Биология кафедрасы


Лабораториялық сабақтың мазмұны



бет15/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Лабораториялық сабақтың мазмұны:


Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012жылға 25маусымдағы №832Қаулысымен бекітілген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесімен«жасөспірімдердің практикалық жағдаяттарда игерген білімдерін тиімдіқолдануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттілік жүйесін оқушылардың меңгеруі және әлеуметтік бейімдеу процесінде табысты пайдалануы» анықталған.
Негізгі құзыреттер –МЖМББС және оқу бағдарламаларында мәлімделген білім нәтижелері түріндегі орта мектеп түлегінің тұлғалық сапасына қойылатын мемлекеттің талабы. Мектептегі білім мазмұнын заманауи қазақстандық қоғамның серпін сұраныстарына келтіру,функционалдық сауаттылығын дамыту,біліктілікпен дағдыларды қалыптастыру,вариативтілікті және оқыту формалары мен әдістерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету орта білімнің заманауи артықшылықтары болып табылады.
Бағалау жүйесі оқудағы негізгі мәселелерді анықтаудың және кері байланысты жүзеге асырудың негізгі құралы болып, сонымен қатар тұтас алғанда білім беру процесінің негізіне салынған қағидаттарды анағұрлым анық бейнелейді.
Білім берудің жаңа стандарттары әзірлеу ісі білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесіменде байланысты ғылыми және әдіснамалық мәселелерді анықтады. Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс. Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік жетістіктерінің сапасын бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті болып отыр. Критериалды бағдарлы көзқарастың қолданылуы білімділік жетістіктерін бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады. Заманауи мектепте білім алушылардың білімділік жетістіктерін бағалауға критериалды көзқараспен келу талапқа ие,себебі ондай көзқарас білім беру процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерийлерді және білім беру нәтижелерін көруге мүмкіндік беретін кері байланысты орнатуға көмегін тигізеді. Бағалау жүйесінің маңызды сипаттамасы қатарында оның тек баға қою кезінде ғана қолданылмай,мұғалім,білімалушылар және ата-аналар арасында
білім беру процесінің сәттілігі бойынша қадағалаушы-диагностикалық байланысты тұтасжүзегеасырады.
Бағалау жүйесі білім беру процесінің сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларында жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады.
Нормативтік функция білім алушылардың бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты тіркеп,жеке оқушылардың мектеп сыныптарының үлгерімін,мұғалімнің дайындық деңгейімен жұмыс сапасын қадағалайды.Ақпараттық-диагностикалық функция білім беру процесінің барлық 4 қатысушылары арасында байланысты,білім алушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың да, мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде,нақты сыныпта,нақты бала үшін барлығы дұрыс жүргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі қайсыбір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, білімалушылардың қайсыбір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс. Оқу нәтижелеріне бақылау өлшемдерінің, талаптарының белгілі минимумында білімалушылардың жеткен деңгейін салыстыруға берілген осындай мүмкіндік мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін өте маңызды. Бұл кезде есепті бастау табалдырығы ретінде осындай балалар үшін нақты анықталуға жататын дәл осы міндетті минимумды алу анағұрлым ұтымды көрінуде.
Бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілікпен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етуі тиіс,бұл білім беру процесін қалыптастыруға жүйелі көзқарасты қалыптастырып, онысымен оның тұтастығын қамтамасыз етеді.
Бағалауға деген жоғарыда аталған көзқарастар білім беру процесінің барлық қатысушыларымен бағалау жүйесіне білімді сәтті алу, кері байланысты орнату, бірақ одан артық емесіндей қажетті құрал ретіндегі қатынасын түсінуін қамтамасыз етуі керек.Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1.Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы



Критериалды бағалау жүйесінің әдіснамалық негізі ретінде В.П.Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан.Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелердәстүрлі білім беру процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалыжәне т.б.), ал тіркелмеген болып оқу нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған.Американдық психологтар Дж.Керолл жәнеБ.Блумның тұрақты,тіркелген параметр ретінде дәл осы оқу 5 нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туралы әзірленген ержелерін негізге алып, В. П. Беспалько бағалау жүйесіне көзқарастарды өзгертуге тырысқан. Бұл жағдайда, американдық психологтардың теориясына сәйкес, оқудың басқа шарттары білімалушылардың барлығы мен берілген нәтиже-критерийге жетуі үшін өзгеріп отырады.Осындай көзқарастың негізінде критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы әзірленген,оны сонымен қатар толық меңгеру технологиясы деп те атайды, себебі оның бастама беретін сәті ретінде барлық білім алушылардың қажетті оқу материалын меңгеруге қабілетті болатыны алынған. Барлық мектептегі пәндер бойынша ұсынылатын стандарттар меңгерудің анық критерийлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.Критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясының тиімділігі тапсырмалар түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің қолданылуы әр оқушыға оларды меңгермей жеке тұлғаның толыққанды оқуы мен дамуы мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне жетуге мүмкіндік беретінінде.Критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі 2-кестеде көрсетілген.


Кесте 2.Критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі




Психологиялық-педагогикалық теориялар: тұлғаны белсенді танымдық қызметі және тұлғаны дамыту (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Дж.Гилфорд);дамыта оқыту (В.В.Давыдов,Д.Б.Эльконин, Л.Г.Петерсон); ізгілендіру және тұлғалық бағдарлы білім беру(Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, В.В.Сериков, И.С.Якиманская); оқу мотивациясын қалыптастыру (Ш.А. Амонашвили, Л.И. Божович, А.М.Гельмонт).


Қазіргі қоғамдағы білім беру үдерістерін дамыту, педагогикалық инновациялардың, авторлық мектептердің үлкен тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері үнемі жинақтауды және жүйелеуді талап етеді.Бұл проблеманы шешудің бір құралы технологиялық тәсіл,білім беру саласына, педагогикалық процестерге "технология" ұғымын қолдану болып табылады.Мектептегі оқыту сапасы педагогикалық технологияға тікелей тәуелді, ол педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру және қойылған мақсаттарға жету үшін қабылдануы тиіс.Жаңа білім беру (педагогикалық)технологияларын енгізу білім беруді ізгілендіру және технологияландыру кезінде құзыреттілік,тұлғалық-бағдарлы тәсілдерді іске асырудың міндетті шарты болып табылады.
"Білім беру (педагогикалық) технологиясы" терминін ғылыми түсіну және қолдану диапазоны педагогикалық технологияны белгілі бір алгоритмге,бағдарламаға,педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеттесу жүйесіне (В. П. Беспалько, С.Гибсон, А.М.Кушнир, В.А.Сластьянин, Б.Скиннер, М.А.Чошанов және т.б.) негізделген коммуникация процесі ретінде қарастырудан ауытқиды.);одан әрі практикалық іс-әрекет үшін негізгі құзыреттіліктердің қажетті жиынтығын меңгеру (В. И.Лисовиченко, Н. Н. Орлов, Л. В. Смирнова және т. б.); субъект-субъектілік өзара іс-әрекет процесінде оқушылардың жеке функцияларын ашу (В.В.Сериков); әлеуметтік мәліметтерге сүйенетін білімнің кең саласы,
Жеке тұлғаға жүйелі білім беру ретінде көзқарас Л. С. Выготский және А. Н.Леонтьев тұжырымдамаларында іске асырылған. Ол ең дәйекті түрде А.Н. Леонтьевтің тұжырымдамасында ашылады. Автор тұлғаны қоғамдағы өмірден туындаған психологиялық жаңалық ретінде түсіндіреді. Жеке тұлғаны қалыптастырушы және оның нақты болмысының нысандары қоғамдық қатынастар болып табылады. А.Н. Леонтьев субъекті затпен қайта құрушы әрекеттерді жүзеге асыратын мазмұнды процесс ретінде қызметті түсінді. "Адамның психологиялық дамуы-оның қызметін,санасын,тұлғасын дамыту процесі".
Психологияда тұлға саласындағы ең танымал зерттеулер Л.С.Выготскийдің теориялық жұмыстарымен байланысты. Мәселені шешуге, атап айтқанда, А. Н. Леоньтьв,Л. Н.Божович елеулі үлес қосты. Л.Н.Божович теориясы адамның ішкі қасиеттері мен ерекшеліктерімен сипатталған контекстінде жеке тұлға ұғымын сипаттауда болды.Жетекші қызмет және дамудың әлеуметтік жағдайы туралы ұғымға сүйене отырып, адамның іс-әрекеті мен тұлғааралық қарым-қатынасының динамикасы, оның өмірінің әр түрлі кезеңдерінде, белгілі бір көзқарастың қалыптасуы, яғни ішкі ұстанымымен көрсетілді. Бұл ұстаным жеке тұлғаның негізгі сипаттамасы, оның дамуының алғышарты болып табылады,ол қызметтің жетекші себептерінің жиынтығы болып табылады.Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын қарастырады. Бұл теория дамып келе жатқан адамдар мен өздері тұрып жатқан мәдениет арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын атап өтті. Әлеуметтік-мәдени теорияның негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана, тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты болады. Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, әуелі интерпсихикалық санат ретінде адамдар арасында, содан кейін интрапсихикалық санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады».Бұны осы дәрежеде ерікті зейінге, логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әлеуметтік-мәдени теория үлкендер мен құрдастардың индивидтің оқуына ықпал етуіне ғана емес,сондай-ақ,мәдени сенімдер мен қатынастардың оқу және тәрбие үдерістеріне қалай ықпал ететініне көңіл аударады.
Адам тұлғасының қалыптасу процесіне әсер ететін факторлар туралы жалпы ғылымилық теорияда (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) кәсіби білім беру мақсатын жүзеге асыруда сыртқы, ішкі және бағыттаушы факторлары жиынтығы негізінде кәсіби білім берудің мақсатына қол жеткізуге болады делінген. Жүргізілген зерттеулер негізінде факторлардың үш тобын ажыратамыз:
1.Әлеуметтік–педагогикалық–нормативтік-құқықтық фактор,аймақтандыру және орта факторы;
2.Психологиялық-педагогикалық – өзін-өзі дамыту факторы;
3. Бағыттаушы – білім беру процесін ұйымдастыру және оның мазмұны.
Мемлекеттік және республикалық деңгейде нормативтік-құқықтық факторды ғылымилық және іргелілік принциптеріне негізделген жалпы даярлықта білімалушылардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруды реттейтін маңызды шарттардың бірі ретінде қарастырамыз. Бұл фактордың мазмұнына бүгінгі білім беру жүйесінің жай-күйін сипаттайтын негізгі құжаттар енеді,олар: Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы (2007ж.); Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2010ж.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет