзірін жасау. Мектепке ыстық ас әзірлеу үшін мәзір жасау кезінде алдағы аптаға арналған қолда бар азық-түліктің түрлері ескеріледі. Оны жасауға, тамақ әзірлеуге, азық-түлік бөлуге жауапты адамдар және медицина қызметкерлері қатысады.
Мәзірді дайындау үстінде азық-түліктердің тәуліктік нормасын алып, оны аптадағы оқу күндеріне, яғни 6-ға көбейтеді. Сонан соң алынған азық-түліктен неше рет тағам әзірлеуге болатындығын есептейді. Мәселен, макарон: 20X6=120 г. Яғни, одан тағамды аптасына екі рет қана дайындауға болады екен. Тәуліктік нормасы бір үлестен аз болатын өзге азық-түліктерді де осындай жолмен есептеп шығарады. Тәуліктік нормасы жоғары азық-түліктер екі тағам жасау үшін пайдаланылады. Мысалы, 8—10 жасар бала үшін картофельдің тәуліктік нормасы — 300 г. Тазалаған кезде кететін шығындар шығарып тасталса, пюре дайындауға, боршқа, сорпаға дәл жететін картоп қалады және с. с.
Мәзір дайындаған кезде бар азық-түлік қана емес, балалардың осы күні атқаратын іс-әрекеті, жыл мезгілі, денсаулықтарының жай-күйі ескеріледі. Мұның үстіне тәуліктік рацион астың берілу санына бөлінеді.
Денсаулығы нашарлаған балалар үшін ерекше рацион мен өзгеше тамақтану мерзімі белгіленеді (5-рет немесе одан да көп). Бұндай жағдайда жануарлар майы мен витаминдер ескеріледі.
Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру. Кітаптың II тарауында асхана-буфеттің және басқа ас дайындайтын орындардың көлемі, ауданы көрсетілген. Бұл мектепте тамақтандыруды ұйымдастырудың ең тәуір тәсілі. Алайда, жақын маңдағы асхана, кафеден алып келіп, оны жылытып беруге де болады.
Мектеп асханасында бір үлкен үзіліс кезінде барлық окушыларды тамақтандырып үлгеруге мүмкіндік беретін ас ішуге арналған зал болуға тиіс.Асхана ыдысаяқтары мен аспаптарын күтіп ұстау. Асхана ыдыс-аяқтары, қазандар, кастрюлдер, ожау және қасықтар тотығып, астың дәмін бұзбауға тиіс. Сондықтан тотықпайтын болаттан жасалған ыдыс-аяқты пайдаланған дұрыс.
Асхана ыдыстарын үш рет ауыстырылатын сумен немесе үш ваннада ас содасы немесе қыша араластырып жуады, бірақ кір жуатын ұнтақты пайдалануға қатаң тыйым салынады. Кезекшілер (мүғалімдерден) асхана ыдысыныц мұқият жуылуына ерекше назар аударуға тиіс, өйткені оларда микроорганизмдер қалып қоюы мүмкін (оның ішінде ауру тудыратын микробтар болуы ықтимал).
Ыдыстарды арнаулы кептіргіш сөрелерде инфекция түсуін азайту мақсатында тарелкаларды қырынан қойып кептіреді.
Қызметкерлер мен ас үй гигиенасы. Жұмыс соңында ас үй мен қосалқы бөлмелердің едені сабындалып ыстық сумен жуылады, ал жұмыс кезінде қажетке орай дымқыл шүберекпен сүртіледі.
Асхана қызметкерлері ұдайы медициналық бақылаулардан өтіп, лабораториялық анализдер тапсырып тұрады. Жұмысқа тек ақ халат, ақ орамал, ақ қалпақ және арнаулы аяқ киімдермен жіберіледі. Инфекцияның түсуіне жол бермеу үшін әжетханаға, қосалқы шаруашылық бөлмелеріне арнаулы киімдермен баруға рұқсат етілмейді.Астан уланудың себептері. Балаларды уланудан сақтандыру.Астан болатын уланулар химиялық және бактериялық болып бөлінеді.Химиялық немесе бактериялық емес уланулар азық-түлікке немесе дайын тамаққа улы заттардың (мыс, қорғасын, күшәла және оның тұздары) түсіп кетуінен немесе тамақты дұрыс сақтай алмаудан улы химикаттарға (гербицид, инсектицид т. б.) салдыр-салақ қараудан болады.
Бактериялық емес улану жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды қате дайындаудан немесе жеуге келмейтін улы саңырауқұлақтарды (шыбынжұт, арамқұлақ, жалған қозықұйрық, жалған түбіртек және т. б.), улы балықтарды (ақбалық, жыланбалық және ), өсімдіктерді (қаражеміс жидегі, меңдуана жемісі және т. б.), көгерген дәндерді, қарамықты, у кекірені пайдаланудан да болуы мүмкін.
Бактериялық жолмен улану, микробтар түсіп, сапасы нашарлаған балық, ет өнімдерін, жоғары температурада жақсы піспеген (шикі, қуырылмаған, қайнатылмаған) тағамдарды пайдаланудан болады. Алайда, кейде жоғары температура мен мұқият пісіру де көмектеспейді, өйткені аста орталық нерв жүйесін зақымдап ауыр зардаптарға ұшырататын улы заттар (ток­син) сақталуы мүмкін.Астан болатын уланудың алдын алу үшін балалардың жеуге жарайтын жидекті пайдалануын қадағалап, олардың улы жидекті ажырата білуіне назар аудару; жеуге келмейтін азықтарды пайдалануына жол бермеу керек. Ac ішетін ыдыстардың жуылуы мен күту ережесін сақтау керек. Балалар мекемесінде кемірушілер мен шыбындарға қарсы улы заттарды пайдалануға болмайды.
Тағамға ескі консервілерді, еттерді және сүт өнімдерін, сондай-ақ санитарлық-бактериологиялық бақылаудан өтпеген азык-түліктерді пайдалануға болмайды. Азықтарды тасымалдау мен сақтау қағидаларын катаң сақтау қажет, олардың ластануына жол бермеу, қоймаларда, ас үйде, асханада тазалық сактау керек.Уланудың белгілері: тамақ ішіп болғаннан кейін іштің ауруы, лоқсу, іш өтуі, температураның көтерілуі (39—40°), қалшылдап тоңу, көзге әр нәрсе елестеп, сандырақтау, кейде көзге көрінетін кілегейлі қабықшалар мен тері көгереді.
Көрсетілетін жәрдем: дәрігер шақыру (жедел жәрдем), аурудың не ішіп-жегенін анықтау (дәрігер келгенше аурудың жағдайы нашарлап, барлық жайды ол өзі айта алмауы мүмкін), ауруды төсекке жаткызу, қайнаған салқын су немесе қылаң шай беру, көпіретін сусын мен айраннан бас тарта тұру (ула-нудың себебін анықтағанша) қажет. Құсық пен нәжістің біраз бөлігін медицина қызметкерлері келгенше сақтау керек, оның ауруды анықтау үшін маңызы бар.Егер улану улы жемістер немесе саңырауқұлақтардан болса, онда ауруды дәрігер келгенше құсқызған жөн.Ішек-қарын және ішек құрты ауруларының алдын алу.«Ішек инфекциясы» туралы түсінік. Ac қорыту ортандары жүйесінің қызметі асқазанға және ішекке микроорганизмдердің түсуінен бұзылуы мүмкін. Олар ішектің кілегейлі жақтауларына орнығып, паразиттік өмір кешеді. Осыдан барып оларды «ішек инфекциялары» деп атайды. Бұған дизентерия, іш сүзегі, холера, полиомиелит, Боткин сырқаты және т. б. жатады. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары кілегейлі қабықшаны бүлдіріп қана қоймай, өзінің өмір сүру өнімдері (токсиндер) арқылы адамды улайды.Дизентерия. Аурудың қоздырғыштары — бактериялар (бацилалы дизентерия), кейде — қарапайым бір клеткалылар —-дизентерия амебасы (амебиаз). Инфекцияның көзі — ауру кісі немесе бактериялы жәндік: су және тамақ арқылы тарайды. Жасырын кезеңі 1 күннен 7 күнге дейін. Ауру шұғыл басталады: әлсіздік, жоғары температура (38—39°), ішек бұрап ауырады, алғашкы кезде іш жиі-жиі сұйық болып, кейіннен қан араласып өтеді.Соңғы кезде балаларда дизентерия жеңіл түрде кездесуде, бірақ дұрыс емдеу жүргізілмесе немесе витамин жетіспеушілік пен организмнің арып-ашығандығын ескермей емдеу жүргізілсе ол да аурудың созылмалы түріне ұласып кетуі мүмкін.Сырқат адам жүқпалы аурулар ауруханасына жөнелтіледі, онымен қарым-қатынас жасаған кісіні өзгелерден бөлектейді. Бөлме, аурудың заттары, ыдыс-аяғы мен көрпе-төсегі мұқият дәріленеді. Аурумен бірге болған, сондай-ақ асхана мен буфет қызметкерлеріне жеті күн бойы егжей-тегжейлі дәрігерлік бақылау қойылады және нәжістеріне лабораториялық анализ жүргізіледі. Бұл кезде ыдыс аяқты мейлінше мұқият жуып қайнату және қолдың тазалығына тамақ алдында және әжетханадан соң ерекше көңіл бөлу керек.
Аурудан айыққан соң балалар мектепке нәжістің бактериологиялық анализі дұрыс болған жағдайда ғана жіберіледі.Амебиаз біздің елімізде өте сиірек кездеседі. Бұрын ол біршама кең тараған болатын (Астрахань губерниясы, Кубань). Алайда оның қоздырғыштары ыстық жақтардан көкөністер арқылы келуі мүмкін. Сондықтан оларды сатылымға тек карантиннен соң ғана жібереді. Карантин 7 күнге созылады.Аурудың маусымды (июньнен октябрьге дейін) болатын себебі бұл кезде шыбындар өте көп болады, жеміс-жидек, көкөніс көп пайдаланылады, оның үстіне санитарлық кағидалар сақтала бермейді. Сондықтан шыбындармен күрес, әжетханаларды, жуынды шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін дәрілеудің аса үлкен маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет