Биология кафедрасы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет60/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Исаев Ғ.И., Халикова Г.С., Алпамысова Г.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент, 2017.
2. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
3. Дуйсебекова А.М., Сейтметова А.М., Жылысбаева А.Н., Тойжигитова Б.Б., Ибрагимова Д.И. Білім сапасын диагностикалау дайындығын қалыптастыру. Шымкент, 2019.
4. Аяшев О.А., Қадірбаева Р.І., Тілеуова С.С. Жас ұстазға 100 бағдар. Астана: Фолиант, 2016.
5. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
6. Бегалиева Р.Н., Исаев Ғ.И., Ергубекова Ж.С. Оқытудың инновациялық аспектілері. Шымкент, 2017.


Қосымша әдебиеттер:
1. Сарыбаева Ә.Х. Болашақ жаратылыстану мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруде электрондық оқулықтарды қолданудың ғылыми әдістемелік негіздері. Түркістан, 2018.
2. Элен Битэм, Рона Шарп(Аудармашы Омарова С.К.). Педагогиканы цифрлік дәуірде қайта зерделеу. Астана, 2019.
WEB сайттар тізімі:
1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru

3.http://sabaqtar.kz




11 Кері байланыстың мақсаттары мен талаптары
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:

  1. Биология пәндерін жаңартылған бағдарламамен оқытуда білімі мен білік, дағдыларын қолданады;

  2. Цифрлық білім беру ресурстарын кері байланыстың мақсаттары мен талаптарына сай қолдана біледі;
  3. Қазіргі жаңартылған білім берудің ұлттық моделіне сай оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық өзгеше әдіс-тәсілдерін практикада көрсетеді.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:


Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Жаңа формация мұғалімі болып білімімізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өттік. Осы курс бағдарламасы негізінде жеті модулді сабақта қалай ықпалдастырып пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына талдау жасауды үйрендік.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасуң сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет