Биология кафедрасы



бет16/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Тұлға дамуының деңгейі – бұл оның өзін-өзі дамытуының нәтижесі. Себебі бұл процесте белсенділіктің көзі оқытушы емес, білім алушының тұлғасы болып табылады.Білімалушының зерттеушілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуының басты шарты-өзіндік «Мен» құндылығын дамытуға өзі бағытталған білім алушының белсенді шығармашылық қызметі. Бұл жағдайда өзін-өзі дамыту өзін-өзі бекіту және өзін-өзі белгілеу қажеттіліктерінен туындайды. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін өз бетімен дамытудың негізгі механизмі ретінде теориялық талдау, жобалау, шығармашылық әрекет және рефлексия қасиеттерін дамытуға бағытталған білім беру процесін жекелендіру белгілейді. Осылайша, адамның тұлғалық дамуы оның қоршаған ортамен белсенді түрде өзара әрекеттесуі нәтижесінде қоғамда жүреді. Бұл жағдайда білім беру процесін жекелендіру шешуші рөл атқарады.Оның барысында кәсіби мәнді қажеттіліктер қалыптасады. Бұл ретте зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру процесі маманның әлеуметтенуінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан ғылыми-танымдық қажеттіліктер оқытушы мен білімалушының жекеленген белсенді өзара әрекеттесуінің нәтижесі түрінде қалыптасуы мүмкін.
Әдіснама—әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты—объективтік ақиқатты aшy.Зерттеудің нәтижесіде, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманын негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар,заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін.Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектігі, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет