Биология кафедрасы


Сандық білімді сабақ үстінде пайдаланудың формалары



бет58/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Сандық білімді сабақ үстінде пайдаланудың формалары :
1. Сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
2. Сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;
3. Мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б. АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:
4. Биологиялық үрдістерді сипаттап, талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
Сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі (биология пәні үшін) ұстаздар үшін оқушылар үшін сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;
Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі. Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді. Оқушыларды қазіргі ақпараттық – технологиялармен жұмыс жасай білуге үйренеді. Зертханалық жұмыстарды орындауда виртуалды эксперимент, интерактивті модельдерді пайдалану; Кез – келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды. Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану; Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады. Сабақ үстіндегі оқушылардың СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары. Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді. Сандық білім берудің міндеті – ұстазды ауыстыру емес, алдымызда отырған оқушыларға қосымша оқу материалдарын ұсыну, білім мазмұнын ұсынуда жаңа мультимедиалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беру, оқушының назарын зерделеп отырған құбылыстың ерекшеліктеріне, оны көрнекілік арқылы көрсетуге тоғыстыруды талап ететін оқушылардың назарын оқу тақырыптарының неғұрлым маңызды аспектісіне аудару, сабақтың мазмұнын өмірмен, қоғамның қажеттіліктерімен, оқушылардың жеке өмірлік тәжірибелері және қызығушылықтарымен тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету.
Осыған орай сабақтың кез келген бөлімінде онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі- Kahoot қосымшасын пайдалану тиімді. Kahoot қосымшасы арқылы оқушылардың білім деңгейін оперативті түрде тексеруге болады. Оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады. Kahoot — әр түрлі платформалар арасындағы қайышылықты сынып ішінде шешкен сервис болып табылады. Ол арқылы көптеген тест тапсырмаларын сурет, видео жасау мүмкіндігі бар. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, тест өткізу үшін интернетке қосылу керек. Бұл сервис арқылы сондай-ақ сайыс өткізуге болады. Мысалы мұғалім компьютері арқылы бір мезетте бір тесті әртүрлі гаджеттермен қатыстыра аласыз.
Тағы бір көпфункционалды интернет-аспабы –Coogl диск
Google Drive - файлдардың сақтық көшірмесін жасауға және олармен кез-келген құрылғыда жұмыс істеуге арналған қауіпсіз сақтау орны. Сіз басқа пайдаланушыларды кез-келген файлдар мен қалталардағы мазмұнды көруге, өңдеуге немесе оларға түсініктеме беруге шақыра аласыз.
Google Drive көмегімен не істеуге болады:
• файлдарды қауіпсіз сақтауға және кез-келген құрылғыда ашуға;
• жақында ашылған және маңызды файлдарды жылдам табуға;
• аттары мен мазмұны бойынша файлдарды іздеу;
• файлдар мен қалталарды бөлісу, сондай-ақ оларға қол жеткізу параметрлерін орнату;
мазмұнды оффлайн режимде қарау;
• файлдармен маңызды әрекеттер туралы хабарлама алуға;
• құрылғының камерасын пайдаланып қағаз құжаттарды сканерлеу.
Қорыта айтқанда, сандық білім беру ресурстары арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет